ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ 1000 АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен ерікті жастар бірігіп 1000 адамға ауызашар дастарханын жайды.
Сауапты іске атсалысқан блогер Дамир Аманжолов ұйымшыл жастардың басын қосып, мешіт жамағатымен бір дастарханда ауыз ашты. Бас имам Төлеби Дәділұлы рамазан айындағы сауапты амал жайында уағыз айтып, ұйымдастырушылар мен жастарға алғысын жеткізді. Дәстүрлі жарапазан жыры айтылған ауызашарда жастар сұрақтарға жауап беріп, жеңімпаздарға кәдесыйлар үлестірілді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі