Мұратхан Махмет: Магистратура мен докторантураға қабылдаудың жаңа тәртібі қабылданды (сұхбат)
Биылғы оқу жылындағы магистратура мен докторантураға қабылдаудың жаңа тәртібі туралы университет оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Мұратхан Махметпен сұхбаттастық.
– Биыл Нұр-Мүбарак университеті қандай білім беру бағдарламалары бойынша магистратура мен докторантураға талапкерлер қабылдайды?
– Университет Исламтану және Дінтану білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөліміне азаматтарды қабылдайды. Ал қабылдау – республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау және білім алушылардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
– Магистратура бөліміне құжат қабылдау мерзімі қалай бекітілген және талапкерлер қандай құжаттар өткізуі керек?
– Нұр-Мүбарак университетінің магистратурасына түсушілердің өтініштерін университеттің қабылдау комиссиясы қабылдайды. Азаматтардан құжат қабылдау күнтізбелік жылдың 15 маусымы мен 15 шілдеаралығында жүргізіледі. Магистратура білім беру деңгейіне түсуші тұлғалардан – өтініш, диплом, жеке іс парағы, 6 дана сурет, 086-у формасындағы медициналық анықтама, жеке куәлік көшірмесі және ғылыми немесе ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі қатарлы құжаттар талап етіледі.
Көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда, қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
– Магистратураға қабылдау үшін талапкерлерден қандай түсу емтихандарын тапсыру талап етіледі?
– Исламтану білім беру бағдарламасы бойынша магситратураға түсуші үміткер 20-28 шілде аралығында араб тілі бойынша түсу емтиханын және 1-15 тамыз аралығында «Діндер тарихы» және «Қазақстандағы қазіргі діни жағдай» пәндері бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсыру міндетті.
Ал дінтану білім беру бағдарламасы бойынша 1-15 тамыз аралығында шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілдері), «Діндер тарихы» және «Қазіргі дәстүрден тыс діни қозғалыстар және культтер» қатарлы пәндер бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі кешенді тестілеуді тапсырады.
– Дінтану білім беру бағдарламасына түсетін тұлғалар ағылшын тілін тапсырудың орнына қандай да бір сертификаттар тапсыра ала ма, болса қандай?
– Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес, шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар КТ-ның шет тілі бойынша төмендегідей тестінен босатылады;
– Ағылшын тілі: International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 6.0;
– IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор), шекті балл – кемінде 6,0;
– Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – кемінде 543;
–Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 60;
–TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) Test of English as a Foreign Language Paper-based testing, шекті балл – кемінде 498;
– Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест), шекті балл – кемінде 95;
– CEFR (Common European Framework of Reference – СиИэФаР (Коммон Юуропиан Фреймуорк Ов Рефэрэнс), шекті балл – В2;
– Неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, NiveauC1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (NiveauC1/С1 деңгейі);
– Француз тілі: Test de Franзais International™ – Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).
– 2020-2021 оқу жылындағы докторантураға құжат қабылдау кезеңі қалай бекітіліп отыр?
– Нұр-Мүбарак университетінің докторантурасына өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 3 шілде-3 тамыз аралығына дейін жүргізіледі. Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 4-20 тамыз аралығында өткізіледі.
– Докторантура түсуші талапкерлер университет қабылдау комиссиясына қандай құжаттар өткізуі қажет?
– Докторантура түсуші талапкерлер ректордың атына өтініш, жеке куәлігінің көшірмесі, магистр дипломы, отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшілер келісімі бойынша жобаланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі, ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі, жұмыс орнынан немесе жоғарғы оқу орнынан ресми бланкте жазылған ұсыныс хат, кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі, еңбек өтілі ретінде көрсетілген мерзімге сәйкес келетін зейнетақы аударылымдарын растайтын құжат, 3×4 көлемдегі 6 фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама қатарлы құжаттар өткізуі қажет.
– Талапкерлер докторантура білім беру бағдарламаларына қабылдану үшін қандай емтихандар тапсыруы керек?
– Докторантураға түсушілер шет тілін маңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілікке (стандарттарына) сәйкес, шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынады және өзі таңдаған білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханын тапсырады.
– Докторантураға түсушілер үшін шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттардың шектік балы қандай болу керек?
– Докторантураға түсушілер шет тілін маңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілікке (стандарттарына) сәйкес, шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынады:
– Ағылшын тілі: International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 5,5;
– IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор), шекті балл – кемінде 5,5;
– Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – кемінде 460;
– Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 46);
– Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 453;
– Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест), шекті балл – кемінде 85;
CEFR (Common European Framework of Reference — СиИэФаР (Коммон Юуропиан Фреймуорк Ов Рефэрэнс), шекті балл – В2,
– неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі);
– француз тілі: Test de Franзais International™ – Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise — Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).
– Магистратура және докторантураға үміткерлердің университетке қабылдануындағы шекті балы қандай?
– Магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау үшін үміткер Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша 150 балдық бағалауға сәйкес кемінде 50 балл жинауы керек, бұл ретте: шет тілі (исламтану білім беру бағдарламасы үшін араб тілінен) бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл жинаған болу керек.
Ал докторантураға тұлғаларды қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес, шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және білім беру бағдарламалары бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша мүмкін болған 100 балдан кемінде 50 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім гранты бойынша докторантурада білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 75 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.
– Кешенді тестілеу және шет тілінен түсу емтихандарын тапсыру барысында талапкерлер неге көңіл бөлуі керек?
– Әрбір талапкер емтиханға кіргеннен кейін емтихан тапсыру тәртібін қатаң сақтауы тиіс. Металл іздегіш тексергеннен кейін тестіленушіде тыйым салынған заттар анықталған жағдайда, тиісті акт жасайды және оқуға түсуші ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді. Кешенді тестілеу нәтижелеріне талдау енгізіледі, Кешенді тестілеу бейнежазбаларын қарау жүргізіледі және тыйым салынған заттардың пайдаланылуы, сондай-ақ Кешенді тестілеу өткізу ережелерін бұзу анықталған жағдайда, Кешенді тестілеу нәтижелері мен білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелері жойылады.
– Биылғы қабылдау ережелерінде тағы қандай жаңа өзгерістер болғанын айта кетсеңіз…
– Басында айтып өткеніміздей, биыл исламтану білім беру бағдарламасы сияқты араб тілін білуді қажет ететін мамандықтар үшін араб тілінен түсу емтиханын тапсыруға рұқсат берілді. Сонымен қатар, магистратураға түсушілер үшін IELTS, TOEFL шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттардың балдары 6.0-ге дейін артты. Магистратурада шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар тізбесіне енгізілді — IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор) – кемінде 6,0, DuolingoEnglishTest (Дуолинго Инглиш Тест) – кемінде 95.
– Жаңа оқу жылына талапкерлер қабылдауда университет проректорының бұйрығымен қабылдау комиссиясы құрылғаны белгілі. Жалпы, осы комиссия қандай қызметтер атқарады?
– Қабылдау комиссиясы университет контигентін қалптастырудағы маңызды құрылым. Аталған комиссия талапкерлерді магистратураға қабылдауда түсушілерге таңдаған білім беру бағдарламалары тобының мәселелері бойынша консультация беруді, кешенді тестілеу, түсу емтиханының рәсімімен түсіндіреді. Сондай-ақ, араб тілінен түсу емтиханын өткізуді ұйымдастырады.
Ал докторантураға қабылдау үдерісі кезінде қабылдау комиссиясы түсушілерге таңдаған білім беру бағдарламалары бойынша консультация беріп, түсу емтиханының рәсімімен таныстырады, түсушілердің құжаттарын қабылдайды және тексеруді ұйымдастырады. Сонымен қатар, білім беру бағдарламалары бойынша түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Сұхбаттасқан: Ақтолқын Тажикова
nmu.kz
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.