ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ (ФОТО)
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен бүгін Орталық мешіт алаңында Балаларды қорғау күніне орай ауқымды іс-шара өтті.
Орталық мешіттің дін қызметкерлері мен "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған ойын-сауық бағдарламалары балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Қалалық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мешіт жамағатының бүлдіршіндеріне арналған сахналық қойылымдар мерекенің көркін ашты. Орталық мешіт ұстазы Серік Ахметов балаларды мерекесімен құттықтап, ақылды да білімді болып ер жетулеріне дұға жасады. Балалар үшін арнайы аттракцион-батуттар орнатылып, түрлі қызықты ойындар ойнатылды. Белсенді бүлдіршіндерге интерактивті ойыншықтар таратылды. Ұйымдастырушылар мен демеушілерге бала болашағымыз деп білген ата-аналар зор алғысын айтты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі