АЛМАТЫ: НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫНА ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан "Әбу-Бәкір" мешітінде қасиетті құлшылық - Қажылық тақырыбындағы жұма уағызын жүргізіп, жамағатқа исламның бесінші тірегі тұрғысында насихат айтты. Қасиетті жұма намазына жиналған жамағатқа ҚМДБ Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен "Әбу Бәкір" мешітіне жаңадан бас имам болып тағайындалған Нұрбол Тағаевты таныстырды.
Бас мүфти бұйрығында: "Нұрбол Тағаев 2022 жылдың 10 маусымынан ҚМДБ Республикалық ислами бірлестігінің филиалы Алматы қаласы Жетісу аудандық "Әл-Мадина" мешітінің ұстазы қызметінен босатылып, Наурызбай аудандық "Әбу Бәкір" мешітіне бас имам болып тағайындалсын", - делінген.
Сондай-ақ Бас мүфти бұйрығымен "Әбу Бәкір" мешітінде бас имам болып қызмет атқарған Әсет Аташев Наурызбай ауданында жаңадан ашылған "Мұхаммед әл-Әмин" мешітіне бас имам болып тағайындалды. Мешіт жамағаты мен ақсақалдар Әсет имамға алғысын айтып, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты. Алдағы қызметіне сәттілік тілеп бата берді.
Тағаев Нұрбол Сайлауұлының білімі мен біліктілігі:
2003-2006 ж.ж. Сарыағаш медресесінде білім алған.
2006-2007 ж.ж. Египет қаласындағы Әл-Азһар институтының дайындық курсын оқыған.
2007-2008 ж.ж. Әл-Азһар иститутын тәмамдаған.
2008-2012 ж.ж. Әл-Азһар университетінің "Дін негіздері" факультетінің "Құран және Тәпсір" бөлімін тәмамдаған.
2018-2019 ж.ж. Қарағанды қаласындағы "Болашақ академиясы" Құқықтану негіздерінің магистрі.
Еңбек өтілі:
2013-2018 ж.ж. Қарағанды облыстық "Әнет Баба" мешітінің ұстазы.
2013-2019 ж.ж. ҚМДБ "РАНТ" мүшесі.
2018-2020 ж.ж. Жезқазған қаласы. "Ахмет ишан Оразайұлы" мешітінің бас имамы.
04.12.2020 ж.ж. Алматы қаласы "Әл-Мадина" мешітінің ұстазы қызметін атқарған.
2022 жылдың 10 маусымынан бастап Наурызбай аудандық "Әбу Бәкір" мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.
Үйленген, 3 баласы бар.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі