АЛАТАУ АУДАНДЫҚ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ
ҚМБД Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты "Алғабас" мешітінің ұйымдастыруымен әйел - қыздар секторы қайырымдылық шарасын өткізді.
Іс-шарада мешіттің шәкірттері мен кыз- келіншектері “Сенім” мүгедек балалар үйіне барып, Балаларды қорғау күнімен құттықтады. Ерекше балалардың ғажайып өнерлерін тамашалады. Іс-шара барысында көмек ретінде балаларға қажетті дәрі-дәрмектер берілді. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында тәттілер мен сусындар таратып, ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Келесі күні Онкологиялық ауруханада ем алып жатқан балаларға да барып, мерекемен құттықтады. Балаларға өздерінің сұрауы бойынша түрлі ойыншықтар апарып берді. Алладан дерттеріне шипа сұрап, балаларға бақытты ғұмыр тілеп бата жасалды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі