Руслан ҚАМБАР: Жақсы әкенің шарапаты
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Аср 14:43
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

Руслан ҚАМБАР: Жақсы әкенің шарапаты

| A | +

Жақсы әке – жаман балаға қырық жыл азық

 

Қазақтың әрбір сөзінде терең тәрбиелік пәлсапа бар. Жақсы әке – жаман балаға қырық жыл азық. Аталмыш нақыл сөздің түп тамыры шариғаттан бастау алады. Аталы сөз «Алла» деген адамның жақсылығы ұрпағына шарапат екенін көрсетіп тұр. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

 

إِنَّ اللَّهَ يُصْلِحُ بِصَلَاحِ الرَّجُلِ الصَّالِحِ وَلَدَهُ وَوَلَدَ وَلَدِهِ وَأَهْلَ دُوَيْرَتِهِ وَأَهْلَ الدُّوَيْرَاتِ حَوْلَهُ فَمَا يَزَالُونَ فِي حِفْظِ اللَّهِ مَا دَامَ فِيهِمْ

 

«Алла Тағала мұсылман кісінің ізгілігі (діндарлығы) себепті оның баласын, немересін және отбасы мүшелері мен үйінің төңірегіндегі көрші-қолаңды есендікте ұстайды. Олар Алланы естен шығармайынша осылай жалғасады»,[1] – деген екен. Бұл хадисті қалай түсінбек керек? Қасиетті Құранда

وَكَانَ أَبُوهُمَا صَالِحًا

 

 «Ол екеуінің әкелері сондай тақуа, жақсы кісі еді»,[2] – деген аят бар. Құрандағы бұл қисса – Мұса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) мен Қызыр хикаясының үзіндісі. Екі дос ғажайып саяхатты басынан өткереді. Соның ішінде, қос жетім хикаясы да бар. Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) жолдасымен сапарлатып бір шаһарға кіреді. Алыс жолдан шаршап-шалдыққан екеуі қала тұрғындарына құдайы қонақ екенін айтады. Бірақ, ешкім оларды үйіне кіргізе қоймады. Амалсыз екі серік қала маңында тынықпақ болған. Олар құлағалы тұрған қабырғаны көреді. Қызыр (оған Алланың сәлемі болсын) қолын тигізгенде, Хақтың құдіретімен қабырға орнына қайта тұрады. Бұл үй екі жетімге тиесілі екен. Қызыр Мұсаға (оған Алланың сәлемі болсын) мән-жайды түсіндіріп: «Қабырға астында қазына бар. Ол байлық жетімдердікі, әкесінен қалған мұра. Екеуі есейгенше қазынаны біреу-міреу қолды етпеуі үшін Алла Тағала маған қабырғаны қалпына келтіруімді әмір етті. Қос жетімнің әкесі ізгі адам еді»,[3] – дейді. Міне, бұл аяттағы оқиға «жақсы әке – жаман балаға қырық жыл азық» деген нақылды ғажап түрде түсіндіреді. Кешегі өткен әулиелер һәм ғалымдар әр намазда бала-шағасына жақсылық тілеп дұға етеді екен. Табиғиндер төресі атанған Сағид бин Мусаиб (Алла оған разы болсын) баласына:

 

 لأزيدن في صلاتي من أجلك رجاء أن أُحفَظَ فيك، ثم تلا هذه الآية: ﴿ وَكَانَ أَبُوهُمَا صَالِحًا ﴾

 

«Сенің ертеңгі күніңе алаңдап, амандығыңды тілеп намазымды арттыра түсемін», – деп «Ол екеуінің әкесі ізгі еді» аятын оқыған екен. Ибн Ражаб Ханбали (Алла оны рахым етсін):

 

وقد يَحفظ اللهُ العبدَ بصلاحِه، بعد موتِه في ذريته، كما قيل في قوله تعالى: وَكَانَ أَبُوهُمَا صَالِحًا

 

«Алла Тағала пенденің діндарлығы себепті «Ол екеуінің әкесі ізгі еді», – деп аятта айтқандай, қайтыс болған соң ұрпағын аман сақтайды», – деген екен. Табиғин Мұхаммед бин Мункадир (Алла оны рахым етсін):

 

إنّ الله ليحفظُ بالرجل الصالح ولدَه وولدَ ولدِه وقريتَه التي هو فيها، والدويراتِ التي حولها، فما يزالون في حفظِ الله وسترٍ

 

«Алла Тағала ізгі адам себепті оның баласын, немересін және ол тұратын ауылды әрі сол ауылдың айналасындағы үйлерді қорғайды. Олар Алла Тағаланың қорғауында және панасында болмақ», – деген екен. Абдулазизұлы Омар (Алла оны рахым етсін):

 

ما من مؤمنٍ يموت؛ إلَّا حفَظه اللهُ في عقبِه وعَقب عقبه

 

«Мұсылман қайтыс болса, Алла Тағала оның баласын және немересін аман сақтайды», – деген екен. Табари тәпсірінде жоғарыдағы аят жөнінде: «Аятта әкесінің (атасының) ізгілігі (діндарлығы) себепті жетімдер аман-есендікте болғаны айтылуда. Бірақ, жетімдер діндар болғаны хақында сөз жоқ. Екі жетім мен сол атасының арасында жеті ата бар еді», – дейді. Қазақта «ата» сөзі әке мен арғы ата деген ұғымды білдіргені сияқты, Құранда «әке» сөзі әке һәм арғы ата мағынасын қамтиды. Бұл қазақтың «жақсы әке – жаман балаға қырық жыл азық» деген мақалының дәл өзі. Демек, адамның ізгілігі мен діндарлығының шарапаты ұрпағына тимек.

 

Руслан ҚАМБАР

«Нұр Мүбарак» мешіті наиб имамы

 

[1] Дуррул Мансур

[2] Кәһф сүресі, 82-аят

[3] Кәһф сүресі

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
#12 Ата-ананы құрметтеу әдебі Құран мен сүннетті түсінудегі буквализм

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Исламдағы отбасы Сүннетке сай бала тәрбиесі
Соңғы кездері әлеуметтік желіде баласын ұрып-соққан, ұл мен қыздың көз жасын көлдей етіп әкесінен айырған оқиғалар жиі жарияланып кетті. Көрудің өзі қорқынышты. Жүрегің ауырады. Бұл – бала психологиясына жасалған үлкен соққы. Қаншама адам Құдайдан перзент сұрап, дұға етуде. Ал Алланың берген нығметі...
Исламдағы отбасы Ұрпақ тәрбиесінде баланың жан дүниесімен санасу
Өмірдегі ең күрделі қиын іс – адам тәрбиесі. Пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) еске алғанда ол кісінің патшалық қызметін, мемлекет құрып Медине қаласын көркейтіп дамытуынан бұрын, адамдардың жан дүниесін дөп басып ізгілікке тәрбиелеуі көбірек еске алынады. Расында да ғимаратта...
Исламдағы отбасы Дәулен ШАЙЗАТОВ: Бала тәрбиесі
Асыл дінімізде бала тәрбиесі жайында насихаттар көп айтылса, пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) өз дәуірінде сол насихаттарды іс жүзінде үлгісін көрсетті. Мысалы, қызы Фатима (р.а.) босанып, немересі Хасанды алғаш көргенде, Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) о...
Исламдағы отбасы Ақ сақалды әкеңді, ақ жаулықты анаңды жылатпа!
Әке мен ана – өміріміздің мәні де сәні осы жандар. Әрқайсысының орны ерекше құрметті. Алайда, бізді өмірге әкеліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, өз махаббатын сыйлап, қорғаштап өсірген, әр жетістігіне қуанып, қандай жағдай болмасын «менің балам алтын» деп, демеу берген ата-ананы етегі т...
Исламдағы отбасы Ұлы тұлғалардың ұрпағына насихаты
Жақсы тәрбиенің нәрімен сусындап өскен ұл-қыз – ата-анасының мерейі.
Исламдағы отбасы Баланың қарилыққа қадамы басталатын орталық
Бір күні құрбым әңгіме арасында Алматыдағы Байкен мешітінде балаларға Құран үйрететін орталық барын айтты. Шыны керек, елең ете қалдым. Бұрын-соңды естімеген едім. Іштей қуанып, орталық туралы сұрай бастадым. Құрбым азды-көпті ақпарат берді де, Instagram желісіндегі парақшаны көрсеттім. Жазбаларын қ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:43

Ақшамға дейін 00:17

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi