МҰСЫЛМАН ҮШІН ЗАЙЫРЛЫ БІЛІМ АЛУ МАҢЫЗДЫ МА?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:31 06:51 11:41 14:43 16:25 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Мақалалар

МҰСЫЛМАН ҮШІН ЗАЙЫРЛЫ БІЛІМ АЛУ МАҢЫЗДЫ МА?

| A | +

 


Дүние жүзіндегі мұсылмандардың алдында тұрған ең маңызды міндеттің     бірі – білім алу. Білімді екі түрге бөлуге болады: біріншісі – өз дінін білу,                 екіншісі – арнайы білім беру. Білім алу арқылы белгілі бір саланың маманы болып, сол арқылы қоғамға пайдасын тигізеді. Балаларына білімнің екі түрін де беру ата-ананың басты міндеті.  
Өкініштісі сол, бүгінде жат ағым өкілдері балаларының зайырлы білім алуына, жан-жақты өнерді меңгеруге, арнайы маман атануына шектеу қоюы туралы естіп жүрміз. Күні кеше жаңалық беттеріне шығып, қоғам талқысына түскен Айнұр (есімі өзгертілген) басына түскен оқиға негізіне сүйенсек, бұрынғы жұбайы балаларын қоғамға, яғни, өзі өмір сүріп отырған ортаға қарсы қойған. 2019 жылы үлкен баласы 1 сыныпқа баратын уақытта да: «баланың мектепте оқуы міндетті емес, ол оқымайды, мен оқыма десем демек оқымайды», - деген  шектеу қойған. Нәтижесінде Айнұр жолдасымен ажырасуға шешім қабылдаған.   
Бірақ әкесі баласымен кездескен кезде мектептегі балалар кәпір, олармен ойнама деп үгіттеген. Аталған оқиға іспетті жағдаяттар дестуктивті діни ағым өкілдері арасында көп бақыланатын үрдіс. Себебі біз кездесу барысында қыздарын ұл балалармен бірге дене шынықтыру сабағына қатысуына рұқсат бермейтін, ән, сурет салу сабақтарына қатыстырмайтын ата-аналарды кездестіреміз. Тіпті, теріс діни ағым өкілдері ішінде қыздарын жеке мектепке беру үрдісі ерекше байқалуда. Аталған азаматтар арасында орта білім алған соң арнайы жоғары білім алып, мамандық иеленуге де қарсы ата-аналар жеткілікті. 
Осы оқиғалар негізінде технологиялық артта қалушылық, қаталдық, радикализм мен терроризм бұның барлығын білім алудың маңыздылығын түбегейлі түсінбегендікпен байланыстырар едім. Ғылым – мұсылманның ақиқатқа жол ашатын құралы. Білім алып жан-жақты сауатты болу исламның талабы екендігін естен шығармау керек.
Бүкіл әлем мұсылмандары діни тұрғыдан сауатты болуымен қатар ең алдымен бастауыш және орта білім беру жүйесіне деген көзқарасын өзгертуі қажет. Себебі аталған білімді меңгеру бұл қандай да бір елдің ілгері дамуының негізі екендін нақты айта аламыз. Сондықтан, жас кезінен зайырлы білім беру арқылы баланың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, қоғамдық өмірге біте араластырып, адамның өмір жолындағы қиындықтарға төтеп беруші құралы ретінде қоршаған дүниені зерттеп білуді басты талап ретінде толық меңгеру маңызды.  
Тарихқа көз жүгіртсек, надандық мұсылман қоғамын екіге жарып, жік-жікке бөліну мен қантөгіс туғызып ислам әлемінің атына кір келтіргендігін білеміз. Ендеше жас буын тарихқа көз жүгіртіп,  өткен қателіктерден сабақ алуы керек. Аға буын ретінде мешітке келген жастар мен жасөспірімдерге өз білгенімізді үйретпесек, олардың діни сауаттылығын зайырлы біліммен қатар насихаттамасақ, бәріміз зардап шегетініміз ақиқат.
Бүгінгі күн талабы өскелең ұрпаққа дұрыс білім мен тәрбие беруді талап етеді. Себебі жастар – қоғамның болашағы, ел ертеңі. Ал нық болашақ үшін біз жастарға ерекше көңіл бөлуіміз керек. Жастар бір мемлекеттің болашағының құрылысшысы немесе бұзушысы болады. Жүрегінде иманы бар, Отанына, халқына деген сүйіспеншілігі бар жастар мемлекет тәуелсіздігінің ең үлкен кепілі болмақ. Өскелең ұрпаққа дұрыс білім мен тәрбие берсеңіз, болашағыңыз да берік болмақ. 
Мұсылмандар арасында білімге жеткіліксіз көңіл бөлу көбіне тек бір адамға қатысты емес әлем мұсылмандары туралы теріс көзқарасқа алып келетіндігі сөзссіз. Себебі қоғамда қандай да бір адаммен жолықсаңыз міндетті түрде сол адамның ақыл-ойына, мәдениеті, білімі арқылы сынап баға береді. 
Алла Тағала Құран Кәрімде білімнің артықшылығын бізге былай баяндайды: «Білетіндер мен білмейтіндер тең ба? Шын мәнінде ақыл иелері ғана ғибрат ала алады!», - деген («Зумар» сүресі, 9-аят).
Қазақ даласында да көптеген ғалымдар, данышпан тұлғалар  шыққан, сол Құран мен сүннеттен нәр алып шариғи тәлім-тәрбие алған тұлғалардың бірегейі Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ыбырай Алтынсарин.
«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады», - деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады.
Исламды түсінген адам одан дін мен ғылымның бір-біріне қайшы келмейтінін, үйлесім табуы мүмкін екендігін дәлелдеуге негіз табады. Бірақ мәселе бұл емес, мәселе дінді ұстанатын бауырларымыз қолданып жүрген, исламды насихаттайтын дін туралы ақпараттың берілу формасы мен тәсілінде. Кейбір діндар бауырларымыздың дөрекілігі мен ымырасыз қыңырлығының және білімсіздігінің кесірінен Исламнан безіп кеткендер қаншама?
Ислам қоғамдастығының алдында тұрған мәселелердің едәуір бөлігінің тамыры теологиялық қақтығыстардан емес, білім мен мәдениеттің төмен деңгейінде жатыр. Ислам қоғамы теологиялық реформаларды қажет етпейді, өйткені дінді дұрыс түсіну үшін бұрыннан бар діни теологиялық мектептер мен білім жеткілікті. Ислам қоғамы ең қарапайым нәрсеге мұқтаж – ол сапалы зайырлы білім. Бұл мәселе шешілсе, проблемалардың көпшілігі өздігінен жойылады, радикализм мәселесі, технологиялық артта қалу мәселесі, уағыздардың сапасы, адам құқығы және т.б. Ақыл-ой еңбегінің, ғылымның, білімнің қадірін түсінген білімді адам сапасы жағынан бөлек адам. Ол әлемге басқаша қарайды, оның сыншыл ақыл-ойы әлемнің ақ-қара суретін салуға, айналадағы шындықты түсініп, адасушылыққа жол бермейді. 
Жақсы білімі бар, білімнің қадірін түсінген адам оны арттыруға – оқуын жалғастыруға, ғылыммен, өндіріспен айналысуға, дамуға ұмтылуы ықтимал. Яғни, мұндай адам құртуға емес, құруға ұмтылады. Мұндай адам ашулы емес, әлемдік көшбасшы болғысы келеді. Сонымен қатар, ондай адам еңбекпен жасалған әр нәрсенің қадірін біледі. 
Дін мен ғылымның ұштасуына қарайтын болсақ, мұсылмандардың дүниежүзілік ғылым мен мәдениетке, оның ішінде математика, астрономия, медицина, философия, сәулет, өнер саласына елеулі үлес қосқандығын айта кету керек. Тіпті ортағасырлық халифат дәуірінде математика мен физиканы, химия мен астрономияны оқу әдетке айналғандығы белгілі.
Дегенмен, бұл жай ғана сөз болып қалмауы үшін, бүгінде әрқайсымыз шығармашылық, тынымсыз еңбекке көбірек уақыт бөліп, білім алуымызбен айналысып, өзімізбен жұмыс істеп, айналаны жақсы жаққа өзгертуіміз керек. Сонымен қатар, бұл исламның ең жақсы дағуаты – мұсылмандардың қалай жұмыс істеп, қоғамға пайдасын тигізетінін мысалмен көрсету. 
Аналар мен әкелер баласына бейқамдық, жалқаулық үшін ұрсады, бірақ             ата-анасының балаға үлгі екенін ұмытады. Егер сіздің балаңыз оқымаса, үй тапсырмасын орындамаса, ғылымға да, дінге де қызығушылық танытпаса, онда ойлануға негіз бар. Өзгеріңіз, үлгі көрсетіңіз, белсенді болыңыз, балаңызға сіздің санаңыз ашық және күнде жаңалық іздейтінін дәлелдеңіз, балаңызбен әлемді бірге зерттеңіз. Мұсылман жан-жақты болуға талпынса, онда ол көштен қалмайды. Ендеше, бірлесе білімге ұмтылып, бәсекеге қабілетті ел болайық.

 

 

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі

басқармасының жанындағы «Кеңес

беру және оңалту» орталығының

теолог маманы Б. Нармұханов

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тегтер: зайырлы
Предыдущий Следующий
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ САҚТАНДЫРУДЫҢ ҮКІМІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат САЛТ-ДӘСТҮР - ӨМІР ҚАҒИДАСЫ
Ұлт болуымыздың өзі бір Алладан болғандықтан, оған жету жолы да ата–бабамыз ұстанған салт–дәстүрмен біте қайнасып кеткен таза исламда.
Пайым-парасат ЖАҚСЫМЕН ЖОЛДАС БОЛУ – ЖАННЫҢ ШИПАСЫ
Жеке тұлғаның мінез-құлқының қалыптасуында достықтың әсері өте үлкен. Адам баласы досының бойындағы қасиеттерді өз бойына да сіңіреді. Кез-келген адам қоғамда өмір сүретіндіктен, айналасында достары мен қимас жандары болатыны – табиғи жағдай. Досы жаман адамның мінезі де, өзі де бұзыла бастайды. Уақ...
Пайым-парасат САЛАУАТТЫҢ ҚЫРЫҚ ҚАСИЕТІ
Бұл дүниедегі әрбір жан мағыналы ғұмыр кешіп, өмірдің таусылмас бақытын табуға ұмтылатыны анық. Осы жолда бірі бақытты алдамшы дүниелерден іздесе, бірі тән рахатын қанағаттандыратын қызықтардан көрмек. Десе де, ең ақиқаты әлбетте Жаратқанның бізге берген нығметтерінде жатыр....
Пайым-парасат ЖІГІТТІҢ ЖАҚСЫСЫ - НАҒАШЫДАН
Осы сөзді естімеген қазақ кемде-кем. Кейде бұны «қымыздың жақсысы – сабасынан, киіз үйдің жақсысы – ағашынан, жігіттің жақсысы – нағашыдан» деп толығымен айтып та жатады. Осынау үш ауыз сөздің ұрпақтан-ұрпаққа жойылып кетпей жетуі – қоғамның құптауын білдірсе, екінші жағынан өмірлік ақиқат екендігін...
Пайым-парасат БІЛІМ ІЗДЕУ МҰСЫЛМАННЫҢ ПАРЫЗЫ
Білім – әр адам баласына қажет. Білім арқылы адам баласы ақ пен қараны ажырата біледі, дұрыс пен бұрыстықты біледі. Білімсіз адамның өмірі бос.
Пайым-парасат ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР
Барша мақтау мадақ бізді жоқтан бар еткен Жаратушы Жаббар Хақ Алла Тағалаға зікірлер мен шүкірлер болсын!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi