АЛМАТЫ: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ ӘЗ-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы өкілдікке қарасты әйел-қыздар секторы ұйымдастыруымен дін мен дәстүр аясында неке қию рәсіміне қатысты.
Алматы Орталық мешітінің ұстазы Гүлмира Ілесбайқызы мешіттің әйел-қыздар жамағатымен ұлттық Әз-Наурыз мерекесіне орай "Наурыз көже" дастарханын жайды. Жас жұбайлардың некесі қиылып, ақ жаулықты аналар мен мешіттің тұрақты жамағаты болған әжелер ұлттық тағамдар мен наурыз көже ұсынды. Әжелер қауымы қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеп, инабатты қыз бен ибалы келін тәрбиелеудегі тәжиребелерімен алмасты. Алматы Орталық мешітінің 20-жылдан астам тұрақты жамағаты 82 жастағы әже дәмі тіл үйірген Наурыз көже жасаудың құпиясымен бөлісті. Өз қолымен дайындаған Наурыз көжесінен барша әйел жамағаты дәм татты. Ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға оқылып, бата жасалды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі