АЛМАТЫ: БАС МҮФТИ ҚОС ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ
Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған сапары аясында «Ел Үлесі - пәтерге» акциясымен қос пәтердің кілтін табыстады.
Қасиетті Рамазан айы қарсаңында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры, Алматы қаласы бойынша өкілдігі «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында Республика бойынша 540, 541-баспана кілті иелеріне берілді. Қуанышқа бөленген жаңа пәтер иелері Мамырбаева Эльмира мен Маралова Гүлжауһар баспанаға мұқтаж көпбалалы аналар. Алматы қаласы бойынша 15, 16 - баспананы табыстаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құттықтау сөз сөйлеп, қоныс иелеріне ақжарма ақ тілегін арнады. «Жаңа пәтерлеріңізді Алла құтты етсін, іші жанға сырты малға толсын. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз елге қайырлы азамат болып өсе берсін. Қолдау көрсеткен баршаңызға Алла разы болсын», - деді Бас мүфти. Айта кетсек, қайырымдылық шарасы Алатау және Түрксіб аудан имамдарының тікелей ұйытқы болуымен жүзеге асырылды. Игі істеріне Алла мол сауаптан жазсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі