АЛМАТЫ: ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА СЫЙАҚЫ ТАБЫСТАЛДЫ
ҚМДБ Наиб мүфтиі Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы Алматыдағы мүфтият кеңсесіндегі қызметкерлерді ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.
Наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, ел Тәуелсіздігімен қатар дін қызметінде ел үшін жемісті еңбек етіп жүрген мүфтият қызметкерлеріне алғысын айтты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тәуелсіздік жылдарындағы атқарылған ауқымды жұмыстарына тоқталған наиб мүфти, дін қызметінде аянбай еңбек етіп келе жатқан әрбір қызметкердің үлесі зор екенін атап өтті. Кенжеәлі қажы Мырзабаев демеушілер тарапынан Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы мен мүфтияттың төл басылымы "Иман" журналы, "Мұнара" газеті ұжымына, бас есепші мен "Tawaf travel" қажылық фирмасының ұжымына, заңгер, "Зекет" қоры қызметкері және Munara.tv телеарнасының директорына ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сыйақы ұсынып, алдағы жылда еңбектеріне сәттілік, отбасына амандық тіледі.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі