АЛМАТЫ: "ХАЛАЛ ӨНІМДЕР - САПА МЕН ТАЗАЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ" АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін Алатау ауданына қарасты "Заря Востока" мешітінде "Халал өнімдер - сапа мен тазалықтың кепілі" атты семинар-дәріс өтті.
Семинарды Алатау ауданының бас имамы Амантай Садиев өз алғысөзімен бастап, Алматы қаласы халал даму орталығының жауапты маманы Чадаев Маратхан мен Алатау ауданы Халал стандарт бөліміне жауапты маман Ауелбеков Сұлтанбек жүргізді. Іс-шараны Заря Востока мешітінің бас имамы Қазбек Ахметов ұйымдастырды. Аудан шеңберінде орналасқан сауда орындары, атап айтқанда "Дөнер" орталықтары мен асхана желілерінің иелері қатысты. Семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Нұр-сұлтан қаласындағы "Халал стандарт" бөлімінің технологы Айзат Ермекқызы арнайы қатысып, келушілерге дәріс өткізді.
Семинардың мақсаты - Қоғамдық ас ішу желілерінде сапа мен тазалықтың Халал стандартқа сай болуы.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі