«ҚАМҚОР-ШАРАПАТ» САЛТТЫҚ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Алматы қаласы Медеу ауданының имамдары «Нұрлы» мешітінде «Қамқор-шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының жұмыс жоспарымен танысты.
Алматы қаласы Орталық мешітінде «Қамқор-шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының өкілдігі ашылған болатын. Осы орталықтың директоры Талғат Дайрабайұлы өзекті мәселе болып табылатын жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру, жаназа, ас беру кезіндегі дәстүр, әдеттерді жүйелеу бойынша жұмыс жоспарымен таныстырып, жерлеу рәсімінде діни қызметкер тарапынан атқарылатын діни рәсімдерден бастап мәйіт көмілген соң қабірге қойылатын құлпытастың шариғат шарттары бойынша қандай болу керектігіне тоқталып, егжей-тегжейлі баяндап түсіндірді.
Сонымен қатар «Қамқор-шарапат» салттық қызметі жолға қойылып, мәйітті арнайы тасымалдау үшін Орталық мешітте арнайы автокөлік (катафалк) алынғанын хабарлады. Жиынға «Қамқор-шарапат» салттық қызмет көрсету бойынша сегіз ауданнан жауапты мамандар қатысты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі