Сәлем салу Аллаға серік қосуға жата ма?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Таң 05:35
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

Сәлем салу Аллаға серік қосуға жата ма?

| A | +

Ертеден келе жатқан сәлем салу дәстүрі – қазақ келіндерінің үлкенге деген сый-құрметінен туған әдептілік белгісі. "Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет" көрсеткен дана халқымыз сыйластықты әрдайым бірінші орынға қойған. Сәлем салу да осының нақ дәлелі. Бүгінгі таңда қазақылықтың қаймағы бұзылмаған оңтүстік пен батыста ғана жақсы сақталған бұл үрдісті үлкенді құрметтеудің әдемі әдебі десе де болады.

Бүкіл тіршіліктің өзегі адамның бірін-бірі сыйлауда екеніне ешкім де дау айтпайды. Бабаларымыз өмірдің қым-қиғаш қалтарыстары өте көп екенін білгендіктен, қоғамның әр мүшесінің орнын нақты белгілеп берген. Ата мен ененің орны, қайын аға мен қайын бикенің, қайын іні мен мен қайын сіңлінің, жеңгелердің, абысындардың басқа да туған-туысқандардың орны қазақтың жазылмаған жүріс-тұрыс заңында анық белгіленген. Әдет-ғұрыптар өзіндік бір ереже тәріздес. Келіндер үлкендермен сәлем салу арқылы амандасады. Қолын төмен салып екі қолын қиыстырып, тізесін сәл бүге иіліп сәлем жасайды. Келіннің сәлем беруі, ең алдымен, алдыңдағы адамды құрметтейтінін білдіреді. Сол арқылы сәлем берген адамына жақсы көңіл-күй сыйлайды. Сондықтан риза болған адам сәлемді қабыл алып «бақытты бол», «үбірлі-шүбірлі бол» деген секілді тағы басқа тілек айтуы абзал. Басқа кісілер, қайындары, абысын-ажындары өздерінше жауап беретін болған.

Сәлем салу, ең алдымен, үлкендерді сыйлау үшін пайда болған ғұрып. Келіндерге сәлем салдыру қоғам мүшелеріне өздерінің қоғамдағы алатын орнын есінен шығармасын деген есеппен жасалынған.

Сәлемді тек әйел баласы ғана жасайды. Әйелдердің бәрі де біреудің мәпелеп өсірген қызы. Қазақ болмысында қыз баланы ерекше көрген. Еркелетудей еркелете жүріп, жалғыз болса ұл балаша киіндіріп еркекшора етіп өсірсе де уақыты келгенде оған болашақта басқа елге келін болып баратынын, ана болатынын көбінесе көңілін қалдырмай ыммен білдіріп, керек кезінде ауызба-ауыз әңгіме үстінде де түсіндіріп отырған.

«Қыз жат жұрттық», «Қыз қонақ» екенін әсте естен шығармайтын болған. Егер біреу қыз баланы байқамай, ренжітер болса, ол адамды «немене, қыздың қонақ, жат жұрттық екенін ұмыттың ба» деп тыйып тастайтын.

Келіннің иіліп сәлем салу тақырыбы жұрт талқысына түскен кезде, неше түрлі ой-пікір айтылады. Бірі "дұрыс" дейді, енді бірі "бұрыс" дейді, "ескіліктің сарқыншағы", "Алла Тағалаға серік қосуға жатады" деп те айтып жатады.

"Келіннің сәлем салуы шариғатқа қайшы ма?" деген сауалымызға белгілі исламтанушы-ғалым Қайрат Жолдыбайұлы жауап берді.

"Әрбір амал ниетке байланысты. Жалпы, құрмет ниетімен сәлем салу ширк амалына жатпайды. Сәлем салу атауының өзі біреуге табыну немесе құлшылықты емес, амандасуды білдіріп тұр. Иіліп сәлемдесуге ешбір танымал ислам ғалымы "ширк" деп үкім шығармаған", — дейді  исламтанушы

Айтуынша, құрмет ниетімен иілудің Аллаға серік қосу яки харам емес екендігін сахих хадистермен дәлелдеуге де болады.

"Мәселен, Исламда тақуа яки сыйлы, қарт кісіге құрмет көрсету ниетімен қолын сүюге рұқсат бар. Сахабалардың пайғамбарымыздың, тіпті бір-бірінің қолдарын сүйгендігі жайлы көптеген сахих хадистер бар. Қол сүйетін адамның кісі алдында бел бүгіп, иілетіні сөзсіз. Ал мұндай иілуге ешбір ислам ғұламасы "ширк" яки "харам" демеген. Егер жалпы иілу харам болғанда қол сүю арқылы құрмет көрсету де харам болар еді. Сөз түйіні, құрмет ниетімен сәлем салу исламда харам яки Алла Тағалаға серік қосуға жатпайды. Бұл – қазақтың әдет-ғұрпы. Діни міндет те емес", — деді Қайрат Жолдыбайұлы.

Ол қазақ келіндерінің ешбірі табыну мақсатында сәлем салмағанын атап өтті. Сондықтан ғасырлардан бері жалғасын тауып келе жатқан бұл үрдісті ширкке балап, елдің шырқын бұзу әсте дұрыс емес деп санайды.

"Тағы бір қаперге алатын жайт, келіннің ата-енесі мен сол әулеттің үлкендеріне құрмет көрсетіп, ізет білдіруі – тек қана сәлем салумен өлшенбейді. Оның жеке басының имандылығы мен бойындағы басқа да адамгершілік қасиеттерін басты назарда ұстаған жөн", — деді исламтанушы-ғалым.

Сәлем салуды ізет көрсетудің белгісі немесе ескіліктің сарқыншағы деп санау – ол әркімнің жеке шаруасы. Ал біздің айтарымыз, сәлем салудың түпкі мән-мағынасы – әдептілік. Еліміздің әр өңірінде бұл дәстүр әрқилы орындалса да, ең бастысы әрі маңыздысы – сәлем салудағы шын ниет.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. https://sputnik.kz/society/20190111/8829480/salem-salu-dastur-qazaq.html

2. https://adyrna.kz/post/12410       

           

Рахимбаев Самат, 

Ар-Рахим мешітінің ұстазы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Білім - жүректі надандықтан құтқаратын нәр Ихсан ілімінің мәні

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Имам және интернет
Интернет, оның ішінде әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бөлшегіне айналғалы қашан. Кеше ғаламтор ойын-сауықтың бір түрі болса, бүгінде қажеттілік деңгейіне көтерілді....
Қоғам 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
30 тамыз – еліміздің әр азаматы үшін айтулы күн. Бұл – баршаға ортақ мереке – Конституция күні. Елдің Ата Заңы, мемлекеттің нышаны мен рәміздері – әр адамның қасиет тұтар құндылығы....
Қоғам Ертең Жалпыұлттық аза тұту күні
Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауы – еліміздің басына түскен ауыр сынақ, барша Қазақ елінің қабырғасын қайыстыруда...
Қоғам Қажымұқан ЕЛЖАН: Қазақша шапан – ұлттық құндылығымыз
Соңғы кездері ұлттық нақышта тігілген киімдердің сәнге айналып, оны Наурыз секілді мерекелерде ғана емес, жәй күндері, тіпті жұмысқа кию үрдісі қалыптасып келеді. Көбіне әйелдердің ою-өрнекті, көз тартар көйлектері әлеуметтік желілерде де, дүкендерде де бірден көзге түседі. Ал ер-азаматтар көбіне өз...
Қоғам Жыл бастауы дүркіреп наурыз келді
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2021 жылы атқарылатын жұмыстардың жеті бағытын бекіткен болатын. Соның ішінде дін мен дәстүр сабақтастығына ерекше көңіл бөлініп, аталмыш бағытты кеңінен насихаттау қарастырылғаны...
Қоғам Алғыс айту – асыл қасиет
1 наурыз – елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылық білдіреді. Шуақты көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ хал...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Таң 05:35

Имсакқа дейін 01:04

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi