ТІЛГЕ ТОҚТАМ БОЛСА...
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

ТІЛГЕ ТОҚТАМ БОЛСА...

| A | +

Ұлттық сөз өнерінің зергері, қай шығармасы болсын оқырманды бей-жай қалдырмайтын қарымды қаламгер Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы «Неге біз осы...» деп басталатын Тағанның монологы бәрімізге таныс шығар иә?

«Неге біз осы өтірік сөйлейміз, өтірік күлеміз, қысқасы - өтірік өмір сүреміз, а? Неге біз осы өзіміздің бұл әлемге артық, түкке де керегіміз жоқ бейшара мүскін екенімізді мойындамаймыз... неге біз осы қатыгез де, қасиетсіз болып кеттік» деген сөздердің өзі айтпақ ойымыздың ауанын дәл басқандай-ақ... Шынымен де неге біз осы осындай қалыпқа еніп кеттік?! Қолымыз қалт етсе, біреудің қателігін қылға тізіп, шалыс басқанын бетіне басатын жаман әдет таптық. Ол аздай оның намысын жер бауырлатып, абыройын аласартатын кеселді байлап алдық. Өзге түгіл өзіңе де тек кесепаты мен кесірін тигізетін бос сөз, құр даурықпадан, балағаттан, қарғап-тілдеуден, жала мен өтіріктен ауылымызды алыс салсақ керемет емей немене?! Қазіргі күні көпшілігіміздің пайдасыз әңгімелерге, өсек-аяңға, тірліктің болмашы ұсақ-түйектерін сөз етуге құмартуымыздың себебі неде екен... Әлде аузымыздан шыққан, тілімізден тапқан әр сөзімізге жауап беретінімізді ұмытып кеттік пе екен...

Қасиетті Құранның «Қаф» сүресінің 18-аятында: «Ауыздан шыққан әр сөздің аңдушысы бар», - делінеді. Ал, пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын﴿ өз хадисінде: «Кімде-кім сөйлемей, тыныш тұрса, бәледен құтылады», - деген. Демек, әр айтылған сөздің сұрауы да, соған сәйкес жазасы да бар деген сөз. Қарап отырсақ, шариғат танымдарының қазақы даналықтармен орайлас келетіні тектен-тек емес. «Үндемеген үйдей пәледен құтылады» деген қазақ мақалының астарында да пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын﴿ даналығы жатыр. Отыз тістен шыққан сөз, қырық рулы елге тарайтынын да осындай хадистен ұғынғандай боламыз.

Ауыздан шыққан әрбір сөздің аңдушысы дайын екенін айтқан Құран сөзі де "сөйлер сөзіңе есеп бер" дегенді нұсқайды. Өйткені, аңдамай сөйлеген сөз кейде адамды көрсоқырлыққа апаратынын ұмытамыз. Тіліне сақ болып, тыныш тұру – даналықтың бір белгісі екенін әрдайым санада берік ұстаудың өзіндік маңызы бар. Тілден туындайтын кесепаттың мысалдары жетіп артылады. Айталық: ғайбат айту, өсек тасу, арсыз сөз сөйлеу, пайдасыз әңгіме, жалған сөйлеу, құпия сырды жаю, уәдені бұзу, орынсыз әзілдеу, мазақтау, келемеждеу, өтірік мақтау, екі сөйлеу сынды кеселдер де пенде баласын жақсылықтан жылыстататыны имандай шындық.

Ардақты пайғамбарымыздың бір хадисінде:

«Кімнің сөзі көбейсе, қателесуі көп болады. Кімде-кімнің қателесуі көбейсе, күнәсі көбейеді. Кімнің күнәсі көп болса, тозаққа лайық болады», - делінеді.

Адам шынында күнәнің көбін тілінен табады екен. Шындықты бетке айттым деп біреуді еш негізсіз ғайбаттау көріністері аз кездеспейді. Осылай адал адамды қаралап, өзі осы қылығы арқылы күнә арқалайтынын білмей қалады. Сөйлеген әр сөзіне есеп бере алмай, ғайбат істің жетегінде жүргендерге иман ғана таразы бола алады. Алла Тағала Елшісі (оған Аланың салауаты мен сәлемі болсын﴿: "Кімде-кім бауырының кемшілігін жасырса, Алла Тағала ондай адамның айыбын жасырады", - деп ұдайы айтқанын әркім өз санасына берік түйсе ләзім болар еді.

Шариғат сабақтары қазақы қоғамның барлық тұстарында көрініс беретінін де жоққа шығара алмаймыз. Шешендік сөздердің өн бойы осындай сырларға толы. Қазақ – бір ауыз сөздің қадірін ұғынған халықтың бірі. Талай дау-дамайдың түйінін ағытқан бабаларымыз бір ауыз сөздің қарымын қадірлей білген. Себебі, қазақтың ақыны да, шешені де, батыры да ұйқастырып бір ауыз сөз айта алатын дәрежеде болған. «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, бес дұшпаның білсеңіз», - дегенде Абай атамыз бес дұшпанның үшеуі – өсек, өтірік, мақтаншақтық тілмен өрбитінін айтады. Өсек айтып, ғайбат сөйлеу – адамды күнәге жетелесе, мақтаншақтық тәкәппарлыққа жетелейтінін ащы сынмен түйреп өтеді. Шынында, қазақ арасында имани ұғымға қайшы келетін мұндай мінез-құлықтар көптеп кездеседі. Ол бүгінгі күннің ащы да болса шындығына саяды.

Дала ділмарларының «Көнектей басыңа шүмектей тілің жау» деген бір ауыз сөзінің өзі неге тұрады... «Сөз қадірін білмеген – өз қадірін білмейді» деген данагөйлеріміз «Құлаққа кірген суық сөз, көңілге барып мұз болар» деп сөз семсерін оңды-солды серпи берудің көңіл жаралайтынын, сондықтан, әрбір сөзге абай болуды, сөзбен жұбатуға да, жылатуға да болатынын меңзейді.

Адам ақылының, көңіліндегі көрікті ойларының отыз тісті жарып тұрып, сыртқа шыққандағы айнасы саналатын тілімізді Рақымы мол Жаратқан ғайбаттан тазартуды нәсіп қылсын! Қара басымызға кесір-кесепатын тигізетін, бәле-жаланы жуықтататын тілімізге тоқтам салып, айтылған әр сөзіміз бен әр ісіміздің зияны да, пайдасы да тек өзімізге тиетінін көңіл зердемізге тоқысақ екен. Әмин!

 

Пернебекұлы Темірбек

"Нұрлы тау" мешітінің найб имамы

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
РАМАЗАН БУТИ НЕГЕ ЖЫЛАДЫ? ӨЗГЕ ДІН ӨКІЛІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Әдеп (этика) Жақсы сөз – жан азығы
Алла Тағала адамды көркем бейнеде жаратқаны ақиқат. Бұл жерде тек дене-бітімімізді, жан дүниемізді ғана емес, бізге берілген ойлау, көру, есту, сөйлеу сынды қасиеттерді де меңзеп отырмыз. Соның ішінде, сөз арқылы өз ойларымызды жеткізу қабілетінің орны бір бөлек....
Әдеп (этика) Әлеуметтік желі әдебі
Қазіргі таңда смартфон, гаджеттер айнымас серігімізге, ал әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Біріміз қажеттілікпен, кейбіріміз көптен қалмайын деп тіркеліп, құрылғының бетін ғұмырымыздың айнасы етіп үлгердік. Біреудің күнкөріс кәсібіне, енді біреудің ермегіне айналған желі...
Әдеп (этика) Үлкенге құрмет - ізеттілік белгісі
Алла Тағаланың барша адамзатқа жіберген діні – Ислам. Ислам адам баласын өмірге келуінен бастап, бұл дүниеден аттанғанға дейінгі аралақтағы кездесетін барлық түйінді мәселелердің шешіміне жауап бере алады....
Әдеп (этика) Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Ихсан ілімі ізгілікке тәрбиелейді
«Ихсан» – бағзы заманнан мұ­сыл­мандық жолды ұстанған қазақ халқының діни түсінігіне етене жақын ілім. Осы ілімді қалыптастыруға Түркістан діни мектебінің негізін ­салушы Қожа Ахмет Ясауи бабамыз және оның ізбасарлары ерекше еңбек сіңірді. Ортағасырлық тарихи деректерге сүйенсек, Қожа Ахмет Ясауидің...
Әдеп (этика) Бауыржан КӨПТІЛЕУОВ: Өтірік сөйлеудің зияны мен зардаптары
Барлық мақтау әлемдерді жоқтан бар еткен Алла Тағалаға ғана тән. Оның елшісі Мұхаммед пайғамбарға сәлемдер мен салауаттар жолдаймыз. Алла Тағала адамзатты жаратқаннан соң ақ пен қараны, адал мен арамды, жақсы мен жаманды хақ діні арқылы нақты ажыратып берді. Біз бүгін Ислам шариғаты бойынша үлкен кү...
Әдеп (этика) Жомарт КЕРШЕЕВ: Уәдеге берік болу
Уәдеге беріктік, опалы болу сөздерінің тілдік мағынасына көңіл бөлсек, ол – алдау, опасыздық жасау, сатқындық деген сөздердің антонимі болып табылады. Қазақ халқында бұрыннан келе жатқан «Уәде – құдай аты» деген терең мағыналы сөз бар. Бұл сөз не үшін мәнді? Себебі, берілген уәде бұзылып, оның қоғам...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 03:51

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi