"ХАЛАЛ ДАМУ" МЕШІТТЕРГЕ ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗДІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Халал даму" ЖШС Алматы қаласы бойынша өкілі Чадаев Маратхан, технолог Сыдық Әселхан және 8 ауданға жауапты өкілдері тексеріс жұмыстарын жүргізді.
Рамазан айына орай ауызашар өткізіліп жатқан мешіттерде азық-түліктің Халал стандартына сай қолданылуы тексерілді. Санитарлық талаптар орындалуы жіті қадағаланды. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нұсқаулықтар берілді. Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша 47 мешітте ауызашар беріліп жатыр. Сондай-ақ Алатау ауданы бойынша "Халал Даму"-дың жауапты маманы Сұлтанбек Ауелбеков те аудандағы мешіттердің рамазан ауызашарына дайындық жұмыстарымен танысып, Халал стандартына сай келуін тексеріп шықты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі