САЛТ-ДӘСТҮР - ӨМІР ҚАҒИДАСЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 18:45

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:28 06:44 12:09 15:45 17:29 18:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
16 Шаабан 1446
Миләди
17 ақпан 2025

Мақалалар

САЛТ-ДӘСТҮР - ӨМІР ҚАҒИДАСЫ

| A | +

Ұлт болуымыздың өзі бір Алладан болғандықтан, оған жету жолы да ата–бабамыз ұстанған салт–дәстүрмен біте қайнасып кеткен таза исламда. Ал енді ұлттық салт–дәстүрлер туралы айтар болсақ, олар исламға дейінгі заманнан бастау алып, ислам арқылы шариғат пен сүннетке негізделіп күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан біздің өмір сүру дағдымыз болып табылады.

Халқымыздың салт–дәстүрлерінің кез-келген түрінің түбінде исламның тамыры жатқанын байқаймыз. Дүниеге келген баланың құлағына азан шақырылып ат қойылғанынан бастап, дүниеден өткен адамның жаназасын оқып, жер қойнына бергенге дейін, яғни тал бесік пен жер бесікке дейінгі аралықта көптеген дәстүрлеріміздің исламнан нәр алғанын байқаймыз. Сондықтан да ислам мен дәстүріміздің арасындағы қарым–қатынас өте тығыз, айырып ажырату оңай емес.

Дәстүрдің бір сипаты – тұрақтылығында. Оны қаласа өзгертіп, қаламаса өшіріп тастайтын бір адамның меншігі емес. Дәстүрдің тағы бір артықшылығы - оның өміршеңдігінде, қанға сіңіп, күнделікті өмірге қалыптасқандығында. Егер әдет–ғұрып шариғатқа қайшы келмесе, оған ислам діні тыйым салмайды. Дін мен дәстүрді біте қайнастыру үшін халықтың діни сауатын арттырып, оған мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді әлі де күшейтуіміз қажет.

Орта ғасырларда күллі ислам дүниесінде қалыптасқан, қазақ халқы да шет қалмаған бір игі дәстүр бар. Қалам ұстаған кез келген сөз зергері әңгімесін Алла атымен бастап, тырнақалды туындысын дін исламның қағидаларын зерттеп-зерделеуге, талдап-түсіндіруге арнаған. Бұл білгенін білмегендермен бөлісу, өзгеге жеткізе отырып, өз білімін жетілдіру мақсаты еді. Қазақта Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылманшылық тұтқасы», Абайдың «Қарасөздері», Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты», Мәшһүр Жүсіптің «Қара местегі» сияқты қазақ зиялыларының жиған-тергендері осы дәстүрдің заңды жалғасы іспетті.

Аталған ғұламаларымыз бізге өз мүмкіндігі шегінде өздері таныған шындықты жеткізуге тырысты. Өз білігін жинақтау, жетілдіру барысында ой бөлісті. Мүмкін олардың еңбектерінде де кемшіліктер бар болар. Бірақ түпкілікті ақиқатты тану ажалды пенденің бәріне бұйыра бермесі белгілі. Сондықтан ұлтымыздың маңдайына бұйырған ұлылардың ұстанымдарына құрметпен қарап, туындыларын талдап-таразылап, танып, пайдаланып қана қоймай, қажет кезінде сын көзбен қарап, жетілдіріп отыру да бәрімізге парыз. Ал Абай мен Шәкәрім пікірлерінің дінаралық түсіністікке қаншалықты негіз бола алатыны – дербес әңгіменің арқауы. Ойашар ретінде айтарымыз: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзді мәмілегер ұлттың құшағында өскен Абай ақын айтты. Сайын даланы санасына да, жүрегіне де сыйдырған ұлттың өкілі Шәкәрім: «О дүние, дүние! Шындыққа сонда кім ие?» – деп діндер мәселесіне әлемдік деңгейдегі биіктен көз салуға тырысты.

Ұлылардың болмысы ұлт болмысынан бөлек емес. Ұлт болмысы имани ұстанымдарсыз қалыптаспайды. Дін мен ұлттық мүддені аталарымыз ешқашан бөліп қарамаған. Енді ол ұстанымды бүгін бөлудің ешбір қажеттілігі де, негізі де жоқ. Естілердің сөзін ескеріп өскен, тағдыр табыстырған ұлттар мен ұлыстарды бауырына баса білген қазақ ұлты осы ұстанымда болуы қажет деп ойлаймын.

Бекет ата мешітінің бас имамы

Садиев Амантай

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
МИҒРАЖ ТҮНІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ АЛЛАНЫ ТАНУ (ИХСАН)

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат ЖАҚСЫМЕН ЖОЛДАС БОЛУ – ЖАННЫҢ ШИПАСЫ
Жеке тұлғаның мінез-құлқының қалыптасуында достықтың әсері өте үлкен. Адам баласы досының бойындағы қасиеттерді өз бойына да сіңіреді. Кез-келген адам қоғамда өмір сүретіндіктен, айналасында достары мен қимас жандары болатыны – табиғи жағдай. Досы жаман адамның мінезі де, өзі де бұзыла бастайды. Уақ...
Пайым-парасат САЛАУАТТЫҢ ҚЫРЫҚ ҚАСИЕТІ
Бұл дүниедегі әрбір жан мағыналы ғұмыр кешіп, өмірдің таусылмас бақытын табуға ұмтылатыны анық. Осы жолда бірі бақытты алдамшы дүниелерден іздесе, бірі тән рахатын қанағаттандыратын қызықтардан көрмек. Десе де, ең ақиқаты әлбетте Жаратқанның бізге берген нығметтерінде жатыр....
Пайым-парасат ЖІГІТТІҢ ЖАҚСЫСЫ - НАҒАШЫДАН
Осы сөзді естімеген қазақ кемде-кем. Кейде бұны «қымыздың жақсысы – сабасынан, киіз үйдің жақсысы – ағашынан, жігіттің жақсысы – нағашыдан» деп толығымен айтып та жатады. Осынау үш ауыз сөздің ұрпақтан-ұрпаққа жойылып кетпей жетуі – қоғамның құптауын білдірсе, екінші жағынан өмірлік ақиқат екендігін...
Пайым-парасат БІЛІМ ІЗДЕУ МҰСЫЛМАННЫҢ ПАРЫЗЫ
Білім – әр адам баласына қажет. Білім арқылы адам баласы ақ пен қараны ажырата біледі, дұрыс пен бұрыстықты біледі. Білімсіз адамның өмірі бос.
Пайым-парасат ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР
Барша мақтау мадақ бізді жоқтан бар еткен Жаратушы Жаббар Хақ Алла Тағалаға зікірлер мен шүкірлер болсын!
Пайым-парасат БАҚЫТТЫ ОТБАСЫН ҚҰРУ КЕМЕЛДІККЕ БАСТАР ЖОЛ
Отбасының сәні – сыйластық демекші бақытты отбасын құрудың құпиясы неде? Оны қайдан іздемек керек? Әрине, шаңырақты ақ некемен бастайтын ерлі-зайыптылар отбасылық өмірдегі барлық сұрақтарына жауапты асыл дінімізден іздейді. Ендеше, Құран Кәрім қандай бағыт береді?...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
16 Шаабан 1446
Миләди
17 ақпан 2025
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 18:45

Бамдатқа дейін 01:03

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi