Басты бағдар
Ақтөбе
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Таң 07:05
Ақтөбе
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Ақтөбе
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
07:05 08:38 13:04 15:33 17:19 18:52
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

Басты бағдар

| A | +

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

 

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алла­ның атымен бастаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» стратегиялық мақаласында тәуелсіздіктен тағылым алу керектігін айтты. Президент осы мақаласында елдің көкейінде жүрген, халық күткен мәселелерді қозғап, алда атқарылатын бірқатар іс-шаралардың басты бағдарын құрып берді.

Бүгінде тәуелсіздігіміздің арқасында жоғымызды таптық, іргемізді бүтіндедік. Мешіттеріміз ашылып, медреселеріміз бой көтерді. Құрбан айт мерекесі демалыс күні болып жарияланып, құлшылық жасауға мүмкіндік алдық. Мұның бәрі – тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген айтулы жетістіктеріміз. Алайда біз бұл жетістіктерімізбен марқайып қалмай, алға жылжи бергеніміз абзал.

Президент мақаласында: «Жаһандану кезінде ел жат жұрттың ықпалына бейса­налы түрде ілесіп кеткенін аңғармайды. Бас­қаша айтқанда, мәжбүрліктен емес, санасының улануы арқылы өз еркі­мен торға түседі. Сондықтан жаңа заман­­н­ың жақсы-жаманын екшеп, артық­­шылықтарын бойға сіңірумен қатар, тамырымызды берік сақтауымыз қажет. Ұлттық болмысымыздан, төл мәде­ниетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау – барлық өркениеттер мидай араласқан аласапыранда жұтылып кетпеудің бірден бір кепілі» деп атап өтті.

Шынында, бүгінгідей технология қарыш­тап, өркениеттер қақтығысып тұр­ған уақытта біз заман ағымына ілесуіміз қажет. Ол үшін, Президент айтқандай, үш қазық – ұлттық болмыс, төл мәдениет пен салт-дәстүр біздің негізгі бағдарымызға айналуы тиіс.

Ұлттық болмыс – қоғамның негізі, рухани қазынамыз. Ол – ана сүтімен бойға дарыған ана тіліміз, бабаларымыз бағдаршамына айналдырған асыл дініміз, Сақ, Ғұн дәуірінен бері жалғасып келе жатқан бай тарихымыз, ұлтты алға сүй­реп, ел мен жер мүддесі үшін тері мен қаны төгілген ұлы тұлғаларымыз. Ұлт­тық болмысынан, тамыр-табиғатынан айы­рылған адамда, қоғамда ешқандай мақсат-мұрат болмайды. Болмысынан айырылған жан тамыры жоқ ағаш секілді болады. Сондықтан ұлттық болмысқа берік болып қана қоймай, болмыс аясындағы жаңа креативті жобалар жүзеге асып жатса нұр үстіне нұр болар еді. 

Төл мәдениетіміз – біздің темір­қа­зы­ғымыз. Қазақ мәдениетінің негізгі қай­нар көзі – ұлттық құндылықтар. Қазақ­тың киіз үйінен бастап, бүкіл тұрмыс­тық құралдары, қыз ұзату, шілде­хана, тұсаукесер, сүндеттой секілді салт-жоралғыларының бәрі де – төл мәдениетіміздің тіректері. Сабырлы әрі салмақты болу, ашуға бой алдырмау, таза жүру, ар сақтау, қиянат қылмау, жа­ман жолға түспеу, асты адалынан жеу, ысырап етпеу, жігерлі де батыл болу секілді өмірлік ұстанымдар – бай мәде­ние­тіміздің бір көрінісі іспетті. Сондай-ақ төл мәдениетімізде «тыйым сөздер» деген жеке ұғым бар. Осының өзі-ақ төл мә­де­ниетіміздің тамыры тереңде жатқанынан хабар береді.

Салт-дәстүрдің халқымыздың діні мен сеніміне, тұрмысы мен тіршілігіне сіңге­ні сондай, ол ұлтымыздың бағыт алар те­мірқазығына, бұлжымас заңына айналды. Өйткені салт-дәстүріміздің тәлімдік, тәрбиелік, тағылымдық мәні үлкен. Атап айтқанда, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу сынды салттың астарында тәрбие мен әдеп жатыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқар­масы 2021 жылы атқаратын негізгі жеті ба­ғыт­тың бірі ретінде салт-дәстүрді наси­хаттау ісіне басымдық берді. Дін мен дәстүр – егіз ұғым. Дін мен дәстүр сабақ­тас­тығын насихаттау – барша дін қызмет­керінің асыл парызы болып қала бермек.

Мемлекет басшысы мақалада: «Біз әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құруды көздеп отырмыз. Кез келген істе әділдік қағидатын басшылыққа алсақ, бұған анық қол жеткіземіз. Мысалы, тұрғындардың тұрмысын жақсарта түспесек, еліміздің жетістіктері мен халықаралық табыстарын мақтан ету артық. Азаматтарымыз эконо­­микалық өсімнің игілігін сезіне алмаса, одан еш қайыр жоқ. Мен әрбір шешім­ді қабылдар сәтте осы ұстанымды бас­шы­лыққа аламын. Біз халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, барлық азаматтардың мүддесін бірдей қорғаймыз. Менің ұғымымдағы әділетті мемлекет дегеніміз – осы» деп атап өтті.

Расында, әділдік салтанат құрған қоғамда береке орнайды. Әділдік пен береке – бірін-бірі толықтырып тұратын құн­дылық. Біз имамдар форумында қабыл­даған «Жеті рухани қазық» құжатында әділдік принципін ұстануды – жеті рухани қазықтың бірі ретінде бекіттік. Әділдік принципін ұстануды әр адам өзінен бастау қажет деп ойлаймыз. Өйткені адам әуелі өзіне әділ болса, оның айналасы да сондай қарым-қатынас жасайды. Біз қо­ғам­дағы әділеттілік туралы насихат жұмыс­та­рымызды жалғастыра беретін боламыз.

Президент мақалада жастарымызды тағы­лымға толы тарихи құндылық­тарымызбен тәрбиелеп, тұлғалар өмірін өнеге етуге айрықша тоқталды. Тарих тұн­ған көрікті өлкелерімізді таныту қажет­тігін алға тартты. Мемлекет басшысы айт­қандай, жастар – қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Сондықтан өскелең ұрпақтың осындай әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалануымыз керек.

Біз күнделікті қызметімізде жас­тары­мыздың діни һәм заманауи білім алуына басты назар аударып келеміз. Осы бағытта бірқатар медреселеріміз колледж мәртебесіне ие болды. Діни басқарма жанындағы Жастар ісі секторының басты міндеті – өскелең ұрпақты шынайы патриотизмге тәрбиелеу. Жас буынға дер кезінде дұрыс бағыт бере алсақ, Абай айтқандай, дүниенің бір кетігін тауып, қаланары хақ.  

Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеу керектігін тілге тиек етті. Халқымызда: «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген қанатты сөз бар. Бұл әр адамның өмірлік ұстанымының біріне айналуы тиіс деп ойлаймыз. 

Қорыта айтқанда, дініміз бен дәстүрімізді, төл мәдениетіміз бен ұлттық болмысымызды берік ұстанып, осы жолда табандылық пен тұрақтылық танытып, бір үйдің баласындай бірлігімізді көрсетіп, қоғам игілігі үшін бірге қызмет етсек, бағындырар белесіміз бен алар асуымыз көп болмақ. Алла тағала халқымыздың мерейін қашанда үстем еткей. Әмин!

 

egemen.kz

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Құран жайлы 40 хадис: 3-ХАДИС Құран жайлы 40 хадис: 2-ХАДИС

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Бала тәрбиесіне қатысты басты мәселе
Қоғамда бала тәрбиесі мен оның құқығына қатысты мәселе талқыланып, белгілі азаматтар мен белсенді тұлғалар отбасы құндылығын сақтап қалу жайлы пікірін білдіруде. Ұл мен қыз өсіріп, оның тәрбиесі мен болашағы үшін жауапты әке ретінде бұл мәселеге үн қосып отырмын....
Қоғам Өткен күнге өкпе жоқ, келер күннен үміт көп
Біз – өткенге салауат айтып, Алланың арайлап атқан әрбір таңынан жақсылық күткен халықпыз. Рухымызды түсірмей, сын сағатында сағымызды сындырып алмауға тырысқан жоралы жұртпыз. Аллаға шүкір, осындай игі ниет пен бірліктің арқасында талай нәубетті кезеңнен аман шығып, қиындықты еңсеріп келеміз....
Қоғам Діни кадр сапасы артып келеді
«Молда бол, балам» деп бата берген, діни тұлғаны аса құрметтеген қазақ елінің бүгінгі ахуалы қандай? Тәуелсіздік алып, мешіт саны көбейіп, оған имамдық ететін маманның білім деңгейі басты талап болып отырғаны белгілі....
Қоғам Елбасы шарапаты
Ойшыл-ғұлама Әл Фудайл бір сөзінде: «Егер қабыл болар тілегімді білгенімде, басшыға арнайы дұға жасар едім», – деген екен. Мұның сырын сұрағандар «Қарапайым адамның шарапаты айналасына тисе, ал басшының игі бастамалары, халықтың болашағы жолындағы қадамдары мен шешімдері күллі қоғамға, қауымға, мемл...
Қоғам Дін бірлігі – тәуелсіздік тірегі
Егемен еліміз Қазақстанның бүгінгі жағдайы рухани келісім мен өзара түсіністіктің орын алуымен ерекшеленеді және бұл көрініс әлемдік деңгейде мойындалып отырғаны сөзсіз. Осы арқылы біз дінді тек уағыз-насихат жүргізу жұмысындағы құрал емес, ол бүгінгі қоғамдық қатынастарды реттеудің басты әрі қуатты...
Қоғам Жанболат САПАШОВ: «Подкаст сұхбаттарымыз көптің көңілінен шықты»
Елдегі пандемия жағдайына байланысты мешіттердегі діни насихаттар онлайн форматқа ауысқалы мінберде айтылатын уағыздарды монитор алдына отырып тыңдап келеміз. Осындай онлайн дәрістер мен сұхбаттарды жаңаша форматта өткізіп жүрген Алматыдағы «Орбита-3» мешітінің бас имамы, подкастер Жанболат Сапашовп...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Таң 07:05

Имсакқа дейін 00:54

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi