Дәулен ШАЙЗАТОВ: Бала тәрбиесі
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Аср 14:43
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

Дәулен ШАЙЗАТОВ: Бала тәрбиесі

| A | +

Асыл дінімізде бала тәрбиесі жайында насихаттар көп айтылса, пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) өз дәуірінде сол насихаттарды іс жүзінде үлгісін көрсетті. Мысалы, қызы Фатима (р.а.) босанып, немересі Хасанды алғаш көргенде, Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) оның үстіндегі сары жаялығын шешіп, ақ жаялыққа ораған. Бұл әр бала өз жынысына сай түспен киінуі керек дегені еді.  Алла Елшісі  (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) сәби туылғанда сүйінші бергенді ұнататын. Өзінің ұлы Ибраһим туылғанда, сүйінші сұрап келген Әбу Рафиға сый-сияпат тарту еткен[1]. Жаңа туған сәбиді құшағына алып тұрып, игі дұға тілейтін, сосын құрманың сөлін таңдайына жағып, алғашқы дәм таттыратын болған[2]. Абдулла ибн Аббас (Алла одан разы болсын) бала туылғаннан кейін жетінші күні ат қою, сүндетке отырғызу, егер қыз бала болса құлағын тесу, ақиқа құрбанын шалу, шашын алу, алынған шаштың салмағындай алтын немесе күміс садақа беру амалдарын жүзеге асыру сүннет екенін мәлімдеген. Осылайша Алла Елшісі (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) балаларға тәрбие беруде өзінің жомарттығымен, мейірімділігімен, бойындағы ізгі қасиеттерімен барлық адам баласына өнеге болды.

 

Алла Тағала Құран Кәрімде «Ей мүміндер! Өздеріңді және үй-іштеріңді (жанұяларыңды) тозақ отынан қорғаңдар!»[3] - деп бала-шағамызға имандылықты, дінді, адами құндылықтарды және де көркем мінез-құлықты үйретуді ескертсе,  Алланың елшісі (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) «Әкенің баласына жақсы тәрбиеден артық берер сыйлығы болмас»[4] – деп ұрпағымызға берер сыйлығымыздың ең үлкені зәулім сарай, қымбат көлік, көп қаражат емес, жақсы тәрбие екенін меңзегенін түсінуімізге болады. Тіпті бұл жақсы тәрбиені әкеден қалған мұраға теңеп Пайғамбар (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) хадисінде: «Әке баласына жақсы тәрбиеден артық мирас қалдыра алмайды» деген[5]. Ардақты Елші (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) адамдардың жауапкершілігі жайында соның ішінде  тәрбие турасында былай деген: Ибн Омар (Алла одан разы болсын): «Алла Елшісінің (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын): «Әр қайсыларың бақташысыңдар және (барлықтарың) қоластындағыларың үшін жауаптысыңдар. Ел билеуші бір бақташы және қоластындағылары (халқы) үшін жауапты. Ер адам жанұясының бақташысы және солар үшін жауапты. Әйел ерінің шаңырағы мен бала-шағасының бақташысы және сол үшін жауапты. Қызметші де қожайынының дүние-мүлкінің бақташысы және сол үшін жауапты. Қысқасы әр қайсыларың бақташысыңдар және қоластындағыларың үшін жауаптысыңдар»,- деп айтқанын естідім - деген[6].

 

Дана халықтың ұрпаққа берген тәлімі

 

Дана қазақ тоғыз ай құрсақта көтерген сәбиді шілдеханамен қарсы алып, тербелген тал бесікке салған. Бесік жырымен әлдилеген, алақанға салып аялаған[7]. Біздің бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріп, «Беске келгенше балаңды хандай ұста, он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалай отырып, ұлттық сананы да бере білген. Қазаққа тән  ұлттық сана дегеніміз ол - әдептілік, бауырмалдық, қонақжайлылық, еңбекқұмарлық сияқты жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, ұрлық, қиянат жасау, үлкенді сыйламау секілді жаман әдеттерден сақтану еді[8]. Ұрпағымен мың жасайтынын түсінген   халқымыздың бір ерекшклігі – тәрбиеге үлкен мән беруінде. Өйткені, бүкіл салт-санасы, әдет-ғұрпы, ертегі-аңыздары, мақал-мәтелдері, жыр-термелері, ойын-сауығы, жұмбақтары мен жаңылтпаштары – барлығы да айналып келіп тәрбиеге тірелген. Себебі, тәрбиелі ұрпақ – ата-ананың мақтанышы, елдің ертеңі. Кез келген халықтың болашағы, оның өміршеңдігі рухани қайнардан сусындаған, ұлттық рухы кемел, жақсы тәрбиеленген ұрпақтың қолында.[5]

 

Бала тәрбиелеу тәжірибесінен

 

Әр елде бала тәрбиелеудің әртүрлі тәсілдері мен жолдары бар.

 

Жапонияда: сәбилерге 5-6 жасқа дейін барынша ерік беріледі. Олардың сындырғанына, бүлдіргеніне, артық та орынсыз айтқан сөздеріне ешқандай назар аударылмайды. Сол сағатында тәрбиелейміз, жөнге саламыз деп шаршап, шалдықпайда, жүйкесін жұқартпайды.

Тек әрбір бала 5-6 жастан асқан соң оларға басқаша талаптар қойылады. Себебі, ақыл-есі бар балалар ол талаптың керектігін, мән-маңызын түсіне алады.

 

Қытайда: біздің жыл санауымыздан бұрын қытайлық данагөйлерден қалған бір өсиет: «Бір жылдық ғұмырың қалса, дәнді дақыл себіңіз, он жылдық ғұмырың болса, жеміс ағаштарын отырғыз, ал егерде бір ғасырлық өмірің болса, онда оны бала мен жастарды тәрбиелеуге арна».

 

Римде: осындағы психология институттарының бірінде жасалған тәжірибе қорытындысы: «Баланың болашақтағы қызмет мансабы 2-3 жасынан-ақ қалыптасады». Яғни, дүние есігін ашқан сәттен бастап сәбиіне еркіндікті, мейірім мен махаббатты мейлінше көп берген отбасының балалары қызметтік өсу жолында кедергілерге аз кезігеді. Өзіне деген сенімділігі мықты бала кез келген қиындықты мойымай көтеріп, алға қарай ұмтыла түседі. Керісінше, қатал тәрбие мен шектеулерді отбасында көп көрген баланың өмірлік жолы ауыр болады, тіпті, олар кейде ішімдікке салынып, қаңғыбасқа да айналып кетеді. Рим психологтары осы орайда әрбір баланың сенімділігін арттыру арқылы оның болашағына үлкен үлес қосуға болатынын айтады.

 

Қазақ даналығы: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла, он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан кейін досыңдай сыйла».[9] – деп  бала тәрбиелеудегі өзіндік тәжірибелерін көрсеткен.

 

Жалпы баланың тәрбиесіне әсер ететін төрт фактор бар:

- Отбасы;

- Сыртқы орта («көше»);

- Мектеп;

- Қоғам және жалпы қоғамдық мәдениет.

 

Демек, бала тәрбиесі ата-ананың, мектептің, қала берді жалпы мұсылман қоғамның ортақ ісі[10]. Жаратушы Хақ Тағала мұсылмандардың ізгі істерде әрдайым тізе қосып, бірге жүзеге асыруларына үндеп былай дейді:  

 

«Ізгілік пен тақуалықта бір-біріңе жәрдемдесіңдер! Ал күнәлі істерде һәм дұшпандық жасап, шектен шығуда бір-біріңе болыспаңдар»[11].

 

Осылайша баланың тәрбиесіне ел болып, қоғам болып үлес қосу міндетіміз. Себебі, адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталатыны мәлім. Адамгершілік негізі – имандылық пен ізеттілікте.  Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған Сондықтан болса керек ел ішінде «Ұлды отыз үйден, қызды қырық үйден тыю» деген сөздің таралуы.

 

Жалпы балаға әсер ететін құбылыстар әр түрлі болғанымен алғашқы тәрбиешісі, ұстазы – ата-ана. Халқымыз: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Аталарымыздың «Ережеден өнеге артық», «Сөзіңмен мазалама, ісіңмен көрсет», «Сөз шақырады, ал үлгі қызықтырады» деген қағидаларды жадымызда сақтаған жөн. Сондықтан жақсы мен жаман  әдеттеріміздің  бала тәрбиесіне ықпалы зор[7]. Ардақты елші (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) бала тәрбиесіне ата-ананың бей-жәй қарамау керек екені турасында  «Баланы жақсылап тәрбиелеу баланың әкесіндегі ақыларынан»[12], «Балаларыңа ізет етіңдер, оларды әдепті, тәрбиелі етіп жетілдіріңдер!»[13] десе, пайғамбар сөзінен нәр алған дана халқымыздан  «Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала», «Жақсы ұл – көңіл тоғы, жаман ұл – мұрын боғы», «Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы.» - деп қанатты сөз қалдырған.

 

Сөзімізді қорытындылайтын болсақ әр қоғамның келешегі ұрпақ тәрбиесімен тығыз байланысты. Балаларымыз иманмен сусындап парасатты, ізгі тәрбиелі болса текті тәрбиенің жемісін көрсетеді. Мұндай ұрпақ, көздің қуанышы, жанның жұбанышы болмақ. Ал, қашан діннен жырақтаса құмар ойын, есірткі, ішімдік секілді теріс қылықтарға ұрынары ақиқат. Ел болып ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлер болсақ мемлекетіміздің мерейі үстем, біздердің екі дүниеде де жүзіміз жарық болмақ. Себебі, Ардақты елші (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын): «Баланы тәрбиелеу мол садақа беруден де артық сауап»[14] – деген. Алла Тағала ұрпағымызды иманды, тәрбиелі, білімді, намысты болуын нәсіп етсін!

 

Дәулен ШАЙЗАТОВ,

"Фатима" мешітінің наиб имамы

 

[1] Ибн Абдил-бирр, Әбу Омар Юсуф ибн Абдиллаһ ибн Мұхаммед (қ.ж. 463), әл-Истиаб фи марифатил-асхаб, Каир, 1328, ј.

[2] Муслим,

[3] Тахрим сүресі 6-аят

[4] Имам Тирмизи

[5] Kazislam.kz

[6] Имам Бұхари

[7] Қ. Бағашар. Исламдағы бала тәрбиесі. Көкжиек. Алматы-2020.

[8] Nurly. Koksu

[9] Infourak.ru

[10] Akmechet.kz

[11] Мәйда сүресі, 2-аят

[12] Бәйһақи

[13] Ибн Мажә

[14] Тирмизи

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ПАЙҒАМБАР һәм МӘДЕНИЕТ Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #23

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Исламдағы отбасы Ақ сақалды әкеңді, ақ жаулықты анаңды жылатпа!
Әке мен ана – өміріміздің мәні де сәні осы жандар. Әрқайсысының орны ерекше құрметті. Алайда, бізді өмірге әкеліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, өз махаббатын сыйлап, қорғаштап өсірген, әр жетістігіне қуанып, қандай жағдай болмасын «менің балам алтын» деп, демеу берген ата-ананы етегі т...
Исламдағы отбасы Ұлы тұлғалардың ұрпағына насихаты
Жақсы тәрбиенің нәрімен сусындап өскен ұл-қыз – ата-анасының мерейі.
Исламдағы отбасы Баланың қарилыққа қадамы басталатын орталық
Бір күні құрбым әңгіме арасында Алматыдағы Байкен мешітінде балаларға Құран үйрететін орталық барын айтты. Шыны керек, елең ете қалдым. Бұрын-соңды естімеген едім. Іштей қуанып, орталық туралы сұрай бастадым. Құрбым азды-көпті ақпарат берді де, Instagram желісіндегі парақшаны көрсеттім. Жазбаларын қ...
Исламдағы отбасы А.ТІЛЕУБЕРДИЕВ: «Қызым – үйде, қылығы – түзде...»
Қазақ халқы қыз тәрбиесіне аса мән берген. «Қызым – үйде, қылығы – түзде» деген тәлімді тұжырым айтқан бабаларымыз болашақ ананың жүріс-тұрысына, әдебі мен қылығына, тәрбиесіне көңіл бөлген. Өйткені, «қыз қылығымен сүйкімді» деп түсінген....
Исламдағы отбасы Адал ас және арлы ұрпақ
Алла Тағала жердің асты мен үстінде сансыз нығметтерді жаратып, адам баласының игілігіне тарту еткен. Адамзат Хақ Тағала тарту еткен нығметтерді игілігіне жарату барысында бұлардың мүбаһ болуына мән беруі қажет. Алла тыйым салмаған нығмет халал болып табылады. ...
Исламдағы отбасы Отбасындағы өзара үйлесім
Шаңырақ көтеретін кезде жұбайлар бақытты отбасы құрамыз деген үмітте болады. Бір-біріне қуаныш пен қайғыны тең көтереміз деп уәде береді. Қасымда ет жақын адамым ғана емес, менің өмірлік тірегім, көмекшім бар деген сенімде болады. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:43

Ақшамға дейін 00:16

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi