18 ТОННА КҮРІШПЕН ҰШЫР ЗЕКЕТІ ТАРАТЫЛДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Орталық мешітте қайырымдылық шарасына қатысты.
Қайырым мен берекеге толы рамазанда қала мешіттерінде пітір мен зекетін азық-түлікпен берген кәсіпкерлер мұқтаж отбасыларын қуантты. Соның бір көрінісі рамазанның соңғы күндері кәсіпкер азаматтың ұшыр зекеті ретінде егін түсімінен 18 тонна күріш таратуы болды. Қаланың 8 ауданына 1 тоннадан, 5 тонна күріш медресе-колледждерге беріліп, ораза айт күні Орталық мешітте 5 тонна күріш мұқтаж отбасыларына үлестірілді. Сонымен бірге бас имам Төлеби Оспан ораза айт мерекесімен құттықтап, балаларға арнап тәттілер салынған айттық сый таратты. Рамазан айындағы зекет, пітір садақаларыңыз қабыл болсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі