Құрбан айтқа қатысты ең жиі қойылатын сұрақтар
- Сұрақ: Мұсылмандардың Құрбан айт мейрамы таяп келеді. «Құрбан» деген сөз нені білдіреді?
- Сұрақ: Биыл Құрбан айт мейрамы қай күнге келіп тұр?
- Сұрақ: Мен Құрбан айттан бұрын ораза ұстауға болатынын естідім. Сол жайында айтып берсеңіз.
Имам Муслим жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
«(Сол күнгі ораза) өткен жылғы және келер жылғы күнәлардың өтемі болады».
- Сұрақ: Малды құрбандыққа шалудың үкімі қандай?
«Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал». (108:2). Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисі бар: «Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын».
- Сұрақ: Құрбан шалу кімдерге уәжіп?
- мұсылман болуы керек;
- жұмысқа қабілетті болуы қажет;
- кәмелеттік жасқа толған болуы тиіс;
- еркін болуы керек;
- муқим болуы керек, яғни сапарда болмауы керек;
- зекет төлейтіндей негізгі қажеттерден тыс дүние-мүлікке ие болуы қажет (нисап, ол 85 г. алтынның құнына тең).
- Сұрақ: Қандай малды құрбандыққа шалуға болады? Қандай малдар құрбандыққа жарамайды?
1. Қой мен ешкі;
2. Сиыр, бұқа және енеке;
3. Түйе.
Қой мен ешкі бір жасқа, ірі қара мал екі жасқа, ал түйе бес жасқа толған болуы керек.
Бұл малдардың толықтай дені сау болуы қажет, мынадай кемшіліктері болмауы тиіс:
1. бір немесе екі көзінің соқыр болуы;
2. әлсіздік, арықтық;
3. құлағы немесе құйрығының (үштен бірінен астам бөлігі), тісінің (жартысы және одан астам) жоқтығы;
4. мүйізі сынған;
5. аяғы ақсақ;
6. айқын сырқат.
- Сұрақ: Мен Құрбан айтқа бір қой алып едім. Бірақ, ол піштірілген болып шықты. Мен оны құрбандыққа шала аламын ба?
«Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) екі ақ-қара түсті піштірілген қошқарды құрбандыққа шалды». (Ахмад ).
- Сұрақ: Мейрамның алғашқы күнінен кейінгі күндерде құрбандық шалуға бола ма?
- Сұрақ: Бірнеше адам бірігіп құрбандық шалуына бола ма?
«Сиыр жеті адамның атынан құрбандыққа шалынады және түйе де жеті адамның атынан құрбан шалынады». (Әбу Дауд, ән-Насаи).
- Сұрақ: Құрбан малы қалай шалынады?
«Малды бауыздаған уақытта жақсылап бауыздаңдар. Кімде-кім мал сойса, пышағын жақсылап қайрасын және тезірек бауыздап, малды рахатына қауыштырсын».(Муслим).
Құрбандыққа шалынатын малды қырынан жатқызып, басын құбылаға қаратады. Содан соң дұға ретінде мына аятты оқиды (оқу міндетті емес, абзал):
«Инна салати уа нусуки уа махиаиа уа мәмәти лилләһи Раббил ‘аламина лә шәрика ләһ»
(«Күмәнсіз менің намазым және басқа ғибадаттарым, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемдердің Раббы Аллаһ үшін. Оның еш серігі жоқ» де).
Содан соң тәкбір айтқан абзал:
«Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар, ля иляхаилляЛлаху, Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар, уалилляхил-хамд»
- Сұрақ: Малды бауыздамас бұрын сүре оқыту үшін имамды (молданы) шақыру қажет пе?
- Сұрақ: Құрбандыққа мал алып соймай, орнына малдың құнын ақшалай садақа ретінде таратуға бола ма?
Қазіргі кезде біз құрбандық шалу арқылы Ибрахим Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) сондай үлкен құрбандыққа баруға дайын болғандығын еске аламыз. Сондай-ақ, Алла Тағала Исмаилдің (оған Алланың сәлемі болсын) өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс ретінде құрбан шаламыз. Құрбан шалу арқылы адам Аллаға түгелдей бағынатынын және Пайғамбарлардың (оларға Алланың сәлемі болсын) жолымен жүретінін көрсетеді. Сол себепті, құрбан шалу үрдісінің өзі маңызды. Малдың құнын ақшалай беруге болмайды.
- Сұрақ: Құрбандықты міндетті түрде адамның өзі шалуы керек пе? Әлде басқа біреуге өкілдік беруге бола ма?
«Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызы Фатиманың атынан құрбандық шалғанда, оған рәсімнің кезінде қасында тұруын өтініп, құрбандыққа шалынып жатқан малдың бірінші қаны тамған бойда, оның бұрынғы күнәларының бәрі кешірілетінін айтқан». (Ибн Хиббан).
- Сұрақ: Ет қалай үлестіріледі? Оны түгелдей таратып жіберу қажет пе?
- Сұрақ: Малдың терісін не істеу керек?
- Сұрақ: Құрбан айтты қалай өткізу керек?
Естеріңізге сала кетейік, Алматы Орталық мешіті "Раббың үшін құрбан шал!" атты акциясын ұйымдастыруда, акцияның мақсаты - мұсылмандарға құрбандық шалу рәсімін жеңілдеті және құрбандықтың етін мұқтаж отбасыларына үлестіру.
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.