АЛМАТЫ: "БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ҚАДАМ" АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен "Жас қанат" ықшам ауданындағы "Абдулла" мешіті мен " Қайрат" мешітінде әйел-қыздар жамағатының діни сауат ашу курс шәкірттеріне семинар өтті.
Құран үйреніп жүрген қыз-келіншектер арасында "Бала тәрбиесіне қадам" тақырыбында кездесу семинары өткізілді. Жас аналар бір-бірімен бала тәрбиесіндегі діннің маңыздылығы мен ұлттық-рухани тәрбие жайлы ой бөлісті. Білікті ұстаздар мен білімді шәкірттер дін мен дәстүр ұласқан тәрбие негізіндегі тәжірибиелерімен бөлісті.
Түркісб ауданы мешіттерінің сауат ашу курстарындағы әйел-қыздар секторына жауапты ұстаз Гулмира Ілесбайқызы өзінің көп жылдық ұстаздық тәжірибиесінде әйел кісілердің білім алуының отбасындағы маңыздылығына тоқталып: "Береке - бұл көзге көрінбейтін, сатып алынбайтын, Алланың бір сыры. Құран оқу – берекенің бұлағы! Құранда Алла Тағала айтады: «Біз түсірген бұл Құран береке әкеледі және өзінен бұрынғы түсірілгендерді мақұлдайды» (Анғам сүресі, 92 аят) Үйде Құран оқылса, ол үйде Алланың берекесі мен рахымы нұр болып жауады. Әйелге береке келсе мінезі салихалы болады. Ісі оңды болып, ризыққа береке кіреді. Ол үйде махаббат пен сүйіспеншілік, ынтымақ орнайды", - деп, салихалы ұрпақ тәрбиелеуде аналардың білім алуының маңыздылығын айтты. Берекелі дастарханда сұхбат жүргізіліп, көкейде жүрген сұрақтарға жауап берілді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі