АЛАТАУ АУДАНДЫҚ МЕШІТТЕРІ САУАТ АШУ КУРСЫН ЖҮРГІЗУДЕ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен қала мешіттерінде балаларға арналған жазғы сауат ашу курстары өткізіліп жатыр.
Алатау ауданына қарасты мешіттерінде "Имани жаз" атты жазғы сауат ашу курс бағдарламалары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Биылғы шәкірттердің жалпы саны 436 мектеп оқушылары. Оның ішінде 318 ұл бала мен 118 қыз балалар. Мектептен тыс, демалыс мерзімінде қолға алынған бұл бастама оқушы балалардың танымын ашып, мұсылманша әліпби үйренуіне жол ашу болмақ.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі