Серікхан АХМАДИЕВ: Ихсан ілімінің ізгілігі
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 06:52
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

Серікхан АХМАДИЕВ: Ихсан ілімінің ізгілігі

| A | +

Қасиетті Құран Кәрімнің ең үлкен нығметі – ұлы Жаратушымызды адамзатқа таныстыруы. Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала Өзін ұлықтағандай дәрежеде ешкім Оны ұлықтауға шамасы жетпейді.

Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алғашқы уахи келген күннен үмбетінің ихсан дәрежесінде өмір сүруін қалыптастырған. Себебі пенде ихсан дәрежесінде әрекет еткенде ғана кез келген іс жемісін береді. Жақсы амалдардың өзі шынайы болмаса қабыл болуы қиын болмақ. Баршамызға белгілі болғандай ихсан ілімі дегеніміз – Алла Тағаланы көріп тұрғаныңыздай немесе Алла Тағала сізді көріп тұрғанындай сезімде болуыңыз, сонымен қатар әрбір істі Алла Тағаланың ғана разылығы үшін орындауыңыз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ихсан ілімі туралы бастама көтерді. Бұл бастаманы пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дінді насихаттау жолына орай, ең бастысы әрбір істі Алла Тағаламен байланыстыра отырып, қарастырған абзал.

Бүгінгі қоғамымызда күн санап дінге бет бұрып, намаз оқушылар санының артуы барлығымызды қуантады. Алайда, әрбір дін жолын ұстанушының мінез-құлқы, іс-әрекеті, сөйлеген сөзі, ой-санасы жалпы мәдениеті дұрыс қалыптасу керек. Бұл үшін ихсан ілімінің орны ерекше болмақ.

Кез келген тақырыпты сөз еткенде Алла Тағаламен байланыстырмай жалаң, яғни ихсан сезімінде әрекет етуді басшылыққа алмай жүзеге асыру татымды жеміс бермейді. Тіпті, намаз, ораза, дәрет сынды кез келген құлшылықтардың өзін Алла үшін деген ұғымды жиі-жиі еске сала отырып үйрету аса маңызды саналады. Ұстазы Құран жаттаушы шәкірттерінен: «Бұл медреседегі жүрген мақсаттарыңыз не?» деп сұрағанда, шәкірттері: «Құранды жаттап, қари болу», деп жауап қайтарыпты. Ұстаз сонда шәкірттеріне тәлім үшін: «Негізгі сіздердің мақсаттарыңыз Алла Тағаланың разылығын алу екенін ұмытпаңдар» деген екен. Себебі, Алла Тағаланың разылығы үшін жаттау деген ұғымды бойына сіңірген шәкірт кейін қандай салада жұмыс істесе де Құран оқуын тоқтатпайтын болып қалыптасады.

Пенде үнемі құлшылық етіп жүрсе де сол жасаған әрекетін Алла Тағаламен жиі байланыстырмаса, одан алыстап кетуі әбден мүмкін. Бұл тұрғыда құлшылық жасаушының бойындағы қалыптасқан жағымсыз әрекеттерін тоқтата алмауы ойымыздың айқын дәлелі болмақ. Пенде Алла Тағаланың көріп тұрғанын сезінсе, қалайша басқа біреу туралы ғайбат сөз айтады, жаман ой ойлайды немесе біреуге қиянат жасайды. Міне, ихсан ілімінің маңызы осы тұста айқындалады.

Көркем мінез – ислам дінінде бүкіл асыл қасиеттердің жиынтығы болғандықтан көркем мінезді болу – әрбір мұсылманның арманы. Мұсылман адам сондай парасатты болуға ұмтылады. Алайда, әрбір көркем мінезді құрайтын қасиетке әрекет еткенімен оған өмірі жетпеуі мүмкін. Мысалы, әрбір мұсылманның жұмсақ болу, ашуланбау, ғайбат айтпау, жомарттық қылу сияқты асыл қасиеттерді бойына қалыптастыруы және осы қасиеттерді өмірінің соңына дейін ұстап тұруы оңай іс емес.

Ал, пенденің Алладан шынайы қорқуы және Ол көріп тұрғандай сезімде болуы бүкіл көркем мінезді қамтитын асыл қасиеттерді бойына аз уақыт ішінде жинауға және тұрақты қалыптасуына негіз болады. Сол үшін оларға ең әуелі дін үйретуді ихсан ілімінен бастаған өте маңызды.

Салыстырмалы түрде бір ата-ана баласын өте қатты жақсы көріп әдеттегідей тәрбие берді делік. Ал, екінші ата-ана баласын Алла ризалығы үшін тәрбиеледі. Бұл мәселеде екеуінің қайсысы көбірек пайдалы тәрбиеге қол жеткізеді. Әлбетте, көп жағдайда Алла Тағала көріп тұрғанын сезінген ата-ана баласына толыққанды тәрбиені ұсына алады.

Жастарымыздың отбасылық өмірді жаңа бастағанда араларындағы сүйіспеншілік өте жақсы деңгейге жететіні белгілі. Отбасы тұрақты болуы үшін сол сүйіспеншілікті Алла Тағаланың разылығымен байланыстырып отыру тәрбиенің одан сайын жақсы тұрғыдан жетілуіне өз әсерін тигізеді. Сөйтіп ақылды отбасы мүшелері әрбір өзіне қаратыла айтылған жақсы көру сөзін «Алла» үшін болу жолында аянбай әрекет етеді. Тәрбиеге қатысты кез келген озық әрекет орындалып жүрсе, міндетті түрде өз нәтижесін береді. Алла үшін жақсы көрудің нәтижесі қандай қиын жағдайда да жұбайларды сергелдеңге түсірмейді, тіпті отбасының бұзылуына тосқауыл қояды, ерлі-зайыптылардың жоғарғы деңгейде сыйластықта өмір сүруіне жол ашады.

Әдетте үй иесі қонақ келеді десе, ұят болады деп қонақты күтуге дастарханына барын салып дайындық жасайды. Алайда, келген қонағымыздан көңілімізге жақпайтын әрекетті байқасақ, көңіліміз су сепкендей басылып, ренжіп қалатын кездеріміз бар. Бұл жағдайды Алла Тағаланың разылығы үшін әрекет ету күші реттейді. Адамның бойында ұят болғанымен ол Алланың разылығымен байланыспай жатса, адамның өзін төзімді ұстауы қиынға соғады.

Ихсан ілімінің тағы бір ең үлкен берер жемісі әрбір істі Алла Тағаланың разылығы үшін жасауға үйретуі. Әдетте мұсылман Алла ризалығы үшін жасаған ісін жасыруға тырысады және сіңірген еңбегінде (еңбегім сіңді деуден) мақтаныш қылып жариялаудан немесе міндетсінуден сақтанады. Ғалымдарымыз: «Жасаған еңбегін айту Алла үшін еместігінің бір белгісі», –деп айтқан. Пайғамбарымыздан (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тәлім алған Абдулла ибн Масғуд (Алла оған разы болсын) сынды сахабалар мен ғұлама ғалымдар: «Жасаған ісім дұрыс болса Алланың жәрдемі, ал бұрыс болса өзімнен және шайтаннан», деп үлкен салмақтылықпен адамдық қасиетке негізделген тәлімі мол өнеге қалдырған. Алла Тағаланың разылығын мақсат тұту және Жаратушының көріп тұрғанындай әрекет ету пенденің жан дүниесін тыныштандырады, ең бастысы Тәңіріміздің разылығына бөлейді.

Қорыта келгенде ұлы Жаратушы әрбір ісімізді Өзінің разылығына сәйкес келуін нәсіп етсін.        

 

Серікхан Ахмадиев,

Алматы қаласы «Аманқұл ата» мешітінің имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
«Ихсан» кітабы – насихат жұмысына қажетті құнды құрал Руслан ҚАМБАР: Жақсы әкенің шарапаты

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ихсан ілімі Кәміл адамның сипаты қандай?
Барша әлем белгілі бір себеппен жаратылғаны мәлім. Адамзат сол әлемнің бір бөлшегі, демек оның да бұ дүниеге келуінде бір себеп бар. Алла Тағала қасиетті Құран кітабында «Ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы екенін сынау үшін өлім мен тіршілікті жаратқан» дей келе, адамның бұл дүниеге сынақтан өту үшін ...
Ихсан ілімі Кемел адам концепциясы һәм толық иман
2020 жылдың 10 қарашасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдаған болатын. Бас мүфти Мемлекет басшысына Діни басқарма алдағы уақытта «Ихсан» ілімін, Абайдың кемел адам концепциясын кеңінен дәріптеп, насихаттау ж...
Ихсан ілімі Төрәлі ҚЫДЫР: Діл кетсе, мұсылманшылық жоғалады
Дін деген не, діл деген не? Не үшін қазақ мәдениетінде дінмен бірге діл ұғымы қатар аталады? Жалпы исламдық таным мен түркілік рух қалай тұтастанды? Олар ортағасырлық шығармаларда қалай көрініс тапты. Осы және басқа да сауалдар төңірегінде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Ежелгі дәуір ә...
Ихсан ілімі Сопылық жол
Сопылық жол – Ислам ғылымдарының ішінде ең нәзік, ең ауыр  жолдардың бірі. Өйткені адам рухының мына жалған дүниенің қызықтарынан бас тарта отырып, өзінің нәпсі қалауларын Құдай жолында тастап жүрегі мен көңілін оған байлау....
Ихсан ілімі Тасаууф ілімінің исламдағы орны
Тасаууф ілімінің тілдік мағынасын қарастырар болсақ, «тасаууф» сөзінің бірнеше мағыналары бар. Біз соның бірқатарын ғана айтып өтеміз:
Ихсан ілімі ИХСАН дегеніміз...
Ихсан сөзі жақсылыққа жеткізу, жақсылық жасау, бір нәрсені соңына дейін орындау, тиянақтылық, шынайылық деген сынды мағынаны білдіреді. Ал шариғатта «амалдарды Алла көріп тұрғандай сезімде орындау» дегенге саяды....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 06:52

Бесінге дейін 02:09

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi