АЛМАТЫ: Д.ҚОНАЕВ МЕШІТІНДЕГІ ЖҰМА НАМАЗЫ
Бүгін ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы Алатау ауданына қарасты Д.Қонаев атындағы мешітінде жұма намазын жүргізді.
Наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы жиналған көпшілік жамағатқа "Өмір құндылықтары" жайында уағыз айтты. "Өмір – адам баласына берілген басты құндылық. Адам баласы Алла Тағаланың сыйлаған ғұмырының әр сәтін бағалап, оны өзіне ізгілік амалдар жасауға берілген мүмкіндік деп түсінуі қажет", - деп, өмірдің аманат екендігін білу, өзіне қол жұмсаудың жазасының ауыр екендігін ескеру, тағдыр тауқыметіне сабыр ету, үмітсіздікке салынбау сынды тақырыптардан құралған әсерлі уағызды жамағат жүрегіне жеткізді. Ел тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалып, жамағатпен жұма намазы оқылды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі