ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ "УАХХАБИЛІК" ДҮНИЕТАНЫМ
Қазіргі кезеңдегі әлемде адамдар мен қоғамның өзара әрекеттесуі құбылмалы жағдайға жетті. Бұл кезең қоғамда өмір сүріп жүрген адамдардың өміріне жағымды үлесін тигізсе де теріс салдарын да туғызуда. Ислам атын жамылған қозғалыс пен ұйымдар жаһанданудың осы бір вакуумын пайдаланып, өзінің ықпал ету аумағын кеңейте алды және тек белгілі бір аймақпен шектелмей әлемге қауіп төндіре бастады.
Елімізде дәстүрлі емес немесе деструктивті діни ағым мен дүниетаным жақтаушы азаматтардың бар екенін баршамызға мәлім. Оңай жолмен қыруар қаражатқа қол жеткізу, жұмыссыздық, дін бағытындағы білімсіздік, білікті теологтардың аздығы секілді себептер жастардың деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып жатқанына барлығымыз куәгер болып жүрміз. Егемендік алғаннан күні бүгінге дейін жастардың қолдауына ие болған ағымдардың арасында «Уаххаби-Салафилік»,
«Уаххабиліктің» негізін Мұхаммед б. Абдулуаххаб (1704-1787) қалайды. Ол жас күнінде атақты тасауфты теріске шығарушы ибн Таймияның шығармаларын оқып танысады. Кейін бұл ілімді теориядан тәжірибеде ұластыруға күш салады. «Уаххабия» пікірін қылыштың жүзімен жүзеге асыруға тырысқан Мұхаммед б. Сууд болатын. Ол, Мұхаммед б. Абдулуахабтың туысы еді. Мұхаммед б. Сууд өзінің қатал әрекетін «сүннетті тірілтіп, бидғатты өлтірушілік» – деп ұқтырды.
«Уаххабия» өкілдері өздерінің пікірлерін ақиқат деп, өзгелердің пікірлерін тек қана теріске шығарып отырады. Кесенеге зиярат жасаушылықты, Аллаға серік қосушылық деп түсінеді. Яғни, «Уаххабия» өкілдері адамдардың жеке тұлғаға деген құрмет көрсетуі мен Аллаға табынушылықтың аражігін ажыратып жатпайды.
«Уаххабия» пікірінше, иман мен күпірлікті ажыратып көрсететін амал таухид болып саналды. Амалдық таухидке қайшы іс-әрекет жасаушыны, яғни Алладан жәрдем сұрамаған және Алланың тиым салған немесе бұйырғанын орындамаған адам кәпір болып табылды. Бұндай адамның жанын қию және дүние-мүлкін талан-таражға салуды адал деп білді. «Уаххабияның» көзқарасынша амалдар иманның бір бөлігі саналды. Яғни, іс-әрекетінде Алланың дініне қайшылық болса, ол адамды имансыз деп бағалады. Олардың бұндай түсініктері харижиттердің өздерінің пікірлерін қолдамағандарды күпірлікпен айыптауы секілді дүниетанымынан бастау алады.
Тәуассулге «Аллаға серік қосу» деп те қарайтындар бар. Алайда тақуа адамның құрметіне Ұлы Жаратушыдан мұқтаждығыңды сұраудың Аллаға серік қосумен ешқандай байланысы жоқ. Себебі, тәуассулда сұралатын нәрсе басқадан емес, тек Алладан сұралуда, оған қоса сұралған нәрсені орындаушы дәнекер етілген адам емес, Алланың жалғыз өзі болмақ.
Жихадтық сәлафилікті күн тәртібіне алып келген және пікір-таластар туындатқан ИШИМ мен Уаххабилік дінді догматикалық түсінуінің себебінен көптеген түсініспеушіліктер тудыруда. Ибн Таймия сопылықтағы зүһд феноменін дінге қарсы деп айтпаса да, ИШИМ де, уаххабилік те тасауфтың пайғамбар қайтыс болғаннан кейін пайда болды деген негізде діннің саф әрі таза қалпына қайшы келеді деп айтқан болатын.
Дәл сол секілді қабірлер мен кесене дәстүрі, мешіттердің сәнделуін, дінге біте қайнасқан мәдени элементтер, зат пен сандарға қасиеттілік ұғымдарды таңу секілді көптеген нәрселерді бидғат ретінде санап, діннің тысындағы нәрселер деп жариялаған. Ширктерді жою, таза таухидтің кең таралуы және осы екеуін жүзеге асыру үшін жихад жасауды ұйғарған саләфиліктің бұл екі жүзі де шииттердің дұшпандығының арқасында қарама-қайшылықтар тудыруда.
Шиттерді Әлиді шектен тыс құрмет көрсеткендіктері үшін мушрик санатына жатқызуымен қатар, өздерін Исламның Сүнниттік бағытының жалғыз ғана өкілі деп түсіндіреді. Бұл оқшаулау және мойындамау, төмендету секілді көзқарастары үшін саләфиліктің дүниетанымы ішінара және сыртқы факторлардың әсерінен көп қарсылықтарға кезікті. Әрине, ИШИМ мен «Уаххабилердің» такфирлік іс-әрекеттері «таза дін» талабының қару ретінде қолданғандығын көрсетеді. Өзінің теологиялық негіздерін саләфилік дәстүрге негіздейтін ИШИМ сыртқы келбетімен экстремистік іс-әрекеттерге бейім сипаты Ислам тарихында халифа Әлиге қарсы «Алладан басқа ешкім үкім бере алмайды» ұранымен көтеріліске шыққан Харижиттермен байланыстырылады.
Кесенелерге зиярат етушілердің басым көпшілігі рухтарға құрмет көрсету мақсатында барады. Олардың сыртқы пішініне қарап, кесенеге табынып жатыр деуге әсте болмайды. Олардың жүрегінде кесенеге келумен Аллаға жақындадық деген сезім ғана өтеді. Яғни, сыртқы пішін жүректің жаршысы бола алмайды. Себебі, адамның жүрегінде не бар екендігі Аллаға ғана мәлім.
Ажимов Бекжан
"Абдулла" мешітінің наиб имамы
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.