АЛМАТЫ: АЛАТАУ АУДАНЫ МЕШІТТЕРІНІҢ БІР КҮНІ
Алматы қаласы Алатау ауданының бас имамы Амантай Садиев ауданға қарасты мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысып шықты.
Бүгінде Алатау ауданына қарасты 14 мешіт бар. Құлшылық үйінің жамағатқа жайлылығы, тазалық жұмыстары тексерілді. Алдағы рамазан айына дайындық шаралары пысықталып, жоспар жасалды. Мешіттердегі дәрісхана, құран оқу залдары, асхана, дәретханалардың тазалық жұмыстарына баға берілді. Аудан имамы Амантай Садиев мешіттің бас имамдарына құлшылық үйінің жамағат үшін әрдайым жайлы орын болуын қадағалауды тапсырды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі