АЛМАТЫ: "ИСЛАМ - ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІК ДІНІ" АЯСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы 2022 жылды "ИСЛАМ - ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІК ДІНІ" жылы деп жариялауына орай Алматы қаласы Орталық мешітінде қала имамдарына семинар өтті.
Семинарды ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы, Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай қажы Байкемелұлы және Алматы қаласының бас имамы, әрі семинар модераторы Төлеби Дәділұлы жүргізді. Наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы "Ісіне жауапкершілік – ынтымақ кепілі" жайлы сөз қозғаса, Кенжетай қажы Байкемелұлы "Бірліктің діңгегі Аллаға иман (Мұсылмандар бір дененің ағзалары іспетті)" тақырыбында баяндама оқыды. Семинарға аудан имамдары мен қала мешіттерінің бас имамдары қатысты. Мүфтият бекіткен жоспарға сәйкес алдағы уақытта атқарылар іс-шаралар талқыланды. Шара соңында ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға оқылып, бата жасалды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі