ПАЙҒАМБАР МЕШІТІНІҢ КҮМБЕЗІН КІМ ОРНАТТЫ?
Сіз Мәдинадағы Пайғамбар мешітінің күмбезін кім орнатқанын білесіз бе?
Өздеріңізге мәлім, 1986 жылдың 27 қазанда Сауд Арабиясының Королі Фахд бен Әбдел Азиз Әл Сауд «Ұлы мәртебелі» деген қошемет сөз тіркесінен бас тартып, «Қасиетті Қос Киенің Сақшысы» деген ислами титулды енгізген болатын. Король Фахдтан кейін Сауд Арабиясының билік басына келген інілері Абдалла мен Салман осы корольдік титулды дәстүрге айналдырып, жалғастырып келеді.
Дей тұрғанмен, Қыпшақ Сұлтаны әл-Мәлик аз-Заһир Рүкн ад-Дин Бейбарыс әл-Бундуқдәри Ислам тарихында «Қасиетті Қос Киенің Сақшысы» деген титулды иеленген алғашқы мемлекет басшысы болып саналады.
1277 жылы Сұлтан Бейбарыс қайтыс болғаннан кейін, араға екі жыл салып, Мысыр мен Шам еліндегі Қыпшақ Мәмлүк мемлекетінің жетінші Билеушісі әл-Мәлик әл-Мансұр Сейф ад-Дин Қалауын бен Абдалла ат-Түркі әл-Әлфи әл-Ғалайи ас-Салихи ән-Нәжми де «Қасиетті Қос Кие – Меккедегі «әл-Масжид әл-Харам» мен Мәдинадағы «әл-Масжид ән-Набауи» мешіттерінің Сақшысы» деген ислами титулды алды.
Араб тарихшылардың деректері бойынша, 1279 жылы біздің Ұлы Бабамыз Сұлтан Қалауын Мәдинадағы Пайғамбар мешітінің жасыл Күмбезін алғашқы болып орнатқан екен.
Машалла! Ұлы даланың перзенттері Сұлтан Бейбарыс пен Сұлтан Қалауынның даңқтары мәңгілік арта берсін!
Қайрат Ламашариф
Дереккөз фейзбук парақшасынан алынды.
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.