АЛМАТЫ: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫ МӘУЛІТ КЕШІН ӨТКІЗДІ
Алматы орталық мешіті әйел ұстаздарының ұйымдастыруымен шәкірттер мен әйел жамағатына арнап мәуліт кеші өткізілді.
Мәуліт кешінің мақсаты Пайғамбар өмірін насихаттау. Шара барысында әз-Пайғамбар өмірінен ғибратты әңгімелер айтылып, сахналық көріністер қойылды. 2 бөлімнен құралған бағдарламада қонақтар арасында викториналық сұрақ-жауап айдары мен сөздерден ғибратты хадистер құралды. Пайғамбарымыздың соңғы сәттері жайлы видео-ролик көрсетілді. Ұстаз Айнұр Жарқынбекқызы Алла Елшісінің өнегелі өмірінен үзінді айтып, сұрақ-жауаптарға белсенді қатысқан қыз-келіншектерге сыйлықтар табыстады. Өнегелі өмір көрінісі мен ғибратты әңгімеден әсер алған әжелер шәкірттерге ақ батасын берді.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі