АЛМАТЫ: ИХСАН, РУХАНИ ЖҰМА КЕШІ ӨТТІ
Алматы қаласы Бостандық аудандық «Байкен» мешітінің ұйымдастыруымен «Ихсан, Рухани Жұма кеші» атты шара өтті.
Рухани іс-шара «Байкен» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қаридың Алматы қаласының Бас имамы Төлеби қажы Оспанды жамағатқа таныстырумен басталды.
Алматы қаласының Бас имамы Төлеби қажы «Тағат құлшылықта – Аллаға жақын болу» тақырыбында мешітке жиналған жамағатқа уағыз айтты. Осыдан кейін жайылған дастарханға мешіттің тұрақты жамағаты Абдусұлтан ақсақал бата берді.
Дастархан басында жамағатқа https://kahoot.it бағдарламасы арқылы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір-тарихынан, ғибадатқа қатысты мәселелерден және ұлтымыздың салт-дәстүріне байланысты сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, дұрыс жауап берген сайыскерлерге арнайы сыйлықтар берілді.
Кеш соңында Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан ұйымдастырушылар мен мешіт жамағатына алғысын білдіріп, рахметін айтты. Жеңімпаздарға арналған сыйлықтарды үлестіріп батасын берді.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі