АЛАТАУ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІГІ ҚҰРБАН АЙТ ДАЙЫНДЫҒЫН ПЫСЫҚТАДЫ
Құрбан айт мерекесіне орай Алатау ауданы әкімінің апаратында Ауданға қарасты 14 мешіттің Бас Имамдары және аудандық полиция басшысы мен СЭС өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті.
Құрбан шалу орындары мен құрбан малдарының сатылу орындары анықталып, тазалық жұмыстарына жіті назар аудару тапсырылды. Биылғы жылы Алатау ауданында санитарлық нормаға сай деп танылған екі мешітте құрбан шалынатын болады. Атап айтқанда Әйгерім ықшам ауданында орналасқан "Әскер-ата" мешіті мен Қарасу ықшам ауданындағы "Мырзахмет" мешітінде құрбандық шалу рәсімдері өткізіледі. Ал Құрбан малдарының сатылу орны аудандағы Мөңке би көшесінде жоспарлануда.
Құрбан айт мерекесі берекелі болып, құрбандық қабыл болсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі