АЛМАТЫ: ТҮРКСІБ АУДАНЫ МЕШІТТЕРІНІҢ БІР КҮНІ
Алматы қаласы Түрксіб ауданының бас имамы Ержан Абдраманов ауданға қарасты мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысып шықты.
Түрксіб ауданына қарасты 8 мешіт бар. Құлшылық үйінің жамағатқа жайлылығы, тазалық жұмыстары тексерілді. Алдағы рамазан айына дайындық шаралары пысықталып, жоспар жасалды. Мешіттердегі дәрісхана, құран оқу залдары, асхана, дәретханалардың тазалық жұмыстарына баға берілді. Аудан имамы мешіттің бас имамдарына құлшылық үйінің жамағат үшін әрдайым жайлы орын болуын қадағалауды тапсырды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі