АЛМАТЫ: "БҮГІНГІ ХАДИШАЛАР" РУХАНИ КЕШІ ӨТТІ
ҚМБД Алматы қаласы өкілдігі, Алатау ауданына қарасты Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы мешітінің ұйымдастыруымен әйел - қыздар арасында "Асыл аналар" кітабы бойынша "Бүгінгі Хадишалар" атты рухани кеші өтті.
Іс-шарада мешіттің шәкірттері мен кыз- келіншектер 4 топқа бөлініп, сайысқа түсті. Бұл іс-шарада қыз-келіншектер ислам тарихында өшпестей із қалдырған, өз дәуірін иман нұрымен айшықтаған асыл аналарымыздың өнегелі өмірі жайлы ілім нәрімен сусындап, рухани азық алды.
Рухани кешті "Д.Қонаев" мешітінің бас имамы Мейіржан Рахматуллаұлы кемел аналарымыз бен сахаба әйелдер жайлы уағыз айтумен кеш шымылдығын ашты..
Сайысқа қатысушы қыздар аналарымыз жайлы сұрақтарға жауап беріп, асыл аналарымыз жайындағы өнегелі өмірі көрініс арқылы дәріптелді. Топтардың білімдерін, өнерлерін сараптауға мешіттің әйел ұстаздары Меруерт Әзімбайқызы, Ләйлә Серікбайқызы, Ләйлә Раязқызы қазылық етті. Іс-шарада Хадиша (р.а) Фатима (р.а) және Асия мен Мариям аналарымыз жайында көрініс пен монологтар айтылды. Қатысушылар мен әділқазыларға бағалы сыйлықтар беріліп, көрермендер арасында аналарымыз бен сахаба әйелдер жайлы сұрақ-жауап жеңімпаздарына сыйлықтар берілді.
Рухани кеш қыз-келіншектерге әсерлі де қызықты өтті.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі