ИНТЕРНЕТ ИІРІМІНДЕГІ ҚҰРБАНДАР
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 06:56
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

ИНТЕРНЕТ ИІРІМІНДЕГІ ҚҰРБАНДАР

| A | +

 Интернет – бүгінгі таңда ақпараттың қайнар көзі іспеттес. Ғаламтор ғаламды шарпыған алпауыт күшке айналғалы қашан. Әлемнің кез келген түкпірінде жүріп өзге мемлекеттегі таныстарыңмен байланыс орнатып беретін де, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын да осы ғаламтор. Алайда интернеттің адам баласына тигізер әсері күн санап арта түсуде. Әсіресе, буыны бекімеген балалар мен жасөспірімдерге тигізер кесірі көбейе бастағанын байқап жүрміз. Оның үстіне, статистикалық деректер ғаламторды ересектерден гөрі жасөспірімдердің көп қолданатындығын дәлелдеп отыр.

         Бүгінде бала ата-анасын мазаламастан тыныш отырсын деген кез келген жан бүлдіршіннің қолына смартфон ұстатып қояды. Біз осылайша балаларды ғаламторға байлап беріп, сүзгіден өтпеген, талғамсыз, тіпті, зиянды ақпараттармен бала санасын улап отырғанымызды өзіміз де аңғармай қалудамыз.

         Ислам дінінің атын жамылған деструктивті діни ағымдардың өкілдері кeз келген бағыт бойынша, соның ішіндe ғаламтор арқылы да жастардың санасын улап, қоғамда іріткі салып бағуда. Қоғамға дендей eнген интернеттің, әлеуметтiк жeлінің пайдасымен қоса зияны да бар. Әлем бойынша діни ұйымдарға қосылушылардың 80%-дан астамы – ғаламтор арқылы арбалғандар. Деструктивті діни ағымдардың жастарды арбау әрекеттері осы ғаламтор ресурстары арқылы, соның ішінде әлеуметтік желілерде жүзеге асырылуда. Әсіресе олардың негізгі нысанасы әлеуметтік жағдайы мен дүниеге деген көзқарасы толық қалыптаспаған жастар болып табылады және діни сауаты жоқ, жұмыссыз жастарды еліктіріп қатарына тартады.

         Арбаушылардың айла-амалдары да ерекше. Олар құрығына құрбанын түсіру үшін көптеген құйтырқылықтарға барады. Айталық, олар әлеуметтік желілерде күндіз-түні жастарды аңдып, өмірлік көзқарастары мен дүниетанымдарын зерделеп, саналарына сан түрлі жолмен кіріп алуды көздейді. Білім-білігі таяз жас өспірімдердің назарын аудару мақсатында түрлі форматта контент ұсынады. Айталық, қазіргі күні асқан танымалдылыққа ие болған «Tiktok» әлеуметтік желісінде де меңгеріп, түрлі насихаттарын ол алаңда да жүргізуде. Бір нәрсені естен шығармау керек: түрлі контент дайындап отырған адамдар – террористік ұйымның соғыс алаңдарында жүрген содырлары емес, керісінше деструктивті дiни ағымның жақтаушылары болып табылатын өз үйінде, компьютер алдында отырған азаматтар. Міне құйтырқылықтың көкесі қайда жатыр. Қазіргі таңда сөйлесу мүмкіндігімен қатар, материалдарды шексіз сақтауға ыңғайлы «Telegram» әлеуметтік желісі де бұлардың басты құралдарының біріне айналды. Одан бөлек, «Instagram» әлеуметтік желісі де арбаушылардың ойлағанын іске асыруға қолайлы жағдай туғызып отыр. Қазіргі таңда әлемнің жартысына жуығы аталмыш әлеуметтік желіні қолданатынын ескерсек, жат ағым ұстанушылары мен жақтастарына мыңдаған тіркелушілерді әп-сәтте жинап алу сөз болмайды.

         Сонымен қатар, олар күнделікті өмірін шөл даладағы әсем көрініспен, балалардың тәтті күлкісімен, қаруларын асынып, тату-тәтті отбасылық суреттермен көрсетеді. Міне, осы сырт көзге бәрі «тамаша» боп көрінген суреттегі, бейнероликтегі өмірге әлеуметтік желідегі тіркелушілер арбалып, ақыр соңы алданып қалып жатады. Себебі, негiзінен жастар мен орта жас өкілдері көптеп отыратын бұл платформаларда деструктивті, радикалды идеялар тез таралып, өз діттеген мақсатты аудиториясына жетіп отырады. Бұған дәлел еліміздегі экстремизм баптарымен сотталғандардың көбі – нақ осы желілерде белсенді ақпараттық жұмыстармен айналысқандар. Сондықтан бүгінгі таңда ақпараттық қауiпсіздік күн тәртібіндегі ең бiр өзекті мәселеге айналып отыр. Деструктивті діни ағымдардың идеологтары ұсынатын контенттер өте әсерлі, қысқа, түсінікті әртүрлі форматта болып келеді. Радикалды діни ұйымдар түрлі тәсілмен әр санаттағы адамдарға арбау жасауда. Ғаламтор бетінде тұрмысқа шықпаған қыздарға арналған танысу сайттары белсенді жұмыс істеуде. Сонымен қатар қайырымдылық жасау, өз парақшаларында құран аяттары мен сүннет амалдары, сауда саласында жарнамалар т.б. туралы материал жариялаумен бастайды. Аудиториясын жинап алғаннан кейін өздерінің уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуді қолға алады. Олар материалдарын сапалы форматта (бірдей фон, әр материал бірдей форматта,) дайындайды. Желі қолданушыларының назарын аударатын инфографикалық және анимациялық роликтер мен көз тартарлық дизайнды қолданады. Кейбір сайттарында халықты экстремистік немесе террористік әрекеттерге шақыруды насихаттамауы мүмкін. Бірақ исламға арналған ақпарттық портал ретінде жұмыс жүргізеді. Алайда, олар шын мәнiнде халықтың дәстүрлi діни ұстанымдарын ыдыратып, мұсылмандар арасына жік салып, дінді іштей бөлшектеуді көздейді.

         Тәжірибе көрсетіп отырғандай, білімсіздік, теріс ақпарат – жастардың радикалдық ағымдарға өтіп кетуіне себепші болуда. Сондықтан да көшеде тегін таратылатын материалдар мен діни әдебиет сатуға рұқсат беретін арнайы лицензиясы жоқ сауда орындарында сатылатын кітаптарды (сараптамадан өтпеген) алмаған жөн. Елімізде күмәнді бағыттағы діни ақпараттарды тарататын сайттарға әрдайым талдау жасалып, бұғаттау жұмыстары да жасалып отырады. Күмәнді контенттің дені шетелдік экстремистік уағызшылардың лекциясы. Сондықтан елдің, ұлттың, халықтың тұтастығын сақтап қалу үшін, өздерін ғана ақылды санайтын жат ағымдардан барынша сақтану қажет. Ұлттық құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарымызды ұлықтау арқылы да, жастарды дұрыс жолдан жыра кеткен ағымдардан құтқарып қалу жолындағы бір тәсіл болып табылады. Ел бірлігi мен мемлекет қауіпсіздігіне зиян келтiретін діни ағымдардың жетегіне кетіп қалмау шараларына баршамыз атсалысуымыз қажет.

 

"Әли-Мұхаммед" мешітінің наиб имамы

Шамақ Әбдімит Нәметжанұлы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ДІН МЕН ДӘСТҮР - ТҮБІ БІР ЕГІЗ ҰҒЫМ БІРЛІК - БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам БІРЛІК - БЕРЕКЕ БАСТАУЫ
Тумысы туралықтан, тамыры тектіліктен ажырамаған әрбір ұлт бейбітшіліктің бесігінде тербелгенді құп көреді. Тыныштығын ұрлатып тұралап қалған елдер қаншама?! Қаншамасы зеңбірек үнінен мез-зең болып жүр?! Қаншама сәби соғыс дейтін сұрқияның кесірінен бақытты балалық шағы мен алаңсыз өмірін алаңдаушыл...
Қоғам АҚПАРАТ
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасының  жанындағы               «Кеңес беру және оңалту орталығының» 2021 жылдың қазан айында  атқарған жұмыстары туралы ақпарат...
Қоғам ҚАЗАҚСТАНДЫҚ-ИСЛАМ БІРЕГЕЙЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ХАНАФИ МАЗХАБЫНЫҢ РӨЛІ
Елімізде Исламдық бірегейлік Ханафи мазхабының доктринасы контексінде қалыптасты, олар басымдықтар ретінде этикалық императивтерге және басқа діндер мен мәдени дәстүрлерге қатысты төзімділік орнатуды ұсынды....
Қоғам ДІНИ РӘСІМДЕРГЕ ҚҰРМЕТ
Қазақ халқының бойында  бабалардан келе жатқан өте ерекше бір қасиет бар. Ол – діни рәсімдерге құрмет. Атадан балаға жалғасып келе жатқан ең үлкен құндылықтарымыздың бірі осы болса керек....
Ислам әдебі ӨЗГЕ ДІН ӨКІЛІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Дінаралық келісімнің міндеті – түрлі дін өкілдері арасындағы өзара келісім мен ынтымақтастықты, толерантты ара-қатынасты орнықтыру. Өз кезегімізде біз дінаралық келісім сақтау арқылы діни саладағы түрлі шиеленістердің алдын алып, берекелі бейбіт өмірге қол жеткізе аламыз....
Қоғам ЖАС ШЫБЫҚ ИІЛГІШ КЕЛЕДІ...
Жалпы баланың тәрбиесіне әсер ететін төрт фактор бар. Олар: Отбасы, Сыртқы орта («көше»), Мектеп, Қоғам және жалпы қоғамдық мәдениет. Демек, бала тәрбиесі ата-ананың, мектептің, қала берді, жалпы мұсылман қоғамының ортақ ісі. Жаратушы Хақ Тағала мұсылмандардың ізгі істе әрдайым тізе қосып, біріге қи...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 06:56

Бесінге дейін 04:05

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi