АЛМАТЫ ИМАМДАРЫ СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ (ФОТО)
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен қала мешіттерінде тазалық жұмыстары жүргізілді.
«Тазалық - иманның жартысы» деп білген дін қызметкерлері сенбі күні жаппай құлшылық үйлеріне тазалық жұмыстарын жүргізіп, аулаларды қоқыстан тазартты. Әбу һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Алла Тағалаға елді мекеннің ең көрікті жерлері – мешіттер». Алла Тағала өзінің пенделерінің құлшылық жасайтын орнын басқа барлық мекендерден қайырлы әрі сүйікті еткені белгілі. Алдағы қасиетті рамазан айына дайындықтың алғашқы қадамын Алла үйінің тазалық жұмыстарынан бастаған имамдарға жамағат та жұдырықтай жұмылып, мешіттерді мұнтаздай етті.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі