Бірінші сәуір жайлы
Мұсылман адам тобырдың артынан ере бермейді. Ол бір іс-әрәкетті басқалардың жасап жатқандығы үшін ғана жасай бермейді. Ол – ойлана білетін, өз уақытын дүниеде де, ақыретте де ешбір пайда әкелмейтін ұсақ-түйекке жоғалтпайтын адам.
Хадисте айтылғандай:
«Адамның Исламдағы көркемдігінің бірі – оның пайдасыз нәрселерден бас тартуы». (Тирмизи)
«Рас тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне солар мүлде кәперсіздер». (Құран, 7 сүре, аят 179).
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.