АЛМАТЫ: БЕЛСЕНДІ ИМАМДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспан жыл басында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен жеті бағыт аясында 2021 жылды қорытындылады.
Әр ауданға қарасты мешіттердің жыл бойы жеті бағыт бойынша атқарған жұмысы жинақталып, орындалу деңгейі мен көрсеткішіне сәйкес имамдарды алғыс хаттармен марапаттады. Жат діни ағыммен күрес бағытында аянбай еңбек еткен Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Руслан Қайыргелдіге Умра қажылығының сертификаты табысталды.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы сонымен қатар дін насихатында аталмыш бағыттар бойынша белсенділік танытқан дін қызметкерлерін де алғыс хатпен марапаттап, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай 30 мың теңге сыйақы тағайындады.
Алғыс хатта: «Алла Тағала әрдайым жақсылықтың жаршысы болуды жазғай. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық және өміріңізге береке тілеймін. Ел игілігі үшін атқарып жүрген қызметтеріңізге Жаратқан Ием жар болып, мерейіңіз үстем болғай! Тәңірі Тағала Тәуелсіздігімізді тұғырлы еткей! Әумин!», - делінген.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі