Құран жайлы 40 хадис: 12-ХАДИС
Он екінші хадис
عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ بُرَيْدَةَ الأَسْلَمِيِّ ، عَنْ أَبِيْهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ ، قَالَ : قَالَ رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم : "مَنْ قَرَأَ الْقُرْآنَ وَتَعَلَّمَهُ وَعَمِلَ بِهِ أُلْبِسَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ تَاجًا مِنْ نُورٍ ضَوْءُهُ مِثْلُ ضَوْءِ الشَّمْسِ ، وَيُكْسَى وَالِدَيْهِ حُلَّتَانِ لاَ يَقُومُ بِهِمَا الدُّنْيَا فَيَقُولانِ : بِمَا كُسِيْنَا ؟ فَيُقَالُ : بِأَخْذِ وَلَدِكُمَا الْقُرْآن" (رواه الحاكم).
Абдулла ибн Бурайда әл-Әсламиден, ол әкесінен (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Кім Құранды оқып, одан тағылым алып, оған амал етсе, Қиямет күні оның ата-анасына нұрдан болған тәж кигізіледі. Ол тәждің нұры күннің нұры сияқты жарық болады. Және ата-анасына мына мұқым дүниенің құны жетпейтін киім кигізіледі. Ата-анасы таңданып: «Біз бұл киімді киюге қалайша лайық болдық?» – деседі. Оларға: «Балаларыңның Құранды жаттап, оған амал еткені үшін», – деп айтылады», – деген» (әл-Хаким)[1].
[1] Әл-Хаким, «Әл-Мустадрак», «Құранның артықшылықтары» бөлімі, «Сүрелер мен аяттардың артықшылығы» тарауы, (2086). Бұл хадисте балаларын Құран жаттауға баулыған ата-ананың сауабы еселеніп берілетіндігі туралы баяндалған. Яғни ондай ата-ана тұтас мына дүниенің құны жетпейтін киім кию құрметіне ие болады.
Кітаптың авторы: Ғұлама Мулла Али ибн Сұлтан Мұхаммед әл-Қари (1014 һ.ж.)
Хадистерді талдап, түсініктеме берген: Махмуд Шакур ибн Махмуд әл-Хажи Әмрир әл-Маядини
Қазақ тіліне аударған: Ержан Оразов
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.