28-МАУСЫМ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ
Құрметті журналистер!
Сіздерді 28 маусым – кәсіби төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі күн еліміздің барша қалам ұстаған қауымы үшін айрықша мереке. Осынау елімізде толағай табыстар мен зор жетістіктердің жаршысы болып келе жатқан журналистердің рөлі маңызды. Алла Тағала дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық берсін! Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүруді нәсіп етсін! Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын, ұшқыр қалам иелері!
Құрметпен,
Алматы қаласының бас имамы
Төлеби Оспан