САЛАУАТТЫҢ ҚЫРЫҚ ҚАСИЕТІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Бесін 12:00
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
02:32 04:16 12:00 17:18 19:38 21:21
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
27 Зуль-хиджа 1445
Миләди
05 шілде 2024

Мақалалар

САЛАУАТТЫҢ ҚЫРЫҚ ҚАСИЕТІ

| A | +

Бұл дүниедегі әрбір жан мағыналы ғұмыр кешіп, өмірдің таусылмас бақытын табуға ұмтылатыны анық. Осы жолда бірі бақытты алдамшы дүниелерден іздесе, бірі тән рахатын қанағаттандыратын қызықтардан көрмек. Десе де, ең ақиқаты әлбетте Жаратқанның бізге берген нығметтерінде жатыр.

Асылында, пендені екі дүниелік бақытқа жетелейтін көп нәрселер берілген. Сол нығметтердің төресі ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  салауат айту.  Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағаланың: «Расында Алла және Оның періштелері пайғамбарға салауат айтады. Уа, иман келтірген мүміндер! Сендер де оған салауат айтып, толық мойынсұнушылықпен салауат, сәлем жолдаңдар» («Ахзаб» сүресі, 56-аят), деп бұйыруында үлкен мән жатыр. Яғни, біз салауат айтудың сырларын білу арқылы, шексіз бақыттың астарына үңіле алмақпыз. Көптеген ислам ғалымдары салауат айтудың 70, 80, тіпті 100-ге жуық қасиеттері бар екендігін тізбектеп түсіндірген. Ендеше, салауат сырларының ең маңыздыларын сүзіп алып, назарларыңызға ұсынып көрелік.

1.Салауат - ақыреттік нәтиже жәннатқа жетелер сара жол. Себебі, Әбу Жағфардан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Кімде-кім маған салауат айтуды ұмытатын болса, ол жұмаққа бару жолынан адасты», - дейді. Демек, шынайы, риясыз айтылған салауаттың сыйы-шексіз нығмет, жәннат болмақ.

2. Салауат - періштелермен бірге жасалатын жалғыз құлшылық. Оған жоғарыда атап өткен «Азхаб» сүресінің, 56-шы аяты дәлел болмақ.

3. Дұғалардың қабыл болуына бірден-бір себеп амал - ардақты Елшіге (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат жолдау. Ол турасында Сағид ибн әл-Мусаибтен жеткен хабарда Омар (р.а) былай дейді: «Маған мынадай хабар жетті: «Жасаған дұғалар жер мен аспанның арасында қалады. Ол дұғалар Пайғамбарға салауат айтумен ғана көтеріледі», деген. Яғни,  дұға етудің әдептерінде Аллаға мадақ, Пайғамбарға салауат айтумен бастап, соңында дәл солай аяқтауымыздың да мәні осында.

4. Жүз дәрежелі амал-салауат. Мұндай теңдессіз рақымның пендеге берілуі Жаратушының шексіз мейірімінен. Жәбир ибн Абдуллаһтан жеткен хадисте, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Кім маған бір күнде жүз салауат айтатын болса, Алла оның жүз қажетін орындайды. Оның жетпіс қажетін Ақырет күні, ал отызын осы дүниеде орындайды», - дейді. Ойланып қарасақ, Алла Елшісіне  (оғанАлланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту арқылы еш қиындықсыз біздің дүниелік һәм ақыреттік бар қажетіміздің өтелетіндігін көреміз.

5. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағатына лайық болуға бірден-бір себеп. Өйткені, оған адамзат асылының (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Кімде-кім «Уа, Алла! Мұхаммедке игілік жаса да, қияметте Өзіңе жақын ет» деп айтса, оған менің шапағатым уәжіп болады», (Табарани) – деген хадисі куә.

6. Салауат – Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көрші ететін мүбәрак сөз. Бұған негіз «Қияметте маған ең жақын адам – маған көп салауат айтқан адам», (Тирмизи) – деген Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадис-шәрифі.

7. Шынайы айтылған салауат құлды азат еткеннен де артық болмақ. Басы байлы жанға азаттық сыйлау, рухани және материалдық тұрғыдан да оңай іс емес. Ал, бүгінгі таңда тіпті қиын. Десе де, салауат айту осыншама салмағы ауыр істен де артық болмақ. Бұл сөзімізді  Әбу Бәкірдің (р.а): «Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту – құл босатқаннан хайырлы», – деген сөзі қуаттай түспек.

8. Салауат сіз үшін періштелердің дұға етуіне себеп.  Өйткені, Абдулла ибн Амр ибн Ас (р.а): «Кім Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір салауат айтса, періштелер оған жетпіс рет салауат айтады», (Ахмад)  – деген. Жер бетінде ғана емес, аспан әлемінде есіміңіз періштелер тарапынан ұлықтауға ие болып жатса, әрине бұл да салауаттың сансыз нығметінен.

9. Сәлеміңіз Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткізілмек.  Қуатты хадистердің бірінде:  «Жер бетінде Алланың кезген періштелері бар. Олар үмметімнің сәлемін сол сәтте маған жеткізеді,» (Нәсәй, Сәһу 46) делінген. Тіпті, кейбір ғалымдар "салауат айтушының жүзі Пайғамбарға көрсетіледі" деген тұжырымдар айтқан. Бұл дегеніңіз Алланың ең сүйікті пендесімен рухани байланыста жақындықта боласыз деген сөз. Ал, мұндай мәртебе тек салауат айтушыларға ғана тән.

10. Салауат айтушы пенденің ісі жеңілдеп, екі дүниелік қайғысы сейілмек. Үбай ибн Қағб Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «...Дұғаға арнаған уақытымның барлығында салауат айтсам қайтеді?», - деп сұраған кезде: «Онда Алла барлық қиыншылықтарыңды жойып, күнәларыңды кешіреді», - деген. Бұл хадистен, біз сағаттап дұға жасасақ та, сағаттап салауат айтқандай қажетімізді өтей алмасымызды түсінуге болады. Себебі, дұғаңыздың орнын салауат айтумен алмастырсаңыз, біз тіпті енді сұрамақ болған, бірақ әлі де ойымызға келіп үлгермеген қажетімізді Жараушымыз артығымен беріп қоймақ. Салауатты дұғамен алмастырудың терең мәні де осыда.

    Демек, салауат айтудың мәніне терең үңіле беретін болсақ, қаншама жақсылықтарға қауышатынымызды аңғарамыз. Қауышып қана қоймай, ақыретімізді реттеп, өзіміз аңғармай жүрген қате-кемшіліктеріміздің жуылуына жол ашамыз. Сондай-ақ, салауат - ұмытқан нәрсені тез еске түсіруге көмектесіп, рухани тұрғыдан кемелденуге үлкен түрткі болмақ. Одан өзге, мұсылманның сараңдығы мен кедейлікті жойып, адамның өзіне, амалына, өміріне және оның әрбір мүддесіне қажетті шаруада берекет береді. Және айтылған дүниелердің ішіндегі ең маңыздысы, Рахман Иемізге ұнамды жүрек ақырғы Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген махаббатқа толы жүрек. Ал, шынайы махаббат адам жүрегіне сол нәрсені сүюі, көбірек еске алуы мен үнемі ойында сақтап жүрумен келмек. Салауат болса, Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірімізден артық жақсы көруге, жан-тәнімізбен Оған (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) байлануға, жадымыздан бір сәтке болсын есімін (оған Алланың сауаты мен сәлемі болсын) шығармауға себеп болмақ.

Бар ғұмырымызды арнап, сарп етсек де жасай алмайтын, қауыша алмайтын сансыз сауаптар мен таусылмас бақыттың кілті – салауат айтуда. Осы бір мүбәрак сөзді үздіксіз қайталап айту арқылы өміріңізді берекелі етіңіз. Шешілмеген түйіткілді мәселеңіз болса, салауатты көбірек айтуға дағдыланыңыз. Өміріңізден мән жоғалып, береке қашса - салауат айтыңыз. Арман-мақсаттарыңызға жету жолында әлі де қиналып жүрсеңіз, жан-дүниеңізге салауатты кіргізіңіз. Қандай да болмасын амалыңызды ардақты Пайғамбарымызға  (оған алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем жолдаумен байланыстырсаңыз, екі дүниелік есіктің құлпы оңай ашылмақ.

         Алла тағала баршамызды рахым-мейіріміне бөлеп, риясыз салауат айтушы құлдардан еткей!

 

"Нұр-Мүбарак" университетінің оқытушысы,

"Нұр-Мүбарак" мешітінің ұстазы,

исламтанушы Алдиярова Жанат Есенгелдіқызы.

 

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
АЛЛА ТАҒАЛАНЫ ЕСКЕ АЛУ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ ТҮРЛІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ИДЕЯЛОГИЯСЫНАН САҚТАНДЫРУ ИДЕЯСЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат ЖІГІТТІҢ ЖАҚСЫСЫ - НАҒАШЫДАН
Осы сөзді естімеген қазақ кемде-кем. Кейде бұны «қымыздың жақсысы – сабасынан, киіз үйдің жақсысы – ағашынан, жігіттің жақсысы – нағашыдан» деп толығымен айтып та жатады. Осынау үш ауыз сөздің ұрпақтан-ұрпаққа жойылып кетпей жетуі – қоғамның құптауын білдірсе, екінші жағынан өмірлік ақиқат екендігін...
Пайым-парасат БІЛІМ ІЗДЕУ МҰСЫЛМАННЫҢ ПАРЫЗЫ
Білім – әр адам баласына қажет. Білім арқылы адам баласы ақ пен қараны ажырата біледі, дұрыс пен бұрыстықты біледі. Білімсіз адамның өмірі бос.
Пайым-парасат ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР
Барша мақтау мадақ бізді жоқтан бар еткен Жаратушы Жаббар Хақ Алла Тағалаға зікірлер мен шүкірлер болсын!
Пайым-парасат БАҚЫТТЫ ОТБАСЫН ҚҰРУ КЕМЕЛДІККЕ БАСТАР ЖОЛ
Отбасының сәні – сыйластық демекші бақытты отбасын құрудың құпиясы неде? Оны қайдан іздемек керек? Әрине, шаңырақты ақ некемен бастайтын ерлі-зайыптылар отбасылық өмірдегі барлық сұрақтарына жауапты асыл дінімізден іздейді. Ендеше, Құран Кәрім қандай бағыт береді?...
Пайым-парасат ІБІЛІСТІ МАЛҒҰН ЕТКЕН - ТӘКАППАРЛЫҚ
Адам баласы «мен» деген сөзді қаншалықты көп айтатынын өзі де байқамайды. Бір кісінің жүрегіне үнемі өзін көрсету, мойындату, өзгеден жоғары екендігін білдіру сезімін Ислам шариғатында «тәкаппарлық» деп атайды. Тәкәппарлық – араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. Ол «үлкен», «ұлы б...
Пайым-парасат КӨРШІ АҚЫСЫ - ҚҰДАЙ АҚЫСЫ
Қоғамда өмір сүргеннен кейін адамның хақ-құқығына кіретін негізгі мәселелердің бірі көрші ақысы болып табылады. Жаратқан Иеміз көрші ақысына ерекше мұқияттылық танытуымызды талап етеді. Өйткені кез келген кісінің туысымен емес, көбінесе көршісімен өмір сүру қарым-қатынасы көп болады....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
27 Зуль-хиджа 1445
Миләди
05 шілде 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 12:00

Екінтіге дейін 03:59

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi