АЛМАТЫ: ҚАЛА МЕШІТТЕРІНДЕ ПӘТУА САҒАТЫ ӨТКІЗІЛЕДІ
ҚМДБ Алматы қаласы өкілдігінің бастамасымен қала мешіттерінде жұма намазынан кейін пәтуа сағатын өткізу қолға алынды.
Әр жұма намазынан кейін қала тұрғындары мен мешіт жамағаты білікті пәтуа мамандарынан көкейлерінде жүрген діни сұрақтарға жауап алуына болады. 29 қазан күні Медеу ауданы "Омар ибн аль Хаттаб" бастау алған іс-шара кезекті жұмада Бостандық ауданы "Байкен" мешітінде жалғасын тапты. Айта кетейік бұл бастама қала бойынша мешіттерде алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіледі. Пәтуа сағаты туралы мешіттерде қосымша хабарландыру айтылады.
Алматы орталық мешіті баспасөз қызметі