Кәміл адамның сипаты қандай?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 06:52
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

Кәміл адамның сипаты қандай?

| A | +

Барша әлем белгілі бір себеппен жаратылғаны мәлім. Адамзат сол әлемнің бір бөлшегі, демек оның да бұ дүниеге келуінде бір себеп бар. Алла Тағала қасиетті Құран кітабында «Ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы екенін сынау үшін өлім мен тіршілікті жаратқан» дей келе, адамның бұл дүниеге сынақтан өту үшін келгенін баяндайды. Сынағынан сүрінбей өткен, сондай-ақ тақуа болған құлдарына мәңгілік рахат мекені – жұмағын әзірлегенін хабардар етеді.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің имандарың кәміл болмай Жәннәтқа кіре алмайсыңдар. Бір-біріңді жақсы көрмейінше имандарың кәміл болмайды...» деп ескертеді. Демек адам баласы жұмаққа қол жеткізу үшін сынақтан сүрінбей, иманын кемелдікке жеткізіп, тақуа құлдарының қатарынан болуға тырысуы керек. Олай болса, адамның негізгі мақсаты ихсанға, кемелдікке жету болмақ.

Бабаларымыз Қожа Ахмет Яссауидің «инсан кәмил», Абайдың «толық адам» концепцияларынан олардың адамнан талап етілген осы мақсатты түсінгенін аңғарамыз. Шәкәрім Құдайбердіұлының: «Сыртыңды сыланасың өң беріп, Ішіңнің түзетпейсің қатасын» деген өлең жолдарынан да дананың шариғаттың мәнін ұғынғанын көруге болады.

Егемендікке ие болғалы дініне қол жеткізген халқымыз иман шарттарына иланды, құлшылықтың негіздерін үйреніп, шариғаттың талаптарын орындауда. Ендігі кезек осы ихсанның мәнін түсініп, кәміл адам қатарынан табылу. Осыны ескерген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарманың жұмысын 7 бағытта етіп бекітті. Жеті бағыттың бірі – рухани тәрбие Ихсан ілімі. Сондықтан алдымыздағы мақсат – қалың жұртқа осы Ихсан ілімінің мағынасы мен мәнін түсіндіріп, жеткізу.

Ихсан сөзіне Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаға Оны көріп тұрғаныңдай құлшылық қылуың. Егер оны көрмесең, Ол сені көріп тұр» - деп түсінік берген. Тілдік мағынасына келсек, ізгілік, игілік, жақсылық, жақсылық жасау, әр нәрсені кемел, көркем түрде орындау деген мағыналарға саяды.

Алла Тағала Құранда бізге: «Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан әм зорекерліктен тыяды. Сендерге насихат береді. Әрине түсінерсіңдер» («Нахыл» сүресі, 90-аят) деу арқылы ихсанды әділдікпен қатар әмір етеді. Ғалымдар әділдік дегеніміз – біреуге қатысты ақысын беріп, өзіне тек өзіне қатыстысын алу десе, ихсан – біреудің ақысын арттырып беру (ақысынан артық беру), өзінің үлесін кемдеу алу деп түсіндіреді.

Даңқты сахаба Әлиден (Алла оған разы болсын!) ихсан сөзінің мағынасын сұрағанда: «Сенімен қарым-қатынас үзгенмен қарым-қатынаста болуың, саған бір нәрсе бермегенге, беруің» - деп жауап қатқан.

Адам баласы өзіне берілген ғұмырында жүрегіндегі барлық дерт атаулыдан арылып, сол ихсан дәрежесіне жетіп, кәміл инсан болып үлгеруі тиіс. Әйтпесе Қияметте Алланың кешіріміне ие бола алмай қалса, дертінен, жүрегіндегі күнә себепті пайда болған дақтардан тазару үшін отқа түсуге мәжбүр болады. Олай болмасы үшін Жаратқан Хақ Тағала кемелдікке жету жолдарын берген. Ол жолдары дінінде, шариғатында жасырылған. Шариғаттағы қай амалды алсаңыз да, адамды тәрбиелеу, кемелдікке жеткізу мәні жатыр. Бұған көз жеткізу үшін тек Ислам дінінің бес парызын талдап көрсек те жеткілікті.

Дініміздің негізі болған «кәлима шәһадат» сөздерін, яғни «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед Оның құлы һәм елшісі» деп куәлік еткен адамның күнәлары кешірілетіні баршамызға мәлім. Міне, осы мезетте ол дүниеден өтетін болса, жұмаққа лайық болады. Себебі күнәсі кешірілуімен қатар, оның жүрегінде еш дақ, дерт қалмайды. Сонысымен ол жәннатқа барады.

Қасиетті Құранда Алла: «Ақиқатында намаз арсыздықтан, жамандықтан тыяды» («Ғанкабут» сүресі, 45-аят) деп баяндайды. Демек намаз бізді жаман атаулыдан тосу керек. Алайда көп жағдайда олай болмай келеді. Себебі біздің намазға деген қарым-қатынасымыз дұрыс емес. Дұрыс болғанда, намаз өз «функциясын» орындар еді. Сол үшін намаздың мәнін түсініп орындасақ, күнәлардан арылып, кемелдене түсеріміз анық. Оған қоса намаз оқыған адам тәртіпке, тазалыққа дағдыланып кемелдене түседі. Осылайша діннің тірегі болған намаз адамды тәрбиелейді.

Оразаның парыз етілу мақсаты – тақуалықты арттыру, кемелдікке жету. Алла Тағала: «Сендердің тақуалықтарың арту үшін бұрыңғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза парыз етілді» («Бақара» сүресі, 183-аят) - дейді. Бұл дегеніміз ораза тұтқан адам теріс әдеттерден, мінезден арылып, кемелдене түсуі тиіс деген сөз. Алланың елшісі де (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ораза кезінде адам өтірік айтуын және жалған істерін тоқтатпайтын болса, онда Аллаға, ондай адамның тамақ пен судан бас тартқанының керегі жоқ» деп, оразаның түпкі мәніне назар аудартуда. Сол үшін Рамазан айының оразасын тұтқан адам ай соңында өзгеріп шыға келу керек.

Жағдайы бар адамға парыз етілген – зекеттің де тәрбиелік мәні бар. Құранның «Тәубе» сүресінің 103-аятындағы Алла Тағаланың Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «(Мұхаммед) олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы оларды тазартып, берекелендіресің...» деген бұйырығынан зекет арқылы адамдардың өздерін де, мал-дүниесін де тазартатынын аңғарамыз. Себебі сараң парыз садақасын беріп үйренсе, нәпіл қайырымдылық жасауға дағдыланады. Сөйтіп жүрегі тазарып, жұмсарып, кемелдікке тағы бір қадам аттайды. Зекеттің мәнін білу үшін зекет сөзінің мағынасына үңілсек те жеткілікті. Өйткені зекет – тазару, тазалық деген мағыналарды білдіреді.

Шамасы келген адамға өмірінде бір мәрте жасауы міндетті болған – қажылық та адамды кемелдікке жетелейді. Екі дүние сардары өзінің хадисінде: «Кімде-кім Алла үшін қажылық жасап, жаман сөз бен әрекеттерден аулақ болса, анасынан туғанда қандай күнәсіз болса, сондай болып күнәларынан арылады» - деп хабардар етеді. Назар аударсақ, қажылықтан анасынан туған күніндегідей хәлде оралуын ойлаған адам, жаман сөз бен әрекеттерден аулақ болу қажет. Тіпті бұл жағдайды қажылықтан оралған соң да сақтауы тиіс. Пайғамбарымыздың «мабрур болған қажылық» дегенді «сәлемді жаю және мұқтаждарды тамақтандыру» деп баяндаған. Қажы қажылық жасау кезінде, кейін де сәлемді жайып, кедей-мұқтаждарға қамқор болуы тиіс. Яғни қажылықтағы табиғатын сақтап, жалғастыруы талап етіледі. Онысы жалғасын тауып жатса, өзгеретіні ақиқат. Міне, осылай жасаған адам кемелдене түсетіні анық.

Қажылыққа келген адам үстіндегі қымбат киімін шешіп, екі матаға оранып, мүсәпір күйін кешеді. Дүниедегі шені ұмытылып, ел қатарлы жамағатпен бірге қажылықтың шарттарын орындайды. Аңғарсаңыз, Алла Тағала адамды өзінің адамдық деңгейіне қайтарады. Оған ол бұл дүниеде мүсәпір екенін һәм уақытша келгенін есіне түсіреді. Олай болса, қажылық та адамды тәрбиелеп, кемелдікке жету жолында өз септігін тигізеді. Хақ елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендер имандарың кәміл болмайынша жәннатқа кіре алмайсыңдар. Бір-біріңді жақсы көрмейінше имандарың кәміл болмайды. Араларыңда сүйіспеншілік орнататын нәрсені айтайын ба? Араларыңда сәлемді жайыңдар!» - деп хабарлайды. Демек жұмаққа кіру үшін кәміл иман, ал иман кәміл болу үшін арамызда сүйіспеншілік орнау қажет. Жүрегімізге сүйіспеншілікті орнататын Алла болғанмен, оған себеп жасайтын өзіміз. Мәселен, бес уақыт намаздың, жұма намазының жамағатпен оқылуында осы сүйіспеншілік дәнін себу жатыр. Тарауық намаздары мен екі айт намазы, әлем мұсылмандарының бір жерде жиналып қажылық жасауы – барлығы мұсылмандар арасында сүйіспеншілікті, бірлікті арттыруға бағытталан. Арамызда сүйіспеншілік орнаған жағдайда ғана біз кемелдікке қол жеткіземіз. Кемелдікке қол жеткізсек, Алла мейірімін төгіп, жарылқаса, сынағынан өткен, жәннатқа кіруге лайық пенделері боламыз. Алла соған жеткізсін!

 

Қанат АЛШЫНБАЕВ,

ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі

  «Мұнара» газеті, №7, 2021 жыл

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Төлем карталарын қолдануға рұқсат па? Екпе егуге бола ма?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ихсан ілімі Кемел адам концепциясы һәм толық иман
2020 жылдың 10 қарашасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдаған болатын. Бас мүфти Мемлекет басшысына Діни басқарма алдағы уақытта «Ихсан» ілімін, Абайдың кемел адам концепциясын кеңінен дәріптеп, насихаттау ж...
Ихсан ілімі Төрәлі ҚЫДЫР: Діл кетсе, мұсылманшылық жоғалады
Дін деген не, діл деген не? Не үшін қазақ мәдениетінде дінмен бірге діл ұғымы қатар аталады? Жалпы исламдық таным мен түркілік рух қалай тұтастанды? Олар ортағасырлық шығармаларда қалай көрініс тапты. Осы және басқа да сауалдар төңірегінде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Ежелгі дәуір ә...
Ихсан ілімі Сопылық жол
Сопылық жол – Ислам ғылымдарының ішінде ең нәзік, ең ауыр  жолдардың бірі. Өйткені адам рухының мына жалған дүниенің қызықтарынан бас тарта отырып, өзінің нәпсі қалауларын Құдай жолында тастап жүрегі мен көңілін оған байлау....
Ихсан ілімі Тасаууф ілімінің исламдағы орны
Тасаууф ілімінің тілдік мағынасын қарастырар болсақ, «тасаууф» сөзінің бірнеше мағыналары бар. Біз соның бірқатарын ғана айтып өтеміз:
Ихсан ілімі ИХСАН дегеніміз...
Ихсан сөзі жақсылыққа жеткізу, жақсылық жасау, бір нәрсені соңына дейін орындау, тиянақтылық, шынайылық деген сынды мағынаны білдіреді. Ал шариғатта «амалдарды Алла көріп тұрғандай сезімде орындау» дегенге саяды....
Ихсан ілімі Ихсан – тақуалыққа тәрбиелейтін ілім
Бүгінде Бас мүфти бастамасымен бұқаралық ақпарат құралдарында Ихсан ілімі кеңінен насихатталуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық «Айқын» газетіне жариялаған «Ихсан – тәрбие негізі» атты мақаласында: «Сөздікте «жақсылық», «игілік» деп келетін «...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 06:52

Бесінге дейін 02:33

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi