АЛАТАУ АУДАНЫНДА РАМАЗАН КӨРІНІСТЕРІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Алатау ауданы мешіттері рамазан айының жоспарын қорытындылады.
Қасиетті де берекелі Рамазан айында Алатауа ауданында түрлі қайырымдылық жобалары атқарылды. Аудан бойынша жалпы салмағы 3 тоннадан астам азық-түлік қоржыны 600 отбасына үлестірілді.163 көмекке мұқтаж отбасына 4,5 миллион теңгені құрайтын пітір және зекет қайырымдылықтары таратылды. Отыз күн оразада аудан мешіттерінде 73 800 адамға ауызашар берілді. Екі жылғы үзілістен соң айт намазына жиналған жамағат мешіт пен ауласына лық толды. Ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылып, айттық дастархандар жайылды. Жамағат мерекелік көңіл-күймен айттан-айтқа жетуді тілеп тарады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі