САУАТ АШУ КУРСЫНА ҚАТЫСҚАН БАЛАЛАРҒА ТАРТУ ЖАСАЛДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен қала мешіттерінде Балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шаралар болып өтті.
Жетісу ауданына қарасты "Әл-Мәдина" мешітінде сауат ашу курсына қатысып жүрген шәкірттерге мерекелік көңіл-күй сыйланды. Ислам ілімін бойына дарытып, Құран әліппесінен нәр алып жүрген 50 шәкіртті аудандағы "Максима" ойын-сауық кешеніндегі балаларға арналған бөліміне алып барды. Қызықты ойындар мен сауықтық бағдарлама балаларға қатты ұнады. Бағдарлама барысында тәттілер, дәмді сусындар мен пицца берілді. Ұстаздар мен шәкірттер көтеріңкі көңіл-күймен тарасты. Курс барысында тағы да осындай көңілді бағдарламалар жоспарлануда.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі