ФАНАТИЗМ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:45
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

ФАНАТИЗМ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

| A | +

Фанатизм латыншадан аударғанда  (fanaticus – құрбандық) жеке адамның белгілі бір сенімдерге деген, басқа ешқандай баламаны қабылдамайтындай болып қалтқысыз берілгендігі, бұл оның іс-әрекетінде және басқалармен қарым-қатынасында айқын көрінеді.

Фанатизм сол сенім жолында құрбан болуға дайындықпен астасады; бір идеяға берілгендік басқа пікірдегілерге төзбеушілікпен қараумен, ортақ мақсатқа жетуге кедергі болатын әдеп нормативтерін елемеушілікпен ұштасады.

 Психологияда фанатизм — топтың психологиялық феномені. Бір-біріне тәнті болудан қолдау табатын фанатиктер үшін көтеріңкі эмоциялық, өздерінің көзқарастарын қуаттайтын кез келген ақпаратқа талғамай қараушылық, тіпті тілектестік тұрғыдағы сынның өзін қабылдамаушылық тән деген сипаттама беріледі.

Ресейлік зерттеуші В.В. Ким «фанатизм» ұғымының этимологиясына қатысты көзқарастарды зерттейді.  Зерттеуде фанатизм ұғымының ежелгі Римдегі Кибел Құдайы культінен бастау алатындығы айтылады. Бұл культтің діни қызметкерлерін фанатик деп атаған, себебі діни құлшылықты  жүзеге асыру барысында Кибела қызметшілерінен құдайларына толық мойынсұну, өзін-өзі экстатикалық күйге келтіру талап етілген. Кибела құдайына берілгендігін дәлелдеу үшін неофиттер бір-біріне қан жарақаттарын салып, өздерінің жыныстық мүшелерін кесіп тастауға дейін барған. 

Фанатизм, мәні бойынша, оның әлеуметтік іске асуының жағымды мақсаттары мен салдарына қарамастан, жағымсыз құбылыс деп анықталады. Әрдайым бір нәрсе (идея, жоғары мақсат және т.б.) немесе біреу (көшбасшы,  сүйікті адам және т.б.) үшін пайда болатын фанатизм жойқын потенциалға ие, өйткені аталған «жоғары құндылық» үшін ол сөзсіз басқа (көбінесе - жат) құндылықтарды жояды, яғни «жалғыз дұрыс жол, «жалғыз мүмкін шындық», «жалғыз көшбасшыны» ғана мойындау басқаны жоққа шығаруға әкеледі.

Сондықтан фанатизм әрдайым агрессивті, толеранттылыққа жат басқа дінді, басқа ойды, келіспеушілікті және т.б. құрметтеуге бейім емес. «Фанатизм» ұғымын сипаттауға тырысып, зерттеушілер ең алдымен діни фанатизм мысалына назар аударады, бұл таңқаларлық емес, өйткені көбінесе дәл осы дінде көптеген ғасырлар бойы фанатикалық сенім әлеуметтік-антропологиялық құбылыс ретінде пайда болып, көбейіп отырған.

Сонымен қатар фанатизм қоғамда жағымсыз рөл атқаруы мүмкін. Қақтығыс процесінде фанатизм күштің және қарудың қолданылуымен тоқтамайды, сенімнің, дәстүрдің және басқалардың «тазалығын» сақтайды, фанатизм әртүрлі сенімдерді, басқаша ойлайтындарды немесе басқа жақтан келгендерді жек көрумен қоса, жойып жіберуге дайын болады.  Фанатизм физикалық зорлық-зомбылыққа жүгіне отырып, қоғамды тұрақты және үнемі кеңейіп отырған қақтығыс жағдайына алып келеді. Осындай жағдайда қоғам мүшелері үшін қақтығыстан шығудың жолы әрине қиын.

Діни фанатизмнің тағы бір көрінісі ретінде діни радикализм қарастырылады. Діни радикализм - бұл белгілі бір діни дәстүрлердің шеңберінде пайда болған, содан кейін негізгі доктринаны сынау және қарсы тұру арқылы одан бөлініп, өз көзқарастарын ымырасыз түрде соңғы логикалық және практикалық тұжырымдарға жеткізуге ұмтылатын идеология. Діни радикализмнің қайнар көзі - харизматикалық (рухани) көсемге табынушылық болып табылады.

1970 жылдары діни радикализм идеяларын Иса қозғалысы дамытты және оның бұтақтары барлық елдерге тарады. Бұл қозғалыстарды зерттеген ғалымдар олардағы шектен шыққан фанатизмді көріп, сектанттық ағымдар деп атаған болатын. «Егер ұйымда төменде аталған мінездемелер болса, онда оларды сектаға жатқызуға болады:

- ілімдерінің екіжақтылығы (сектада ашық таралатын, қоғамға, ұйымның қатардағы мүшелеріне арналған ресми ілім және тек ұйым басшылары мен көшбасшыға белгілі құпия ілім );

- қатал иерархиялық ұйымдастырылу (секта басшылыры, қатардағы адептер, неофиттер);

-ұйым басшылары адептер мен неофиттерге агрессиялық манипуляция әдісін қолдану арқылы олардың тұлғалық еріктерін бақылауға алады;

-ұйымның адептерімен қоса ұйымға мүше еместерге де физикалық, моральдық және материалдық зиян келтіреді.

Сектанттық фанатизмнің тағы бір көрінісі ретінде ғалымдар радикализм ұғымын кіргізген. Ғылымда діни радикализмнің келесі түрлері ажыратылады: жалпы діни радикализм; діни-этникалық радикализм; діни негіздегі саяси радикализм .

Діни радикализмнің өзі рухани лидердің айналасында қалыптасатын шағын және жергілікті топтарда көрінеді және олардың мақсаты ретінде, әдетте, эсхатологиялық мазмұнға ие әлеуметтік-діни жобаны жүзеге асыру көзделеді. Мысал ретінде 2008 жылы Пенза маңындағы үңгірде сыртқы әлемнен өздерін жауып, әлемнің ақырзаманының жақындағанын күтіп  әйгілі болған Петр Кузнецовтың ізбасарларын айтуға болады. Мұндай радикализмге «тыныштық» тән, өйткені харизматикалық лидер қоғамды ірі сілкіністер мен саяси наразылықтарға шақырмайды. Соған қарамастан, бұл тип үлкен деструктивті әлеуетті қамтиды, өйткені ол қоғам үшін маңызды құндылықтар мен көзқарастарға күмән келтіреді және өз кезегінде адамдарды заңсыз әрекетке итермелейтін әлеуметтік және діни фанатизмнің ұйытқысы ретінде қызмет етеді. Өз кезегінде бұл дінді ұстанушылар альтернативті әлеуметтік-діни жобаны жүзеге асырады. Олар отбасынан бас тартады, ресми шіркеуден қарым-қатынасты үзеді, мемлекеттік білім беру мен емделуден бас тартады, ресми құжаттарды пайдаланудан бас тартады, өндірістік өнімдерді пайдаланбауды құптайды (әсіресе штрих-кодтар). Мұндай діни топтарда алғашқы қауымдық кезеңдегі сияқты қарапайым шаруашылықпен айналысады, отбасында немесе коммунада патриархалдылыққа мән береді, рухани көсемге табынушылық және эсхатологиялық ілім шеңберінде ойлау орын алады. Бұндай діни ағымдарға «Тиберкуль экологиялық тұрғынын» құрып және дамытып отырған Соңғы Өсиет Шіркеуін және дәстүрлі неке мен  отбасы институтын жоққа шығарып, оның орнына «жаңа отбасы» құруға ұмтылатын Сон Мён Мунның Біріктіру шіркеуін жатқызуға болады.  90 жылдары Қазақстанда дінді жамылған жаңа діни топтардың ішінен де   «Ата жол» немесе «Ақ жол» - солардың қатарында. Ата жолдың басында тұрған «абыздар» адамдарды әртүрлі аурудан сақтап қалуға, қиыншылықтарға төтеп беруге және үлкен жетістіктерге қол жеткізулеріне уәде берген.

Ал Фархад-ата діни ілімнің негізін салушы өзін «емші» деп жариялап, науқастарды емдеумен айналысудан кейін өзін жұмаққа апару үшін адамдарды зұлымдықтан құтқаруға келген құдай ретінде жариялады. Ол «әруақ қонған» сәттен бастап жер бетіндегі әрбір науқас туралы білетінін және ем ретінде “Фархад басқарып отыратын күннің энергиялық шуақтары” деп аталатын әдіс ұсынатындығын жария етті. Секта ұстанушылары Фархад пен оның әйелін «Адамзаттың шынайы ата-анасы» деп атайды. Олар әлемдік діндерді жоққа шығарып, Құран, Библия және басқа да киелі кітаптарды отқа жағуға шақырады.

Фанатизмнің тағы бір көрінісі діни фундаментализм. Фундаментализм - бұл қазіргі қоғамда болып жатқан жаһандану және зайырлану процестеріне деген саяси реакция.

Ислам фундаментализмінің теориясы мен практикасы алуан түрлі, бұл ағым исламның сунниттік және шииттік бағыттарына тән. Кейбір мемлекеттерде фундаменталистер өздерінің идеологияларын, атап айтқанда, Иран Ислам Республикасында басым деп қабылдауға қол жеткізді. Басқа бірқатарында фундаменталистік қозғалыстар қолданыстағы зайырлы немесе дәстүрлі мемлекеттік институттарға қарсы әрекет етеді, ал терроризм белгілі фундаменталистік топтармен күрес әдісі ретінде қолданылады.

Діни экстремизм - бұл белгілі бір діни идеологияға және белгілі бір доктринаны түсіндіру туралы өте радикалды және фундаменталистік көзқарастарды ұстанумен ерекшеленетін конфессияларға, топтар мен ағымдарға жататын адамдарға тән.

Осы мәселені зерттеуші Ю. Ахромеева діни экстремизмнің интеллектуалды, саяси, психологиялық, діни, әлеуметтік және саяси себептері болуы мүмкін екенін ескертеді. Ол діни экстремизмнің дамуы мен таралуының себептері «адамның өзінен, оның отбасы мүшелерімен, туыстарымен қарым-қатынасынан болуы мүмкін, экстремистің ішкі әлемі мен қоршаған қоғамның арасындағы қайшылықтардан, сенім мен мінез-құлық, идеалдар мен шындық, дін мен саясат, сөздер мен істер, армандар мен нақты жетістіктер, зайырлы және құдай». Сонымен қатар, діни экстремизмнің себептері «діннің мақсаттары мен мәнін толық білмеу, оның ішкі жүйесі мен мақсаттарын дұрыс түсінбеу, фанатизмнің төзімсіздігі мен қатыгездігі болуы мүмкін, бұл экстремистке тек өзінің жеккөрушіліктерін соқыр түрде ұстануға мәжбүр етеді және айналасындағы адамдардың мүдделерін ескеруге жол бермейді. Объективті жағдайлар, тыйым салулар мен шектеулерді қалау, діни мінез-құлықтағы ашкөздік пен үнемі шектен тыс болу және басқаларды да солай етуге мәжбүр ету тенденциясы».

Қазақстандық ғалымдар «діни экстремизмнің заманауи түрлерінің бірін деструктивті сипаттағы дәстүрлі емес діни ағымдар мен культтер деп атаған жөн» деп атап көрсетті, өйткені «олар өздерін дәстүрлі дін формаларына, қолданыстағы мәдениеттің құндылықтары мен нормаларына қарсы тұрады.

Барлық ғалымдар экстремизмнің шарықтау шегі терроризм екенін атап өтеді. Жалпы лаңкестік, терроршылдық — саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әркет.

Ислам дінінің атын жамылған терроризмінің толқыны Еуропаның жағалауларына 1990 жылдардың екінші жартысының ортасында жетті. Францияда 1994-1995 жж Алжир исламдық қарулы тобы шабуылдады. Германияда, Гамбургте 1998-1999 жж. радикалды шетелдік студенттер тобы пайда болды, олар кейінірек Ауғанстанда орналасқан Аль-Каида құрылымының бір бөлігі болды. Бүгінгі күнде де терроризмнің қауіпі бар екендігін ескере келе, олардың алдын-алу мен тиімді күрес жүргізуде ұтымды шаралар мен жұмыс жоспары тиісті деңгейде жүргізілу қажеттігін ескеруіміз қажет.

 

 

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі

басқармасының жанындағы «Кеңес

беру және оңалту» орталығының

дінтанушы маманы Жетпісбай Н.Ж.

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
БІРЛІК - БЕРЕКЕ БАСТАУЫ ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ МҰСЫЛМАН ЭТИКАСЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат ТӘРБИЕ-БІЛІМ ҰСТАЗДАН ДАРИДЫ
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барша мадақ-мақтаулар күллі әлемді жоқтан бар еткен Жаратушы иеміз Алла Тағалаға тән. Ардақты, ұлы ұстазымыз хазреті Мұхаммедке (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сансыз салауаттар мен сәлемдер болсын....
Пайым-парасат ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ-ТИЫМДАРЫНА ҚЫРЫН ҚАРАП ЖҮРГЕН КІМДЕР?!
Әсілінде ырым-тиымдар халықтың өмірінен алынған тәжірибелік тұжырымдардан туындайды. Сонымен қоса олардың түп-тұқияны мен төркіні Ислам дінімен біте қайнасып, бірге жасасып келе жатқаны жалпақ жұртқа аян. Алайда, қазіргі кезде тың тұрпатта ойланатындар мен жат көзқарасты тықпалайтын мысалдар қоғам а...
Пайым-парасат Сәресінің 7 берекеті
Қасиетті Рамазан айының бір берекеті – сәресі ас ішуде. Тілімізге еніп кеткен сәресі сөзі араб тілінде «сухур» деп аталады. Ол түннің үшінші бөлігі. Бұл кездегі уақыттың өзінде үлкен мән жатыр. Өйткені дұғалар қабыл болып, Алла Тағаланың ерекше кешірімі түсетін мезгіл. Сәресі уақытында қандай береке...
Пайым-парасат Оразадағы ықылас
Ислам дінінде адал ниет, шын ықылас, қажырлы ыждағат-ынтаның орны ерекше. Бөтен пиғылды ысырып қойып, түзу ниетпен орындалған істің сауабы мол. Керісінше, ықылассыз, құлықсыз жасалған іс-амалдың сауабы да кемшін. Кейде нақты ниетсіз жасалған көп істен гөрі ықылас қойып орындалған аз істің сауап салм...
Пайым-парасат Төрәлі Қыдыр: «Егер мұсылман елдері өзін таныса…»
Қай ел болса да, дін мәселесі – ең өзекті тақырып. Өткенін танымаған, ата дәстүрін, тарихын, діни танымын жете түсінбеген ұрпақ адасқақ. Жаңбыр суы жердің қай қыртысы жыра болса, көбіне сол жерге жиналады. Мына бір тәмсілге назар салыңыз: әр адам идеал емес, кемшіліксіз пенде болмақ емес. Ал денедег...
Пайым-парасат Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Имамдар тек шариғи емес, дүнияуи де білімге ие болуы тиіс
Имамдар сауатты болу керектігі, теріс ағыммен күресетін білікті мамандар дайындау қажеттілігі – бүгінгі талап. Ағартушылық жұмыстарын жүргізу мәселесі де аса маңызды. Осы ретте біздің «Жеті рухани қазық» құжаттамамыз бар. Соның аясында имандылық, отансүйгіштік, еңбекқорлық, мәдениеттілік, ауызбіршіл...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:45

Бамдатқа дейін 04:37

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi