АЛМАТЫ: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ ҚҰРАН ХАТЫМ ЖАСАДЫ
Алматы Орталық мешітінің ақ жаулықты аналар мен әжелерден құралған тұрақты жамағаты кезекті хатым Құран түсірді.
Бірнеше жылдан бері мешітте сауат ашу дәрістерін үзбей, татулығы мен ынтымағы жарасқан әжелер тобы ел амандығы үшін ұдайы хатым Құран оқып отырады. Кезекті кездесуге Орталық мешітке жиналған ардақты аналар Жаңа Қазақстан үшін, ел тұтастығы мен ынтымағы үшін бірлесе Құран хатым түсірді. Ақ жаулықты әжелер бата жасап, қала халқына тыныштық пен татулық тіледі. Алла аналардың дұға-тілектерін қабыл етсін! Әумин!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі