ҚҰРБАН ШАЛУДЫҢ ТАРИХЫ ҚАНДАЙ?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:31 06:51 11:41 14:43 16:25 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Мақалалар

ҚҰРБАН ШАЛУДЫҢ ТАРИХЫ ҚАНДАЙ?

| A | +

Құрбандық шалу адамзат тарихымен бірге басталған үрдіс. Адамзаттың атасы Адам атаның ұлдары Абыл мен Қабылдың арасында орын алған дау құрбандық беру арқылы шешілген. Біз мұны Құран аяттары мен хадистерде баяндалған қиссалардан білеміз. Жалпы, Құран Кәрімде құрбандық шалу оқиғалары туралы бірнеше жерде айтылған. Соларға қысқаша тоқталайық. 

 

Абыл мен Қабылдың құрбандығы

Алла Тағала былай дейді:

وَاتْلُ عَلَيْهِمْ نَبَأَ ابْنَيْ آدَمَ بِالْحَقِّ إِذْ قَرَّبَا قُرْبَانًا فَتُقُبِّلَ مِنْ أَحَدِهِمَا وَلَمْ يُتَقَبَّلْ مِنَ الْآخَرِ قَالَ لَأَقْتُلَنَّكَ ۖ قَالَ إِنَّمَا يَتَقَبَّلُ اللَّهُ مِنَ الْمُتَّقِينَ

«(Уа, Мұхаммед) оларға Адамның екі ұлы туралы хабарды ақиқат түрде оқып бер. Ол екеуі құрбандық шалғанда біреуінікі қабыл болды да, ал екіншісінікі қабыл болмады. (Құрбаны қабыл болмағаны екіншісіне) «Мен сені, сөзсіз, өлтіремін!» – деді. (Екіншісі) «Ақиқатында, Алла (ізгілікті) тек тақуалардан қабыл алады», – деді»[1].

Адам ата мен Хауа ананың балалары екі егіз болатын. Екі егіздің біреуі ұл, ал екіншісі қыз болатын. Ұлдар ер жетіп, қыздар бой жеткенде Жаратқан Ие адамзаттың ұрпағын тарату үшін егіздердің сыңарларын бір-біріне қосуды бұйырды. Яғни Абылдың сыңары Қабылмен, Қабылдың сыңары Абылмен тұрмыс құруы керек. Алайда Қабыл өзімен бірге туған егізіне үйленгенді қалайтын. Өйткені ол Абылдың егізіне қарағанда әлдеқайда көрікті, сұлу болатын. Бірақ әкесі Адам өз шешімін өзгертпеді. Қабыл болса інісінің егізіне үйленуден үзілді-кесілді бас тартты. Адам ата бұл мәселенің дұрыс шешімін қалай табуға болатындығы туралы қатты ойланды. Жаратушы Алла Тағаладан тығырықтан шығар жол сұрап жалбарынды. Сонда Алла Тағала екі ұлға құрбандық шалуды бұйырды. Аллаға жақындау мақсатында Қабыл өзі еккен егінінен, ал Абыл өзі бағып жүрген қойынан құрбандық беруі керек. Жаратқан Ие кімнің құрбандығын қабыл алса, соның дегені болмақ.

Ағайынды екеу құрбандықтарын бергенде Алла Тағала Абылдың құрбандығын қабыл алып, Қабылдың құрбандығын қабыл алмады. Осылайша дауға нүкте қойылды. Бұл адамзат тарихындағы Алла Тағала үшін берілген құрбандықтың ең әуелгісі болатын.

 

 Ибраһим мен Исмаилдың қиссасы

Құрбандық шалу дәстүрі – Ибраһим пайғамбардан (оған Алланың сәлемі болсын) сүннет болып қалған амал.

Бір түні Ибраһим пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) түсінде ұлы Исмаилды қолымен бауыздап жатқанын көрді. Ақиқатында, Пайғамбардың түсі – Алладан келген аян. Түсінің мәнін түсінбей Ибраһим пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) басы қатты. Әлгі түсі ұйықтаған сайын қайталана берді. Ол үшін өте қиын сынақ болды. Ұлы Исмаилға (оған Алланың сәлемі болсын) бұл туралы айтқанда ол: «Уа, әкетай! Алланың әмірін орындай бер. Менің көзіме қарамауың үшін жүзімді басқа жаққа бұрғайсың. Мен Алланың тағдырына разымын. Оның әмірін екі етпеймін», – деп жұбатты.

Ақыры, сынақты қабылдап, Мина атты жерге барады. Ұлы Исмаилды (оған Алланың сәлемі болсын) бір тастың шетіне жантайтады. Аяқ-қолын малдың аяғын байлағандай мықтап байлайды. Қиналып, аяқ-қолдары қозғалып кетпесін деп солай істеген еді.

Ибраһим пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) барлық күш-жігерін жинап, қанша қиын болса да баласын құрбан етуге бел буды. Өткір пышақты қолына алып, ұлының тамағына апарды. Бар күшімен тартып жіберді. Бірақ пышақ өтпеді. Баласының тамағына дәнеңе де болмады. «Уа, Раббым! Өзің кеше көр. Пендеңе рақымыңды төге көр. Нәпсіме ерік бере көрме», – деп күбірледі Ибраһим пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын). Пышақтың өтпегені үшін өз-өзін жазғырды. Жүрегім елжіреп, дұрыс кеспеген болармын деп ойлады. Сөйтіп, екінші мәрте тартып көрді. Бірақ пышақ тағы да өтпей қалды. Қайырымды әке пышақты қолына алып, үшінші рет тартып көрді. Бірақ еш өзгеріс болмады. Пышақ өтпей қалды.

Осы кезде аспандағы сан мыңдаған періштелер Алла Тағаладан қарт пайғамбар мен оның ұлына рақым етуін тілеп, жалбарынып жатыр еді. Алла Тағала шексіз мейірім-шапағатымен олардың тілектерін қабыл алып, Ибраһим мен Исмаилға (оларға Алланың сәлемі болсын) Жәбірейіл періштені жәннаттың бір көк қошқарымен бірге түсірді. Жәбірейіл олардың жанына келіп: «Уа, Ибраһим! Раббың саған: «Уа, Ибраһим! Сен түсіңді дұрыс жорыдың. Ізгі жандарға осылай сый жасаймыз. Бұл өте қиын сынақ. Біз саған ұлы бір құрбандық түсірдік», – деп сәлем жолдады. Ұлың екеуіңе рақым етіп, құрбандыққа шалуларың үшін мына жәннаттың қошқарын түсірді», – деді.

Жәбірейілдің бұл сүйінші хабарын естіген әкесі мен баласы қатты қуанды. Аллаға мадақ айтып, шүкірлік етті. Сол кезден бастап осы күн мұсылмандардың айтулы мерекесіне айналды. Бұл – қасиетті құрбан айт күні. Бұл оқиға жайында Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:

 

رَبِّ هَبْ لِي مِنَ الصَّالِحِينَ. فَبَشَّرْنَاهُ بِغُلَامٍ حَلِيمٍ. فَلَمَّا بَلَغَ مَعَهُ السَّعْيَ قَالَ يَا بُنَيَّ إِنِّي أَرَى فِي الْمَنَامِ أَنِّي أَذْبَحُكَ فَانْظُرْ مَاذَا تَرَى قَالَ يَا أَبَتِ افْعَلْ مَا تُؤْمَرُ سَتَجِدُنِي إِنْ شَاءَ اللَّهُ مِنَ الصَّابِرِينَ. فَلَمَّا أَسْلَمَا وَتَلَّهُ لِلْجَبِينِ. وَنَادَيْنَاهُ أَنْ يَا إِبْرَاهِيمُ. قَدْ صَدَّقْتَ الرُّؤْيَا إِنَّا كَذَلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ. إِنَّ هَذَا لَهُوَ الْبَلَاءُ الْمُبِينُ. وَفَدَيْنَاهُ بِذِبْحٍ عَظِيمٍ. وَتَرَكْنَا عَلَيْهِ فِي الْآخِرِينَ. سَلَامٌ عَلَى إِبْرَاهِيمَ

«Сонда (Ибраһим) «Уа, Раббым! Маған салихалылардан болатын (ұл) бер!» – (деді). Біз оны қайырымды ұлмен қуанттық. Ұлы (Исмаил) өзімен бірге жүретін жасқа жеткенде: «Балақайым! Сені түсімде бауыздап жатқанымды көремін. Қара! Сен не дейсің?» – деді. Ол: «Уа, әкетайым! Өзіңе әмір етілгенді орында. Алла қаласа, мені сабырлы деп табарсың», – деді. Олар екеуі мойынсұнғанда, ол оны маңдайымен жатқызды. Біз оны: «Уа, Ибраһим!» – деп шақырдық. «Сен түсіңді шындыққа шығардың. Біз ізгі іс істеушілерді осылай сынаймыз». Шынында бұл ашық сынақ еді. Біз оны (Исмаилды) ұлы құрбандықпен ауыстырдық. Кейінгілерге ол (Ибраһим) үшін жақсы ат қалдырдық. Ибраһимге сәлем! Шынында ізгі іс істеушілерді осылай сыйлаймыз»[2].

 

«Құрбандық пәтуалары» кітабынан

 

[1] «Мәида» сүресі, 27-аят.

[2] «Саффат» сүресі, 100-109-аяттар.

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН АДАМНЫҢ АТЫНАН ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУҒА БОЛА МА? ИСЛАМ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА

Тақырып аясындағы мақалалар

Сұрақ-жауап ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН АДАМНЫҢ АТЫНАН ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУҒА БОЛА МА?
Дүниеден озған адамның атынан сауабын бағыштау ниетімен құрбандық шалуға болады. Бірақ құрбандық шалуға міндеттелген адам ең әуелі өз атынан құрбандық шалуы тиіс....
Ислам күнтізбесі Бас имам: Қасиетті құрбан айт құтты болсын!
Құрметті қала тұрғындары! Баршамызды айтқа аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!
Ислам күнтізбесі Құрбан айтқа қатысты ең жиі қойылатын сұрақтар
«Құрбан Айт» деген атпен белгілі қасиетті Ид-әл-Идха мейрамының қарсаңында Azan.kz сайты өткен жылдардағы тәжірибеге сүйене отырып, жиі қойылатын сұрақтар мен олардың жауаптарын жариялайды...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап ЖАРИЯ САДАҚАНЫҢ ТҮРЛЕРІ ҚАНДАЙ?
Садақа беру  арқылы адам өзінің Алла алдындағы адалдығын, сенімінің шынайылығын дәлелдейді.
Сұрақ-жауап БАЛАНЫ НЕШЕ ЖАСЫНДА СҮНДЕТТЕУ КЕРЕК?
Сүндеттеу – Ислам дінінде әрі қазақ дәстүрінде ер баланың жыныс мүшесін жауып тұрған тері бөлшегін кесу арқылы жасалатын ғұрып. Араб тілінде «әл-хитан», медицина тілінде «циркумцизия» деп аталады. ...
Сұрақ-жауап ЕСІРТКІ ҚОЛДАНУДЫҢ ШАРИҒИ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
Имам әл-Ғазали «әл-Мустасфа» еңбегінде: «Шариғат бес нәрсені – дінді, жанды, ақылды, ұрпақты және мал-дүниені сақтауды көздейді. Осы бес нәрсені сақтауға бағытталған әрекеттің барлығы игі іс, ал бұл бесеуіне зияны тиетін әрекеттің барлығы зиян, оны тоқтату, алдын алу игі іс», – деген. Есірткіні қолд...
Сұрақ-жауап ИТТІҢ МАЙЫН ДЕНЕГЕ ЖАҒУҒА БОЛА МА?
Шариғатымызда иттің еті, сілекейі нәжіс, харам болып саналады. Өйткені ит азу тісті жыртқыш аңдардың қатарына жатады.
Сұрақ-жауап СУЛЫҚПЕН ДӘРЕТ АЛУҒА БОЛА МА?
Алла Тағала Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Намазға тұрар алдында беттеріңді және қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсих тартыңдар. Аяқтарыңды да тобыққа дейін жуыңдар», – деп бұйырды («Мәида» сүресі, 6-аят).  ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi