ЫНЖЫҚ ЖӘНЕ ПЫСЫҚ БАЛА
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

ЫНЖЫҚ ЖӘНЕ ПЫСЫҚ БАЛА

| A | +

Алла Тағала адам баласын дүниеге сынақ үшін жіберген. Сынақ, Адам атадан басталып күнімізге дейін, тіпті ақыр заманға дейін жалғаса береді. Бала тәрбиесіндегі сынақ, ерлі-зайыпты болып, отбасы құрудан, шыр етіп перезент үнінің естілуімен басталады. Әрине, сәбидің дүние есігін ашуымен әулетте үлкен қуаныш, шаттық орын алып бір сәт болсада мәре-сәре болып қаламыз. Осы орайда іңгәлап сыртқы ортасынан бейхабар, тәтті ұйқыда жатқан сәбидің, келешегі жайлы ойланып көрдік пе? «Әлі сәби ғой, нені түсіне қояр дейсің?» деген салғырттық, немқұрайлық танытып жүрміз бе?

Алла Талағала Құранда: «Дүние-мүліктерің де, бала-шағаларың да сендер үшін сынақ, одан басқа түкте емес. Ал ең үлкен сый-сияпат, ең зор сауап Алланың құзырында» дейді (Тағабун сүресі 15-аят). Бұл аяттан аңғарғанымыздай ата-ана балалары мен сынаққа алынатындығы ерекше назарға алынған. Бұл сынақтың негізгі іргетасы "балаларға қандай тәлім-тәрбие бердің?" деген сұрағы алғашқылардың бірі ретінде өзекті мәселе екендігін сақтауда.

Ал, Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Әрбір бала (Ислам) болмы­сында туылады. Ата-анасы оны яһуди немесе насрани (христиан) яки болмаса мәжуси қыла­ды», – деп айтқан (Бұхари, Тәфсир 2).

Осы хадистің аясында әйгілі ғұлама, ғалым Имам Ғазали «Ихияу улумуддин» атты еңбегінде бала тәрбиесіне арналған бөлімде, баланы адамгершілігі мол алғыр, парасатты етуде мына қағидаларды ұстануға кеңес береді: «Бала дүние есігін ашқаннан бастап бақылауда болуы керек, назардан тыс қалдыруға болмайды. Оны діндар, ізгі, астың адалына көңіл бөлетін әйелдің емізгені дұрыс. Өйткені харамнан пайда болған сүтте береке жоқ. Харам сүт емген баланың табиғаты лас істерге жақын келеді. Сондай-ақ, балада ақыл пайда болғанда, оны жақсылап тәрбиелеу керек. Бұның алғашқы белгісі ұят сезімінен аңғарылады. Бала ұялып, бірқатар іс-әрекеттерін доғара бастаса, онда ақыл нұры пайда болды деген сөз. Бұл Алла Тағаланың балаға берген сыйы. Бұл жағдай бала мінезінің орнықты бола түскенін, жүрегінің пәк, балиғат жасында ақылы толысатынын ұқтырады. Осы тұрғыдан ұялшақ баланы қараусыз қалдыруға болмайды. Қайта оған ұялу мен ұялмау керек жағдайларды үйрету дейді.

Ал отандық педагогтар жаңа туылған сәбидің миы тап-таза қағаз секілді болады дейді. Олардың  жүректері пәк, таза, гауһардай құнды. Бала жас шыбықтай иілгіш келеді. Кез-келген пішінге салуға болады. Құнарлы топыраққа ұқсайды. Құнарлы топыраққа не ексең, соның жемісін аласың. Сондықтан бала неге бейімделетін болса, сол бойынша бағыт алады, сол бойынша өседі. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. «Сен адам болмайсың», «Сенен қойшы да шықпас» деген секілді айыптаулардан ұзақ болу керек. Бұлар баланың өзіне деген сенімділігін азайтып, адами қасиетін жоғалтады, ынжық болуына себеп болады дейді.

Сонымен қатар, өз-өзіне деген сенімсіздік, ынжықтық көбінесе жеткіншек шақта немесе кіші жаста отбасы ішіндегі тұрақты үйлесімсіздік, ұрыс-керістердің нәтижесінде орын алады. Қызу қанды болу, баланы үнемі жазаландыра беру және отбасы ішінде балаға екі бөлек тәлім, екі тараптық ықпал ету үрдісі, жұптардың арасындағы кикілжіңдер балаға едәуір мөлшерде кері әсерін тигізеді. Ата-ананың ойлары бір-біріне үйлеспей, тиянақсыз шығатын болса, бала да тиянақсыз ойлайтын, жасқаншақ, жалтақтағыш, ынжық болатындығы тілге тиек етіледі.

Ал баланы кішкентайынан түсінуге тырыссақ, соғұрлым өзімізге жақын болады, ашыла түседі. Ынжықтық, ұяңдық мінез-құлқынан арыла түседі. Баланы қайсар, сенімді, пысық етіп тәрбиелеу үшін оларды ең алдымен өз ұлтының тілін, дінін, салт-дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін, тарихы мен өнерінен терең танысып білуіне жол ашу қажет. Жас кезінде тәртіпті, жүйелі өмір сүрулерін қамтамасыз ету керек. Бала белгілі бір уақыттарда, белгілі нәрселермен айналысуы керек. Осылайша бала тәртіпке, жүйелі өмір сүруге бейімделеді және кейін жүйелі түрде өмір сүреді. Тек ойын ойнап жатқан кезде оны өз халіне жіберу керек. Бірақ бұл да өз білгенін істетіп қою деген сөз емес. Ойнап жатқан кездерінде немен айналысып жатқанын байқау керек. Бала өзіне және айналасына зиян келтірмей, өз білгенінше ойнап жатқан болса мәселе жоқ. Бірақ осындай бос уақыттарында өзіне және айналасындағыларға зияны тиіп жатқан болса, бұл істің алдын алу керек.

Сондай-ақ, баланы отбасынан, мектептен тыс адамдармен сөйлесуге, қарым-қатынас құруға, бақша, кітапхана, кешкі серуен дегендей әлеуметтік орталарға көп ертіп бару да маңызды. Бұл амал оның кейін бөтен ортаға тез үйлесіп кетуіне тиімді  екендігін педагогтарымыз қадағалап айтады.

Имам Ғазали балалардың ынжық, жәутең болмаулары үшін ата-аналарға және педагогтарға ескертулер жасайды: «Балаға жиі-жиі ұрысқан дұрыс емес. Өйткені көп ұрысу ұрыстың әсерін жояды. Нашар қылыққа баруды оған жеңіл етіп көрсетеді. Айтудың оның көңіліне әсері болмай қалады. Әке баламен сөйлескендегі сұсын сақтауы тиіс. Осы себепті баланы анда-санда ғана ұрысу керек. Ана болса, балаға әкесіне деген құрметті үйретіп, нашар қылықтардан алыс ұстағаны мақұл. Егер кей жағдайларда бала қателік жіберсе, көз жұмып қараған да дұрыс. Баланы ұятсыздыққа итермелемеу керек, айыбын әшкерелемеген жөн. Әсіресе, бала ол қылығын жасырғысы келсе. Кері жағдайда бала қателікті ашық жасаудан қымсынбайтын болады.

Сонымен қатар, бала Құранды және хадистерді, ізгі-жақсы адамдардың әңгімелері мен жағдайларын үйренуі керек. Сонда жүрегінде ізгі-жақсы кісілерге деген сүйіспеншілік орнайды. Бала бұған қоса ұятсыздықты дәріптейтін өлеңдерден, әндерден алыс болғаны жөн. Өйткені баланың жүрегіне жамандықтың дәнін себеді дейді.

Алла Тағала: «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңді әрі отбасыларыңды отыны адамдар мен тастардан тұратын алапат оттан қорғаңдар....» деген (Тахрим сүресі 6-аят).

Дінімізде бала қанша жерден ата-анасына, олардың қорғауы мен бақылауында болса да, негізінен оларға емес, Аллаға тиесілі. Сондықтан да ата-ана балаларының иесі емес, аманатшылары. Өздеріне берілген осы аманатты көздерінің қарашығындай сақтап, тәрбиелеп, қоғам қатарына қосуға міндетті. Аманат болғандықтан оларға қалауларынша билік жүргізуге де құқықтары жоқ. Балаларын тамақтандырып, киіндіріп, оқытып, мақтап немесе жазалаған кездің өзінде Алланың разылығына сай әрекет етуге мәжбүр. Өйткені аманат иесі, баладан, қалай қарағандарын, қалай тәрбиелегендерін, қалай қарым-қатынас жасағандарын, не беріп не қойғандарын тегіс сұрайтын болады.

Жаратқан Иеміз бала дүниеге келгенде болмысына үлкен бір нығмет берген. Ол – қабілет. Ол – адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиет. Әке-шеше алғашқы күннен бастап баланың бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, қай мамандыққа ыңғайлы болатындығын, еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, осы негіздер шеңберінде қабілетін шыңдай түсіп, дұрыс бағыт-бағдар бергені жөн. Дана халқымыз: «бұлақ көрсең көзін аш!» дейді. Осы орайда, ата-аналар және ұстаздар Ислам ғалымдарының және отандық педагогтар мен психологтар бала қабілетін қалыптастыру жайындағы зерттеу жүргізген еңбектеріне ерекше мән беру қажет.

Мақаламыздың басында балаларымыздың сынақ екендігін айттық. Сынақтың ауқымы, мүмкіншіліктердің қолжетімді болумен ғылым мен технологияның ғарыштап дамуымен кең өріс алып отыр. Технологиялық зор мүмкіншіліктердің нәтижесінде қазіргі таңда әлеуметтік желіні еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін күнделікті қолданады. Виртуалды әлем, яғни ғаламтор арқылы өмір сүруге дағдыландық. Қонаққа барсақ та өзара шүйіркелесіп әңгімелесудің орнына, телефонға телміретін болдық. Балаларымызды тәрбиелеуші ұялы телефондары. Олардың сырластары да, мұңдастары да – әлеуметтік желі. Сондықтан ата-ана және ұстаздар балаларды ынжықтыққа тәрбиелеп жатқан, әлеуметтік желілердің артықшылықтармен қатар кемшіліктері көп екендігін назарларына ұстап, әлеуметтік желілердегі барлық ақпараттардың сүзгіштен өткізіп барып қолдану жолдарын үйретуіміз керек болар. Тіпті баланың дарындық қабілетін тежеп, қияли әлемге итермелейтін, ғаламторға тәуелді болатын әлеуметтік желілерге мемлекет тарапынан тыйым салу керек шығар.

         

Бостандық аудандық 

«Байкен» мешітінің наиб имамы

Саясат Көкенай

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ӨЗ ХИКМЕТІ БАР АХАТ АРҚЫЛЫ НЕКЕ ҚИЮДЫҢ ШАРИҒИ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Исламдағы отбасы БАЛА АТА-АНАҒА ҚАРАП БОЙ ТҮЗЕЙДІ
Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әрбір бала (иман) болмысымен туады. Ал, ата-анасы баланы яхуди я болмаса христиан немесе отқа сиынушы етеді. Міне бұл, жануардан жануар туғаны сияқты. Төлдің құлағы кесілген күйде туғанын көрдіңдер ме?[1]», - деген....
Исламдағы отбасы БАУЫРЫҢ ҚАТЕЛЕССЕ, КЕШІРЕ БІЛ...
Бауырмалдық – Алла Тағаланың мұсылман үмбетіне берген ұлы нығметінің бірі. Шынайы бауырмалдық – ықыласты, тақуа пенделерге Алла тарапынан берілетін сый. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Ол (Алла) мүміндердің жүректерін қосты. Жер жүзінің байлығын түгелдей жұмсасаң да, олардың жүректерін дәл осылай ...
Исламдағы отбасы ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНІҢ НӘЗІК ТҰСТАРЫ
Жарқын болашақтың негізі кім екенін білесіз бе? Әрине,  ол саналы, салиқалы ұрпақ.  Ал ондай ұрпақтың бастамасы  кім екенін білесіз бе?  Ол - әйел. 
Исламдағы отбасы ЖӘННАТ - АНАНЫҢ АЯҒЫНЫҢ АСТЫНДА
Жуырда мешітке бір 82 жастағы әже келді. Ата-бабаларына құран хатым шығартқысы келіпті. Құран хатым түсіріп бердік. Бағыштадық. Қабыл болсын.
Исламдағы отбасы ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ
 Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастырады. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты....
Исламдағы отбасы ИМАНДЫЛЫҚ – ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ
«Иманым – жиғаным» деп түсінген қазақ халқы ұл мен қызының тәрбиесіне аса мән беріп, олардың бойына имандылыққа негізделген құндылықтарды сіңіруге тырысқан. Халқымыз бала тәрбиесінде «Үлкеннің жолын кеспе!», «Үлкенге құрмет көрсет!», «Үлкендердің сөзін бөлме!» деп тәрбиелеген. Осы тәрбиенің нәтижесі...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi