ЖАС ШЫБЫҚ ИІЛГІШ КЕЛЕДІ...
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 06:56
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

ЖАС ШЫБЫҚ ИІЛГІШ КЕЛЕДІ...

| A | +

Құдіреті күшті Жаратқанның мынау мұндар дүниедегі пенде баласына тартқан ең үлкен сыйы – ол әрине ата-ана болу бақыты десек қателеспейміз. Ал сол балаға өмірлік азық болатын тәлім мен тәрбие нәрін құю – асқан жауапкершілікті талап ететіні бесенеден белгілі. Расында, ата-ананың балаға дұрыс үлгі бола алуы – игі ұрпақ тәрбиелеп шығарудың басты талабы. Сәбидің дамуындағы ең маңызды кезең оның өмірінің алғашқы онжылдығы болып саналады. Педагог-психологтардың айтуларынша баланың ақылдылық, интеллектуалдық қабілетінің 80 пайызы алғашқы жеті-сегіз жылда ашылып, жетіледі. Сондай-ақ, адамдық тұлғасының  жан-жақты және үйлесімді қалыптасуы да осы кезеңде жүреді.

Сонымен, бала тәрбиесінің басты ұстындарын былайша бөлуге болады:

Жаңа туылған нәрестеге мейлінше сүйіспеншілікпен, мейірім-шапағатпен, ыстық ықыласпен қарау керек. Алғашқы кезеңде мұның барлығын оның анасы береді. Алайда мейірімнің өзі мөлшерімен берілуі тиіс. Шектен тыс өбектеу, еркелету нәрестенің өзімшіл болып өсуіне әкеліп соқтырады.

Өзін-өзі ұстай білу, сабырлылық сезімін қалыптастыру. Қалауын орындату талабы нәрестенің бойында  алғашқы кезеңнің өзінде-ақ пайда болады. Бірақ оның ырқына көне беруге болмайды. Анасы оның еріксіз дәрет жіберіп қоюына, жылауына, қайта-қайта тамақ сұрауына шектеу қойып, ұстамдылық қалыптастыруы тиіс. Өсе келе оған әңгімелесу мен үлкендермен қарым-қатынаста ұстамды, әдепті болуға үйрету керек. Бала өзінің қалауының шектелуінің нақты, шынайы негізінен хабардар болуы қажет.

Әсіресе, балаға жалған сөйлемеген абзал. Қандай жағдайда да ата-ананың баласына өтірік айтпауы қажет. Бұл туралы мынадай хадис бар. Абдулла ибн Амир былай дейді: «Бір күні үйімізде Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) отырғанда анам: «Бері кел, бірдеңе беремін», – деп мені шақырып алды. Сонда Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Оған не бермекші едің?» – деп сұрады. Анам: «Бір түйір құрма бермекші едім», – деді. Сонда Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер ештеңе бермегеніңде саған бір өтірік жазылар еді», – деді. (Әбу Дәуіт риуаяты).

Ата-ананың жақсы үлгі болуы. Алғашқы кезеңде нәресте айналасындағы адамдарға еліктейді. Ал 5-7 жастан бастап жаман мен жақсыны ұғына бастайды. Осы уақытта оған жақсы достар керек. «Ұлың өссе ұлы жақсымен көрші бол, қызың өссе қызы жақсымен көрші бол» деп қазақ тегін айтпаған.

Жақсы білім беру. Жалпы бала тәрбиесінде ислам дінінің қайнар бұлақтары – Құран мен Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне сүйену керек. Осы негіз бойынша Жаратушының алдында жанұя үшін әкенің жауапкершілігі үлкен екендігін айта кеткен жөн.

Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деп өсиет еткен: «Адам өлгенде оның үш нәрсесінен – тоқтаусыз садақасы (мысалы, құдық, көпір, медресе) немесе пайда келтіретін білімі (таратқан білімі) немесе артынан дұға қылатын игі жақсы баласынан басқа барлық амалы тоқтайды».

Егер ата-ана нағыз шынайы мұсылман етіп тәрбиелей алса, олардың баласы Қияметте жәннат қақпасының алдында отырып: «Әке-шешем кірмесе мен де кірмеймін», – деп отырады. Ізгі ұрпақ тәрбиелегені үшін ата-анаға осы дүниеде де, ақыретте де үлкен құрмет, шексіз қошемет бар. Бірде қажылық кезінде бір әйел Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қолындағы нәрестесін көтеріп: «Мынаған да қажылық жазыла ма?» – деп сұрайды. Сонда Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған: «Иә, ол үшін саған да үлкен сауап бар», – деп жауап берген.

Жалпы баланың тәрбиесіне әсер ететін төрт фактор бар. Олар: Отбасы, Сыртқы орта («көше»), Мектеп, Қоғам және жалпы қоғамдық мәдениет. Демек, бала тәрбиесі ата-ананың, мектептің, қала берді, жалпы мұсылман қоғамының ортақ ісі. Жаратушы Хақ Тағала мұсылмандардың ізгі істе әрдайым тізе қосып, біріге қимылдауына үндейді.

﴿وَتَعَاوَنُواْ عَلَى الْبرِّ وَالتَّقْوَى وَلاَ تَعَاوَنُواْ عَلَى الإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ﴾

«Ізгілік пен тақуалықта ынтамақтасыңдар, күнә мен дұшпандықта ынтымақтаспаңдар» (Мәида, 2).

Тәрбиенің тағы бір шарты өскелең ұрпақты жастайынан аста-төк молшылыққа, үлде-бүлдеге, жырғалшыл, мамыражай тұрмысқа үйретпеу керек. Қарапайым тіршілікке, қанағатшылдыққа баулу керек. Өйткені шектен тыс рақатшылықты ортада өсу ұрпақтың әлжуаз, аурушаң немесе керенау-кердең болып шығуына апарып соқтырады.

رَوَى الإِمَامُ أَحْمَدُ عَنْ مُعَاذِ ابْنِ جَبَلٍ مَرْفُعاً: »إِيَّاكُمْ وَالتَّنَعُّمَ فَإِنَّ عِبَادَ اللهِ لَيْسُوا بِالمُتَنَعِّمِينَ«. Хадисте былай делінеді: «Жырғалшылдықтан сақ болыңдар! Шындығында Алланың құлдары жырғалшыл емес». (Имам Ахмад риуаят еткен).

Абай Құнанбайұлы айтқандай:

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын!

Қарапайымдылықта Пайғамбардан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) асқан үлгі жоқ. Оған оның (соған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жалпы тұрмысының жұпынылығы, ішіп-жем мен киім киістегі қанағатшылдығы дәлел.

Ата-ананың есейген балаларын ерте жастан еңбек етуге үйретіп, өзінің құрдасындай тұтып, кей істерде ақылдасып, кеңесіп отырғаны жөн. Сонда ғана бала өз бетімен тірлік жасауға үйреніп, алда кездесетін қиындықтардан оңай жол таба алады. Халық нақылында «Алтыға дейін бала деп көр, алтыдан кейін құлыңдай көр, он алтыда досыңдай көр» делінеді. Міне осыдан-ақ біз қазақ  халқының баланы тәрбиелеуге асқан ыждаһаттылықпен қарағанын аңғарамыз.

"Тәрбие" сөзінің өзі араб-парсы тілдерінен аударғанда «негіз, баулу» деген мағыналарды білдіреді. Демек оны білушінің білмейтінге үйретуі десек те болады. «Жас шыбық иілгіш келеді» демекші, балаға жастайынан қандай тәрбие берсек, өскеннен соң сондай боп тәрбиеленіп шығады. Сондықтан да осы бір аса маңызды кезеңде балаларымызға ұлттық құндылықтарды бойына сіңдіре отырып, өз елін шексіз сүйетін, обал мен сауапты, ар мен ұяттың таразысын тең ұстайтын ұрпақ ретінде қалыптастыруды жазсын!

 

Нысаналиев Нұрлан Ахметұлы

"Мырзахмет" мешітінің найб имамы

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ӨЗГЕ ДІН ӨКІЛІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҚҰРАН КӘРІМНІҢ ҚАДІР ҚАСИЕТІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ ТАРАЛУ СЕБЕПТЕРІ
Экстремизм түсінігі латын тілінде extremus сөзінен шыққан, яғни «шеттеу», «шектен шыққан көзқарастар мен іс-әрекеттерге жақын тұратын», соның ішінде тәртіпсіздікті өршіту әрекеті, азаматтық бағынбаушылық, террорлық акциялар, партизандық соғыс әдістері кіреді. Осындай топтардың негізгі ерекшеліктері ...
Қоғам ТЕРІС ИДЕОЛОГИЯНЫ ТАРИХИ САНА АУЫЗДЫҚТАЙДЫ
Таяу Шығыс елдерінде орын алған діни экстремистік топтардың ел ішінде ылаң салып, бүлік шығарғаны, одан қаншама жазықсыз азаматтардың жапа шеккені жайлы да естіп жатамыз. Жалпы теріс идеологияны тежеуші күш болып саналатын «тарихи сана», «тарихи жад», «ұлттық код» ұғымдарына тоқталып көрмекпіз. ...
Қоғам ЕҢБЕК ЕТ, ЕРІНБЕ
Мақаламызды «Әрекет түбі берекет» деген мақалмен бастауды жөн көрдім. Өйткені мақал қарапайым үш сөзден  тұрса да, өмірдің мәнін қамтитын мағынасы бар. Ия, адам баласы дініне ұлтына қарамай егер аянбай еңбек етер болса әрине ол еңбектің қарымын міндетті түрде көреді. Өйткені Алла Тағаланың қойған Ил...
Қоғам ЕҢБЕК БӘРІН ЖЕҢБЕК
Құран Кәрімде айтқандай әрбір нәрсе адам баласы үшін жаратылып оның әміріне берілгендей, адам үшін өз еңбегінен артық еш нәрсе жоқ. Осылайша біздерге Алла Тағала еңбек етуді бұйыруда. Бірақ та осы аятта айтылғандай дүние үшін еңбек ету, ақырет үшін еңбек ету немесе екуі үшін де еңбек ету мағынасы ба...
Қоғам ИМАМДАР ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ
Иә, қате оқыған жоқсыз. Расында да имамдар жұмыс істемейді. Әсіресе, мен танитын имамдар. Неге екенін айтпас бұрын, сәл шегініс жасайын.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 06:56

Бесінге дейін 04:20

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi