АЛМАТЫ: ИМАМНЫҢ ЕМІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
ҚМДБ Алматы өкілдігі "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен "Өмірге үміт сыйла" қайырымдылық шарасы аясында дін қызметкеріне көмек көрсетілді.
Алматы қаласы, Наурызбай аудандық “Әбу Бәкір” мешітінің наиб имамы, 39 жыл дін саласында қызмет етіп келе жатқан Үсен Қалданұлы бүгінде ауыр дертке шалдыққан болатын. "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен Үсен имамның отасы мен еміне 1 000 000 теңге қаржылай көмек берілді. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы арнайы Үсен имамның шаңырағына барып, жары Айсара ханымға қаржылай 1 000 000 теңге табыстап, дертіне шипа тіледі.
Үсен имам онлайн ватсап желісі арқылы байланысқа шықты. Үсен имамға қолдау білдіріп, барша атсалысқан жандарға алғысын білдіреміз
Қайырымдылық іске атсалысқан барша жанға Алла разы болғай!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі